Жүйеге кіру
ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Нұрлан Алдабергеновтің "Казахстанская правда" үшін берген сұхбаты:"Еркін бәсекелестік ережелері бойынша "

ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Нұрлан Алдабергеновтің "Казахстанская правда" үшін берген сұхбаты:"Еркін бәсекелестік ережелері бойынша "

27.07.2012

Еуразиялық экономикалық комиссиясының Бәсекелестік және монополияға қарсы  реттеу министрі Нұрлан Алдабергеновтің пікірінше  Кеден одағы қазақстандық тұтынушылар мен өндірушілер үшін пайдаларын көрсетіп отыр.


 

– Нұрлан Шәдібекұлы, нарықтың кеңеюі бәсекелестікті күшейтуді арттырып отыр. Ұлттықтан жоғары орган бола отырып, барлық қатысушыларға сауданың тең талаптарына кепілдік беретін КО аумағында бірыңғай бәсекелестік  саясатын қалыптастыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия өз алдына қандай міндеттер қойып отыр?

 

– Бұл жұмыстағы басымдықтардың бірі бірыңғай бәсекелестік  саясатын қалыптастыру болып табылады, онда мына бағыттар енгізіледі,  монополияға қарсы және бағаны реттеу, мемлекеттік және муниципалдық сатып алулар.  Басқаша айтқанда, біздің құрылым тауарлардың еркін қозғалысы және Біртұтас экономикалық кеңістік ішінде қызмет көрсету үшін құқықтық базаны жасайды. Осыған байланысты, бірінші міндет бәсеке саясаты саласында  Қазақстан, Ресей және Беларусь заңнамаларын үйлестіру болып табылады. 

Жауапты өндірушілер Ресей мен Беларусь монополистерінің заңсыз әрекеттеріне ұрынып  қалмаулары шін біздің мамандар КО-на қатысушы елдердің барлығының нормативтік-құқықтық актілерін түбегейлі зерттейді, жақындастыруға жататын құқықтық актілер мен ережелерді бекітеді, яғни, кедергілерді жояды. Бұл  лицензиялауға, көлік қызметі мен  электроэнергияның бағасына қатысты. 

Үш елдің бәсекелестік саясаты саласында заңнамаларды үйлестіру саласындағы жұмыстарды біз келесі жылдың шілдесіне дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Кейінірек, қыркүйек-қазанда, үш мемлекет басшыларының қатысуымен Жоғары экономикалық кеңесте үйлестіріліген құқықтық базаның фактілері хатталатын болады. Осыдан соң комиссия жосықсыз бәсекелестік және картельдер туындатқан үстем жағдайды теріс пайдалану фактілерін тексеріп және батыл шара қолдануды өз бетінше бастайды. Ағымдағы жылдың соңына дейін алқа үш ел үшін бәсекелестік және трансшекаралық нарықтардың бірыңғай ережелерін сақтау үшін қажетті бірқатар нормативтік-құқықтық құжаттарды қабылдауы қажет. 

 
 

– Бірыңғай бәсекелестік  саясатын қалыптастыру шеңберінде қабылданған құжаттардың негізі ретінде Кеден одағына қатысушы елдердің монополияға қарсы заңнамаларының бірі алынады деп айтуға бола ма?

 

– Біртұтас экономикалық кеңістік елдерінің барлығының Монополияға қарсы заңнамалары бүгінгі күннің талаптарына сай келеді. Біз негізге қандай да бір елдің тәжірибесін аламыз деп айтуға болмайды.  Барлық үш мемлекеттің практикасы заңнамаларды үйлестіруде өте маңызды, олар кейіннен КО ішіндегі кедергілерді жоюға көмек береді. Бұл жұмыстың тәжін киетін Бәсекелестік туралы Модельдік заң болуы ықтималы, оны біз келесі жылдың шілдесінде қабылдауды жоспарлап отырмыз. Сөзге орай, біз шетелдік тәжірибелерді де тым сирек қолданбаймыз.

АҚШ-тың Монополияға қарсы заңнамалары, мәселен, өте қатал әкімшілік жауапкершіліктерді қарастырады. Егер картелдік келісім үшін айыппұл Қазақстан мен Беларуста түскен табыстан 10% айыппұлмен жазаланса, Ресейде –100 мың рубльден кем емес, ал АҚШ-та  ондай жаза 100 миллион долларды құрайды.

Осындай тәжірибе алмасулар ұлттық заңдық тәжірибелерді байыта түседі, жосықсыз бәсекелестікпен күресуді үйретеді және болашаққа күш береді. БЭК-те әрекет ететін болашақта бірыңғай Монополияға қарсы кодексті қабылдау қажеттілігін бізге өмір мәжбүрлейді.  Бұл болашақтың жұмысы, жүзеге асырудың негізін біз қазір қалап жатырмыз. 

 
 

– Қазақстан, Ресей мен Беларустың мемлекеттік бағаны реттеулерінде айтарлықтай айырмашылықтар бар ма?

 

– Сондай көп айырмашылықтар бар деп айтуға келмейді, бірақта Қазақстан мен Ресейдің табиғи монополиялары субъектілерінің (ТМС) тарифтерін есептеу әдістемелерінде айырмашылықтар бар. Біздің елде тарифтерді есептеу шығындарды шектеу принциптерінде жасалған. Мысалы, монополистке айыппұл тағылса немесе онда сенімсіз қарыздар болса. Бұл шығындарды тарифке қоспайды – неге тұтынушы кәсіпорынның тиімсіз жұмысы үшін төлеуі керек немесе неге оны әлеуметтік салада қаржыландыру керек. Бұдан басқа, ТМС тарифтерді бекіткен кезде бірінші кезекте монополистің инвестициялық бағдарламалары, активтерді, тиімді менеджменттерді жаңаша жаңғыртуға ынталары назарға алынады.

Мысалы, Ресейде тарифтерді қалыптастыру кезіндегі бұл факторлар  барлығы бірдей есепке алына бермейді. Осылайша, біздің алқаның міндеті тарифтерді жасауға амалдарды үйлестіруге жол бастайды. Бұл бізге Біртұтас экономикалық кеңістік жағдайында қазақстандық өндірушілер үшін ресейлік табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерін төмендетуге қол жеткізуге  құқық береді.   

 
 

– Ізінше, табиғи монополия саласында Қазақстанның заңнамалары айтарлықтай «алға кеткен» деп айтуға бол ма?

 

– Ірі холдингтердің құрылымдық қайта құрылуы бойынша Ресей немесе Беларусқа қарағанда  Қазақстан әлдеқайда ертерек кезеңдерде жүріп өткен болатын. Тарифтерді жасау салалық емес активтердің ықпалынан ажыратылған болатын,  табиғи монополиялар субъектілері инвестициялық тартымдылығына басымдық берілді, оларға инновациялық бағдарламаларды, шығындарды қысқарту, активтерді тиімді пайдалануға басымдық берілді. ​ 

 

– Біртұтас экономикалық кеңістік мемлекеттері арасында сауданың көрсеткіштері қандай? Тауар айналымдарының өсуінің болжамдары ақталып жатыр ма?

 

– Өткен жылы Кеден одағы елдері арасындағы өзара тауар айналымы 32%-ға артты. 2012 жылдың І тоқсанында өзара сауданың көлемі 16,3 миллиард долларды құрады. Ал Қазақстанның  Ресей және Беларусиямен тікелей тауар айналымына келетін болсақ,  онда өткен жылға ол 22%-ға көбейді, біздің елдің РФ-мен тауар айналымы  – 24%-ға көбейді. Кеден одағы құрылған соң біздің елдің өндірушілері ең үлкен табысқа ие болды – бұл нарықты кеңейту, бірінші кезекте  – жүзеге асыру және тұрмыстық мүмкіндіктері. Өзіңіз қараңызшы, Қазақстандық бизнесте 16 миллион сатып алушысы бар отандық нарықтан гөрі  оған Ресей (142 миллион) мен Беларустың (9,5 миллион) қосылғаны тиімдірек қой. 

 

– Кеден одағы құрылғаннан қазақстандық тұтынушылар не ұтады?

 

– Азық-түлік ассортименттерінің көбеюі, бағалардың төмендеуі және өндірген тауарлардың сапасының артуы. Бұл әлемдегі барлық сауда бағынатын еркін бәсекелестік заңы.

Тәжірибелік мысалдар келтірейін. Бүгінгі күні Ресейдің бес аймағымен шектесетін Батыс Қазақстан облысы, жергілікті қайнарлардан электроэнергия тапшылығын тартып отыр. Егер  Павлодар облысынан Ресейлік электрлік желісіне қосылған жетпейтін көлемнің транзитін қамтамасыз етсе,  Батыс Қазақстан облысына ресейлік ішкі тарифтер бойынша  сатып алу кезінде жылына шамамен 640 миллион теңге үнемдеуге болатын еді. Нәтижесінде облыста электр энергияға деген тарифтер де төмендейтін болушы еді.

Қазіргі таңда Қазақстан мен Ресейдің монополияға қарсы қызметтерімен бірге біз Ресей мен Қазақстанның трансшекаралық нарығында электр энергиясына бағаларды амалдаудың барлық талпыныстарын құртуды жоспарлап отырмыз.  Бұл біріншіден. Екіншіден, ҚР Бәсекелестікті қорғау бойынша агенттіктің бастамасымен жұмыс тобы құрылды, олардың алдында мынадай міндеттер қойылады: роумингте ұялы байланыс қызметтерін ұсыну кезінде бәсекелестіктің тең талаптарын қамтамасыз ету. Біздің әріптестердің күн тәртібінде – трансшекаралық аумақтардағы бензиннің бағасы. Ресейде АИ-92 бензинінің акцизі  тоннасына шамамен 220 долларды құрайды,   ал Қазақстанда  – шамамен 70 доллар, Беларуста – шамамен 140 доллар. Бұл үш елдің мұнай өнімдері нарығының шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында бәсекелестік үшін тең емес жағдай туындатады.

Осылайша, бәсекелестік саясат саласында ұлттықтан жоғары орган құру трансшекаралық нарықтарда жұмыс істейтін монополистердің қызметтерін бақылау үшін және болуы мүмкін теріс пайдалануларға батыл шара қолдану үшін мүмкіндік береді. 

 

 

Юлия ПОЛОНСКАЯ