Жүйеге кіру
Бірлескен жобаларды іске асыру үшін ЕАЭО-да реттеуші «құмсалғыштар» құрылатын болады

Бірлескен жобаларды іске асыру үшін ЕАЭО-да реттеуші «құмсалғыштар» құрылатын болады

unnamed.jpg
05.07.2018

Астанада 3 шілдеде реттеуші «құмсалғыштар» жүйесін құру жөніндегі сарапшылық алаңның екінші отырысында Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) реттеуші «құмсалғыштардың» жұмысы және олардың мақсаты талқыланды.

Отырыс барысында ЕАЭО-да реттеуші «құмсалғыштарды» қолдану туралы келісімнің тұжырымдамасы ұсынылды.Құжат жобасына сай Одақ елдері ел ішіндегі және тұтастай ЕАЭО-дағы құқықтық режимнен өзгешелікті жағдайда жобалық шешімдерді  іске асыруға көмектесетін реттеу нормаларын тұжырымдай алады. Мұндай арнайы реттеу режимін Одақ мемлекеттерінің уәкілетті өкілдері ЕАЭО органдары шешімдерінің деңгейінде ғана – президенттердің, премьер-министрлер мен вице-премьерлердің деңгейінде тіркейтін болады және оның түпкілікті сынағына дейін Одақ елдерінің жалпы нормативтік-құқықтық өрісінде бекітілмейтін болады.

«Бүгінде Одақ елдерінде цифрлық экономиканың сол немесе өзге салаларындағы реттеуге қойылатын тәсілдемелер жай ғана тарқатылып кетуімен  бірге,  жекелеген елдерде, Одақ деңгейінде  мұндай тәсілдемелер мен нормалар жоқ,- деп мәлімдеді ЕЭК-тің Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Карине Минасян.- Технологиялық серпін мен  бизнестің жаңа модельдері сынақтан өтіп жатқан немесе бұған өте-мөте мұқтаж болып отырған, бірақ тиісті  құқықтық орта қалыптастырылмаған кездің өзінде мемлекеттік органдар да, бизнес те, тіпті  халықаралық реттеуші орган ретіндегі ЕЭК те жоғары айқынсыздық пен тәуекел жағдайында қимылдауда».   

«Құмсалғыштардың» нормаларының өзін қажет кезінде машина оқи алатын форматта, бизнес-процестер, шешімдер моделі түрінде және  адамның, сол сияқты жұмыс істеу негізіне деректермен жұмыс істеу технологиялары, алгоритмдер, жасанды интеллект және тағы басқалар жататын цифрлық субъектінің қабылдауы үшін ыңғайлы басқа да форматтарда әзірлеу ұсынылуда.

Таныстырылым барысында жоба жетекшісі Анастасия Сорокина «құмсалғыштарды» қолдану нәтижесінде реттеуді тұжырымдаудың ағымдағы схемасының  жетіспейтін  тұсын жетілдіруге қол жеткізілетінін, соның ішінде ЕАЭО елдері айқынсыздық жағдайында  әуелі  бірнеше жыл бойы актіні келісетін,  заңнамаға  қажетті өзгерістер енгізетін, ратификациялайтын және өзектілігін жоғалтып үлгеруі мүмкін жобаларды іске асыруға содан кейін ғана көшетін пилоттық жобалар үшін қол жеткізілетінін атап өтті. 

Армения өкілдері Одақ мемлекеттеріндегі «құмсалғыштар» жүйесін дамыту, мемлекеттік деңгейде, соның ішінде жекелеген реттеушілер, мысалы, орталық банктер  пысықтап және құрып жатқан осындай механизмдердің әртараптандырылуы мен бәсекелестігі мәселесін көтерді.

Қырғыз Республикасының өкілдері елде құрылып жатқан  «құмсалғыштарға» ұқсас механизмдері бар инновациялық зертханалар туралы айтты және бизнестің мемлекеттік және интеграциялық «құмсалғыштардың» ара қатынасы қаншалықты болатынын және  бірлесіп пайдаланыла алатындығын нақтылау идеясы туралы хабардар етті.

Пікірсайыстың маңызды мәселелерінің бірі «құмсалғыштарды» қолданудың салалық тұрғысы болды. Мысалы, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің өкілдері ЕАЭО елдері орталық банктерімен бірлесіп қаржы саласы келісімін қолданыс аясына қосу мүмкіндігін талқылауды ұсынды. Қаржылық  технологияларды дамыту -  нарыққа қатысушылар мен ұлттық заңнама үшін барынша сезімтал мәселе, сол себепті «құмсалғыштарды» солар үшін қолдану перспективасын қосымша пысықтаған жөн.

Іс-шараға қатысушылар мониторинг және бақылау мәселелерін, «құмсалғыштарды» қолдана отырып іске асырылуы мүмкін жобалар үшін критерийлерді одан әрі пысықтау қажеттігін атап өтті. Жобамен жұмыс істеуге мемлекеттік органдардың сарапшылары мен мамандары, бизнес-қоғамдастық өкілдері, Одақ мемлекеттерінің университеттері тартылған. Келісім жобасына ұсыныстарды бір ай ішінде пысықтау және оларды ЕАЭО-ның тиісті органдарының қарауына жіберу жөнінде уағдаластыққа қол жетті.