Жүйеге кіру
Қазақстан Республикасы ЕАЭО цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде цифрлық бастамаларды ұсынды

Қазақстан Республикасы ЕАЭО цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде цифрлық бастамаларды ұсынды

IMG_3662.JPG
06.07.2018

4 шілдеде Астанада өткен «ЕАЭО цифрлық күн тәртібін іске асыру  шеңберіндегі Қазақстан Республикасының цифрлық бастамалары» дөңгелек үстелінде Қазақстанның бизнес-қоғамдастығы Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО)  цифрлық күн тәртібінде іске асырылуы мүмкін: «Ашық деректерді пайдалану», «Шағын және орта бизнес үшін ашық цифрлық платформа» және «Электрондық лицензиялау» әлеуетті бастамаларын таныстырды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы мемлекеттік билік органдарының,  ғылыми және бизнес-қоғамдастықтың, цифрлық экономиканы дамыту саласындағы құзырет орталықтарының өкілдері, Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) мамандары қатысты.

Кездесуді ЕЭК-тің Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Карине Минасян және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Дарын Тұяқов ашты.

«Биылғы жылдың басында нақ осы Қазақстан Республикасында бірінші цифрлық форумда ЕАЭО  цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде бірлескен цифрлық жобаларды іске асыру жөнінде пікірсайыс циклы басталып еді, - деп атап өтті Карине Минасян. - Бүгінде Одақтың әрбір елі үшін  бір бірімен әріптестікте цифрлық бастамаларды іске асыруға жол ашатын мүмкіндіктер терезесі ашылды. Және бір мемлекет шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобалар дәл бүгін тұтастай алғанда ЕАЭО үшін қызығушылықты болуы мүмкін».

Өз кезегінде Дарын Тұяқов Одақтың  цифрлық күн тәртібін іске асыру – ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілеп берген Қазақстан Республикасының ұлттық басымдығы екенін атап көрсетті.

Қазақстаннан бұрын ұсынылған бастамалар агроөнеркәсіптік кешен мен электрондық еңбек биржасына қатысты болды. Қазақстан тарапы ұсынып отырған жаңа жобалардың спектрі неғұрлым кең. Солардың бірі – «Электрондық лицензиялау». Бастаманы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Е-лицензиялау жобасының жетекшісі Айнұр Майлыбаева таныстырды.Жобаның мақсаттары: лицензиялау процестерін, рұқсат беру құжаттарын автоматтандыру және Қазақстанның мемлекеттік органдары – лицензиарлар мен бизнес-қоғамдастық арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылдың тиімді, ашық механизмін қамтамасыз ету.

Бастамаларды масштабтау сервистерді Еуразиялық кеңістікте пайдалануды білдіреді. Электрондық Ю бойынша  техникалық мәселені ашылған «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) базасында шешу ұсынылды. АХҚО-да тіркелетін компаниялар мысалында реттеуші «құмсалғыштарды» пайдалануға болады.

«ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ АКТ-қызметтер көрсету жөніндегі басқарушы директоры Бикеш Құрманғалиева тағы бір «Шағын және орта бизнес үшін ашық цифрлық платформа» (АЦП) бастамасын таныстырды. Бизнес үшін АЦП құрауыштары: «бірыңғай терезе», сауда алаңы (В2В), цифрлық сервистер. Мұның критерийлері: қарапайымдылық, ыңғайлылық, тездік және қолжетімділік. Бүгінгі таңда порталдың қызметтер көрсетуін Қазақстанның 400 мың кәсіпкері мен 140 мың заңды тұлғасы пайдаланады. Бастама ЕАЭО кеңістігінде масштабтауға және ұқсас алаңдармен интеграцияға техникалық жағынан дайын. 

«Ашық үкімет»  порталы шеңберіндегі «Ашық деректерді пайдалану» бастамасы туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жетекші маманы Ғазиза Батаева әңгімеледі. Мұның мақсаты: азаматтарды мемлекеттің түбірлі және әлеуметтік жағынан маңызды бағыттары туралы хабардар етудің деңгейін арттыру және ашық деректер негізінде жаңа қосымшалар құру мүмкіндігін беру. «Қазақстанның ашық үкіметі» шеңберінде жоба 2013 жылы іске қосылды. 2018 жылғы 2 шілдеге 2 979 деректер жиыны тіркелді.

Қазақ тарапы ұсынған барлық бастамалар Еуразиялық экономикалық комиссияға түскеннен кейін цифрлық бастамаларды басқару офисі арқылы пысықталатын болады,  оның жұмысы туралы  дөңгелек үстелде офис командасының мүшесі Айнұр Жетпісова айтып берді.

Цифрлық орта адал бизнес жүргізу үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды, ынтымақтастық кеңістігін кеңейтуге жәрдемдеседі. Іс-шараға қатысушылардың пікірінше, Одақтың барлық елдері ұлттық цифрлық бағдарламаларды іске қосқан кезде, ЕАЭО-ның барлық елдерінің осы бағыттағы күш-жігерін және сервистерінің интеграциясын үндестіруді қамтамасыз еткен маңызды.

Анықтама

Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібі туралы мәлімдемеге Еуразиялық экономикалық одақтың бес мемлекетінің басшылары 2016 жылғы 26 желтоқсанда қол қойды. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2017 жылғы 11 қазандағы отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібін іске асырудың негізгі бағыттары бекітілді. Цифрлық күн тәртібін іске асырудың төрт негізгі бағыты айқындалды, олар: жалпы нарықтардың трансформациясы, салалық және кросс-салалық трансформация, цифрлық инфрақұрылымды дамыту және интеграциялық процестерді басқарудың цифрлық трансформациясы.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 14 мамырда Сочиде өткен отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО цифрлық күн тәртібін іске асыру шеңберінде  цифрлық жобаларды және бастамаларды басқару офисінің жұмысын Астанадағы болашақ 1Т-стартаптар халықаралық технопаркі базасында ұйымдастыруды ұсынды.