Жүйеге кіру
Беларусь Иранмен ЕСА құруға алып келетін уақытша келісімнен экспорттың екі есе өсуін күте алады

Беларусь Иранмен ЕСА құруға алып келетін уақытша келісімнен экспорттың екі есе өсуін күте алады

IMG_20180709_162506_266.jpg
09.07.2018

Сарапшылардың болжамдары бойынша, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісім жасасудың нәтижесі Беларусь Республикасынан бұл елге экспорттың екі есе өсуі болуы мүмкін. Бұл туралы 9 шілдеде Минскіде өткен Беларусь Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің басшыларына арналған жыл сайынғы семинарда ЕЭК-тің Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Вероника Никишина мәлімдеді.

Беларусь Республикасының дипломатиялық миссиялары өкілдері министрдің  Одақтың үшінші елдермен сауда-экономикалық келісімдер жасасу перспективалары мен нәтижелері туралы баяндамасына аса  қызығығушылық білдірді.

«Беларусь Республикасы өзінің ЕАЭО-дағы саудасының жоғары дәрежесі есебінен сауда-экономикалық келісімдер жасасудан барынша көп пайда алатынына сенімдімін. Модельдеу  нәтижелері Беларусь Республикасы үшін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасынан  экспорттың өсуінің  ең жоғары қарқынын болжауда. Иран Ислам Республикасымен еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісім жасасу қорытындылары бойынша экспорттың өсуі 101,13% құрауы мүмкін», - деп атап өтті Вероника Никишина.

Үшінші елдермен сауда келісімдерін жасасу мәселелерінен өзге, ЕЭК министрі  кездесуге қатысушыларды Одақтың сыртқы сауда қызметін реттеуді, соның ішінде кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, тауарларды таңбалау, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық шаралар қолдану, үшінші елдерге қатысты артықшылықты және жеңілдікті сауда режимдерін орнату және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл салаларында дамыту және іске асыру жөніндегі ахуал туралы хабардар етті.  

Анықтама

Іс-шараға дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің басшыларынан басқа, Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Макей, Беларусь Республикасының Байланыс және ақпараттандыру  министрінің бірінші орынбасары Дмитрий Шедко, Беларусь Республикасының Президенті жанындағы Басқару академиясының ректоры Геннадий Пальчик, Беларусь Республикасының Президенті Іс басқармасының Гуманитарлық қызмет жөніндегі департаментінің  директоры Валерий Скакун,  «Беларусь Республикасының Даму банкі» ААҚ басқармасы төрағасының орынбасары Иван Вареница қатысты.