Жүйеге кіру
ЕЭК «Астана» халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтасатын болады

ЕЭК «Астана» халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтасатын болады

05.07.2018

4 шілдеде Астанада Astana Finance Days конференциясы шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) «Астана» халықаралық қаржы орталығымен (АХҚО) Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

ЕЭК тарапынан құжатқа ЕЭК-тің Экономика  және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықов қол қойды. АХҚО тарапынан – оның  басқарушысы Қайрат Келімбетов қол қойды.

Қол қою рәсімінде Тимур Жақсылықов: «Одақ елдерінің экономикалық дамуының  аса маңыздың басымдықтары  қаржы жүйелерінің қуатын арттыру, кредиттік мүмкіндіктерді кеңейту болып табылады. Одақ елдерінің қаржы саясатын экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін  жаңғырту және арттыру жөніндегі міндеттерді шешумен бірлестіру қажет. Бұл орайда «Астана» халықаралық қаржы орталығының Еуразиялық экономикалық комиссиямен ынтымақтастығын жандандырудың  маңызы арта түседі»,- деп мәлімдеді.

Меморандум мәтінінде  тараптардың  өз құзыреттері шегінде  қаржы нарықтарын, сауда және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту, қаржылық қызметтер көрсетуді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері, сондай-ақ  өзара мүдделілік білдірілген басқа да бағыттар бойынша өзара іс-қимыл жасау ниеті айтылған. Бірлескен талдамалы зерттеулер, форумдар мен дөңгелек үстелдер өткізу, статистикалық, талдамалық және анықтамалық материалдармен алмасу туралы да сөз болады.

Меморандумды бұдан бұрын ЕЭК Алқасы мақұлдаған болатын.

АХҚО  Қазақстанның қаржылық инфрақұрылымының өзегі ретінде жайғастырылған, ал перспективада – Еуропалық одақ пен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің капитал нарықтарын біріктіретін  қаржы хабы, Қытайдың «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасының инфрақұрылымдық жобаларын қаржыландыру орталығы ретінде жайғастырылады.

АХҚО шеңберінде арнайы юрисдикция енгізілген, ал қатысушылары арасындағы қатынастарды реттеу әлемдік таңдаулы стандарттар, ағылшын құқығының іс жүргізу қағидаттары мен нормалары негізінде жүргізілетін жаңа қаржылық алаңды білдіреді.