Сүзгіш
Сөз сөйлеулер
Бағыт бойынша:
Об итогах внешней и взаимной торговли товарами Таможенного союза в январе-июне 2012 г.
28 августа 2012 | Таможенно-тарифное регулирование
По оперативным данным объем внешней торговли товарами государств – членов Таможенного союза за январь-июнь 2012 г. составил 459,6 млрд. долларов США, в том числе экспорт – 302,9 млрд. долларов США, импорт – 156,7 млрд. долларов США. Стоимостной объем экспорта по сравнению с январем-июнем 2011 г. в текущих ценах увеличился на 9,7%, или на 26,9 млрд. долларов США, импорта – на 4,8%, или на 7,2 млрд. долларов США.
ЕАЭО цифрлық нарықтарды реттеудің жаңа әдістерін игереді – ЕЭК министрі
24 ақпан 2021
| Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-да бизнес жұмысының жағдайын тұрақты түрде жақсартып отырады және оның бағыттарының бірі монополияға қарсы реттеу механизмдерін жетілдіру болып табылады. 18 ақпандағы Монополияға қарсы форум барысында ЕЭК ұсынғандай, Еуразиялық одаққа монополияға қарсы комплаенс үшін жаңа тәсілдемелер қажет, өйткені қазіргі бар нормалар бірыңғай стандарттарға келтірілмеген. Мәселе соның ішінде цифрлық нарықтарға да қатысты, оларды дамыту пандемияның және оған ілеспе шектеулердің ықпалымен жанданды. ЕЭК қазір бәсекелестікті қорғау бойынша қандай шараларды пайдалануда, ол туралы «Еуразия.Экспертке» берген сұхбатында Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Арман Шаққалиев әңгімелеп берді.
«Бизнес ЕЭК күн тәртібін айқындауға, ал біз – бизнесті естуге тиіспіз»
24 ақпан 2021
| Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
«Бәсекелестік және құқық» журналында жарияланған, № 1, 2021 ж.
Еуразиялық экономикалық комиссияның монополияға қарсы блогы өткен жылы бәсекелестікті қорғау саласында басты ньюсмейкерлердің бірі болды. Реттегіштің ауқымы және жоспарлары: бәсекелестікке қарсы диджитал- практикалармен күрес, бейіндік гайдлайндар әзірлеу, үшінші елдердің компанияларына ЕЭК өкілеттіктерін кеңейту, ұлттық деңгейдегі комплаенс жүйесін енгізу және бизнеспен өзара іс-қимыл жасаудың интерактивтік форматы. 2020 жылғы блок жұмысының басты қорытындылары қандай? 2021 жылға қандай мақсаттар қойылған? Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Арман Абайұлы Шаққалиев әңгімелейді. Монополияға қарсы «цифрмен» реттеу туралы.
ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянның ЕАДБ конференциясында сөйлеген, «Ведомости» газетінде «Толық интеграцияланбауды еңсеру» атты жарияланған сөзінің тезистері
14 желтоқсан 2016
| ЕЭК Алқасының Төрағасы
Мен, Еуразиялық кеңістікте әлі іске қосылмаған экономикалық өсудің орасан
зор әлеуеті бар деп санаймын. Мен бүгінде құрылған ұлтүсті институты біздің
елдеріміздегі экономикалық өсуді мықты ынталандыра алатын негізгі құрал деп
ойлаймын. Себебі, біздің негізгі миссиямыз
бойынша біз елдерде жинақталған үздік практикаларды қорытуға және
халықаралық тәжірибені, Еуропалық одақ тәжірибесін ескере отырып, елдерімізде
экономикалық өсуді ынталандыруы тиіс жаңа ұлтүсті институттарын енгізуге
тиіспіз.
Біздің
Одақ шартының негізіндегі аксиоматика мынаны білдіреді: егер біз бірыңғай
экономикалық кеңістік құрсақ, тосқауылдар мен шектеулерді, алып қоюларды
жойсақ, тауарлардың, қызметтер көрсетудің, капиталдың, жұмыс күшінің еркін
қозғалысына жағдай жасасақ, онда осының өзі экономикалық өсу үшін өте елеулі
әлеует қамтиды
ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министр Карине Минасянның ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты: «ЕАЭО-дағы инновациялар тәуекелі көтермеленуі тиіс»
18 қараша 2016
| Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс жасай бастады, оған бүгінде бес ел кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей. Егер бұдан 20 жыл бұрын еуразиялық интеграция пайда болған кезде әңгіме сауда ынтымақтастығы туралы болса, қазір күн тәртібі бірте-бірте кеңейді. Қарқынды ақпараттық-технологиялық даму одаққа жаңа сын-қатерлер әкелді. Онлайн-сауданы реттеу, интернет заттары саласындағы заңнама бойынша бірлесе жұмыс істеу, электрондық үкіметтің өзара іс-қимыл жүйесін әзірлеу, тәуекелдік қаржыландыру нарығын құру және жалпы инновацияны бірлесіп дамыту қажеттілігі туды.
Сондықтан осы жылы ЕАЭО реттеуші органы Еуразиялық экономикалық комиссия қызметтің жаңа бағытын құрды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – бірыңғай цифрлық кеңістік құру, цифрлық технологияларды дамыту.
«Еуразиялық апта» форумының қорытындысы бойынша өткен және интеграциялық ынтымақтастықтың жаңа бағытын құрудың бірінші жылдығы қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі Карине Минасян ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында бұл салада атқарылып жатқан істер туралы айтып берді.
Беттер:
|
|
|