Жүйеге кіру
Сөз ЕАЭО Сотына беріледі: спортшылар-легионерлер туралы мәселені қарау күні тағайындалды

Сөз ЕАЭО Сотына беріледі: спортшылар-легионерлер туралы мәселені қарау күні тағайындалды

07.08.2018
12 қарашада Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) спортшылардың ұлттық спорттық іс-шараларға азаматтығынан тәуелсіз қатысуына цифрлық шектеулерді белгілеудің Одақ құқығына сәйкестілігі туралы мәселе қаралатын Сот отырысы өтеді. Осы мәселе бойынша сотқа консультативтік қорытындыға жүгінген Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) мәлімдеуші болды.

ЕАЭО туралы Шартпен Одақ шеңберінде жұмыс күшінің еркін орын ауыстыру қағидаты бекітілген. Мүше мемлекеттер еңбектің ұлттық нарығын қорғау мақсатында олардың заңнамасымен қаралған шектеулерді белгілемеуі және қолданбауы тиіс. Ұлттық қауіпсіздікті және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсаттарына жауап беретін шектеулер ерекшелік болып табылады.

Комиссия мүше мемлекеттердің Одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберінде кәсіби спортшыларды-ЕАЭО елдерінің азаматтары еңбек қызметіне тартуға қатысты міндеттемелерін орындауды мониторингілеуді жүргізді.

Мониторинг қорытындылары бойынша мүше мемлекеттерде осы салада белгілі бір шектеулер бар екені анықталды, атап айтқанда белгілі бір спорттық іс-шараларда спортшы-легионерлердің, яғни шетелдіктердің қандай саны қатыса алатыны айқындалды. «Легионер» түсінігіне Одақ елдерінің азаматтары да жатады, бұл ақыр аяғында олардың жұмысына кедергі болады.

Комиссия пікірі бойынша, ұлттық спорттық іс-шараларға шетел спортшыларының лимиттері мүше мемлекеттер азаматтарына тарамауы және Одақ шеңберінде халықаралық міндеттемелермен көзделмеуі тиіс. Осы пікірмен Ресейді қоспағанда, ЕАЭО барлық елі келісіп отыр. РФ пікірірі бойынша, спорт саласындағы оның заңнамасында көзделген квоталардың болуы ЕАЭО туралы шартты бұзбайды, ол кәсіби спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады; бұл шара спортшыларды дайындау үшін жағдайларды жасауға бағытталған.

Анықтама
2017 жылғы 17 мамырда ЕЭК Алқасы ЕАЭО мемлекеттерін қатысушы елдерден спортшы-легионерлер үшін белгіленген цифрлық шектеулерді жоюға қатысты Одақ туралы шартты орындау қажеттілігі туралы шешім қабылдады.