Жүйеге кіру
ЕЭК-ның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Нұрлан Алдабергеновтің Өскемендегі ЕЭК отырысында сөйлеген сөзі

ЕЭК-ның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Нұрлан Алдабергеновтің Өскемендегі ЕЭК отырысында сөйлеген сөзі

01.11.2012
Күш - бірлікте
 
"Flash!" газеті  ​
 
Үш елдің Кеден одағы— Беларусь, Қазақстан және Ресей дамуды жалғастырады және өте айқын көрініс тауып отыр.  Біртұтас экономикалық кеңістік қызметтің әртүрлі салаларындағы өндірістер мен салаларды шынайы түрде біріктіруді, ұлттық пәтерлері бойынша 20 жыл бұрын қамалған халықты жақындастыруды бастап отыр. Бұл маңызды процесті мәселен, құрылыста бөлме аралық есіктерді араласу үшін тескен сияқты кейіппен салыстыруға болады.  Көршілес және мемлекетаралық байланыстар сапасы жаңа деңгейге көшетін болады. 
 
 
2012 жылдың 11 қазанында  Өскеменде, «Алтай» технопаркінде 2011 жылдың соңында  Беларусь, Қазақстан және Ресей президенттерінің шешімімен құрылған үш мемлекеттің жоғарғы реттеуші органы -  Еуразиялық экономикалық комиссиясының мәжілісі болып өтті. Бұрындары бұған ұқсас шаралар Қарағанды мен Новосибирскте өткен еді, енді міне, Шығыс Қазақстан облысының орталығы меймандарды қарсы алу және осындай ауқымды форумды өткізу мәртебесіне ие болды. ШҚО әкімі Б.М. Сапарбаев жиналғандарға Құттықтау сөзін жеткізді. Ол  бұл оқиғаның салтанатты сәтін және Қазақстан, Ресей және Беларусь арасында экономикалық байланыстарды дамыту және кеңейту қажеттілігін, бұның ішінде біздің аймақ  – өзінің өнеркәсіптік әлеуеті мен электр энергиясын  өндіріп шығару бойынша республикада алғашқылардың бірі екендігін атап өтті. Нақты жылу–энергетика мәселелері бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан және бұл жол көшпелі комиссия арқылы қарастырылды, сондай–ақ, қауымдастық КО және БЭК–ке мүше елдердің кедендік, сырт қысауда және монополияға қарсы заңнамалардың біріздендіргені туралы ақпарат берді. ШҚО әкімі қысқаша сөзден соң оны Астанада күтіп отырғанын айта келе, мәжіліс отырысынан кеткенімен, бірақта жұмыс барысына оның болмағаны көп әсер еткен жоқ.  Оған ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша министрі Нұрлан Алдабергенов өте сауатты әрі тапқыр түрде жетекшілік ете білді, ол өзінің толыққанды баяндамасында Кеден одағындағы істердің жағдайын, проблемаларын және оның шешу жолдарын ашып көрсетті. 
 
– Табысқа жету үшін БЭК шеңберінде біртұтас бәсекелестік саясатын құру керек, оған монополияға қарсы және бағаны реттеу, соның ішінде мемлекеттік бағаны реттеуді енгізуге бақылау, сондай–ақ, мемлекеттік және муниципалдық сатып алулар кіреді, - деп атап өтті Н.Алдабергенов.
 
 
Еуразиялық  Экономикалық комиссия басқару органында ұлттықтан жоғары мәртебеге ие және үш елдің үкіметіне бағынбайтынын атап өткеніміз жөн. Сонымен қатар ол қабылдаған шешімдер мен заңдар Қазақстан, Ресей және Беларуста орындалуы міндетті.  Өздерінің билік өкілеттіліктерінің қолданылуының тәжірибелік үлгілері ЕЭК тарапынан қазірде бар: «шыт-зығыр» тайталасы деп атауға келетін,  бұл Ресей мен Беларусь арасында тұрақтанғанына көп болған жоқ, РФ–ге бағасы төмен мата әкеліне бастаған еді, бұл нақты осы ЕЭК тапсырмасы бойынша тоқтатылды, олар РФ үкіметіне жекеменшік бәсекелестікке қарсы қаулыны тоқтатуды міндеттеді.  Бұдан соң беларустық сапалы өнімдер ресейдің тұрмыстық нарығын кедергісіз жайлап алуды жалғастырды. Сондықтан комиссияның осы отырысы мына ұранмен өтіп жатқаны кездейсоқ емес: «Біртұтас бәсекелестік саясаты – Біртұтас экономикалық кеңістікті тиімді қалыптастырудың қажетті жағдайы».
 

 
Бақытқа орай, КО бойынша көршілерде өнімдерді қабылдамай қою мысалдары айтарлықтай аз, оның орынына өзара кірігулер көбірек.  Ол үшін кейбір сандарды келтіру де жеткілікті. Үш елдің тауар айналымы 2010 жылмен салыстырғанда  2011 жылы 32%–ға өскен,  94 млрд. АҚШ долларынан 125 млрд. АҚШ долларына дейін, ал Қазақстан мен Ресей және Беларустың тауар айналымы  нақты сол кезеңдерге  22% –ға көбейген (19 млрд. АҚШ доллары  23 млрд. АҚШ долларына дейін). Былайша айтқанда, процесс 2012 жылдың  1 қаңтарына дейін қозғалған, бұл кезде Кеден одағы ресми «жұмысын бастаған» болатын. Ол қазір бұлжымай өрлеп келеді. 
 

 
– Істелгендер көп, бірақ алда істейтіндер де аз емес, — деді Нұрлан Алдабергенов. – Атап айтқанда, біздің мемлекеттердің акциздерінің айырмашылығы қатты байқалады, мысалы, мұнай өнімдерінің акцизі. Қазақстан Республикасында 1 тонна бензинге акциз  66 АҚШ долларын құрайды, РФ–де – 225 АҚШ долларын, Беларуста – 142 АҚШ долларын құрап отыр. Бензин мен жағармайға баға әртүрлі, сондықтан Қазақстанда жанармай әзірше ең арзан. Ұқсас жәйттер экономиканың кейбір басқа салаларында да бар. Болуы мүмкін бәсекелестікке қарсы тәжірибелер мен келісімдердің қиылысуы үшін ҚР мен Ресейдің трансшекаралық нарығындағы электроэнергияның жіберу көлемі мен бағасына қатал мониторинг қажет. Үш елдің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы бәсекелестік үшін тең емес жағдайды жою керек деп ойлаймыз. Бұл үшін біздің заңнамаларды біріздендіру керек және біртұтас бәсекелестік саясатын қалыптастыру бойынша міндеттерді тәжірибеде жүзеге асыруды бастау керек.  
 

 
Сөзбен келтіргенде, Беларусь пен Ресейдің барлық энергетикасы мемлекеттің бақылауында, әйтсе де бізде бұл стратегиялық салаға әлі күнге дейін шетелдік – AES америкалық компаниясына жол берілген.  Оларды нарықтан аластатуға жол басталып еді, бірақта әлі күнге қуаттылығы жеткіліксіз. Әйтсе де, олардың әрекеті бүтіндей елдің экономикасына, соның ішінде Шығыс Қазақстанның экономикасына шамасынша зиян келтіреді. Өскемен ГЭС–і және Шульба ГЭС–нің жіберетін тарифі ТМД бойынша ең төмен – кВт/сағатына 3,30 теңге, бірақ, ол Өскеменде кВт/сағатына 8,17 теңгені құрайды, сонда да СЭС басшылары электроэнергияның өте тапшы екендігін айтады, ал өздері оны Қостанай және басқа да аймақтарға үлкен көлеммен жеткізіп береді. Ал Шығыс Қазақстан электр қуатының тапшылығын Екібастұз ГРЭС–нен жеткізілген электрмен орынын толтырады,  мұнда жіберу тарифі кВт/сағатына  6,5 теңге. ТМРА мәлімдеген ақпарат бойынша  AES–тің мұндай әрекеттері жыл сайын  650 млн. теңге шығын әкеледі екен, сонымен қатар аймақ тұрғындары үшін тариф кВт/сағатына  7,73 теңгеден көп төмен болады екен.  Жекеменшік капиталистер өздерінің меншікті қалталарын көп ойлайды, елдік  масштабта ойламайды,  сондықтан, Қазақстанның бүкіл энергетикасын ұлттандыратын кез келді деген ой келеді.  Бақылаушы органдар жыл сайын энергия өндіретін кәсіпорындарының біршама бәсекелестікке қарсы келісімдерін айқындайды. 
 

 
Нұрлан Алдабергенов өз баяндамасында Беларусь, Ресей және Қазақстан энергожүйесіндегі Бәсекелестік туралы ЕЭК–ның бүкіл заңнамалық актілерін реттеген соң біртұтас қуатты энергожелілерге байланысты болатынын  атап өтті.    Сонымен қатар, электроэнергияның тапшылығы барлық жерде, тіпті Беларустың шалғай аудандарында да оның артықшылығы арқылы жеңіл жабылатын болады, мәселен, ШҚО немесе Павлодардан жеткізіледі. 
 

 
– Бізде электрге тапшы Батыс Қазақстан облысы бар, — деді ЕЭК министрі. – Егер біз Екібастұздан Ресей аумағы арқылы олардың желісіне қосылып,  ол жаққа кВт/сағатына 229 млн. жетпейтін электроэнергия тасымалды қамтамасыз ететін болсақ, онда біз электроэнергия сатып алуда 640 млн. теңге үнемдейміз.  Ал бұл 4 млн. АҚШ долларынан астам! Нәтижесінде БҚО–на орташа жіберу тарифі кВт/сағатына  8,92 теңгеден  кВт/сағатына 8,42 теңгеге төмендейді. Жалпы, бірігуде «зияннан» гөрі «пайда» көбірек. Мысалға бәсекелестіктің жоғары және төмен деңгейлі бағдарларындағы әуе компанияларын алайық.  Алматы – Стамбул авиабилетін 27 мың теңгеге (екі жаққа бірдей 54 мың) сатып алуға болады. Ал Өскемен – Новосибирск  авиабилеті 27 388 теңге тұрады!  Соңғы жағдайда арақашықтық айтарлықтай аз  (554 км), бірақ рейстерді барлығы бір–ақ тасымалдаушы орындайды.  Нәтижесі – бағаны қымбаттату. Ал Мәскеу – Минск (650 км) бағдарын  5 тасымалдаушы іске асырады, сондықтан оның бағасы да ойға қонымды – 15 мың теңге. «Дөңгелек үстелде» баяндама жасаған үш елдің өкілдері бірауыздан бұл саладағы бәсекелестікті тек қана қолдау керек, мемлекетаралық маршруттарды көбейтіп әрі жандандыру керек, қалалар арасында тікелей рейстерді іске қосу керек деген пікірге келді.  Бұнымен ең таяу уақытта шұғылдану керек. Ол үшін «Ашық аспан» арнайы бағдарламасы жасалып жатыр. Өте бір қызықты мәлімет келтірілді: бүйірлеген дағдарысқа қарамастан авиатасымалдау мен жүк тасымалдау  жолаушыларының саны бірбеткей өсіп келеді  – 2010 жылы 23% өсімді көрсетті, 2011 ж. – 46%–ға,  2012 жылдың 9 айында  – 39%–ға өсті. Қазақстаннан Ресей, Беларусь және Украинаға жиі ұшатын болды, бұл елдерден Қазақстанға да солай. Қорытындысы қарапайым – біз бой бермей жақындап келеміз. 
 
 
 
РФ баяндамашылары  ұялы байланыс желілері иелерімен мақсатты түрде жұмыс жүргізген мемлекеттер өз жемісін әкелгенін қадап айтып, көрсетті: соңғы жылдары өз тарифтерін 5-10 есе төмендетті. Ресейдің ішкі желілеріндегі бағасы әлемдегі ең арзандардың бірі: 1 минутқа сөйлесу 5-15 копейка (15-45 тиын). Роуминг те айтарлықтай арзан.  Ресейліктермен салыстырғанда қазақстандық «Билайн», «К-селл» және басқа қызметтер – көп есе қымбат. Қазақстандық тарап тарифтерді бірдей қылып реттеу – бұрыннан кемеліне жеткен қажеттілік екендігін мойындады, бұл мәселені шешумен айналысатынына уәде берді.  
 
Айтпақшы, біздің үш елдің арасында көптеген тығыз мемлекетаралық байланыстардың орнатылуы көптеген тауарлардың айтарлықтай арзандауына жол салады. Параллель импорттарды 60-80%–ға көбейтсе,  автобөлшектердің бағасы түседі, спорт тауарлары 30-45%–ға, парфюмерия 60%–ға дейін, фотоаппараттар 20%–ға дейін, автокреслолар 50%–ға дейін, велосипедтер 40%–ға дейін, тізімді жалғастыра беруге болады… ЕЭК экономистері аз жұмыс жасаған жоқ және қазірдің өзінде ниеттес көршілер бәсекелестігінің барлық зардаптарын алдын ала есептеп қойған екен.  Енді тек Кеден одағының барлық аумақтарына бірдей заңды бекіту ғана қалды. 
 

 
– ҚР Сенаты барлық нормаларға сай БЭК үшін қажетті Кеден одағы жөнінде бірқатар заңдарға ратификация жасады, енді бірнешеуі, олардың ішінде «Бәсекелестік туралы» Заң бар, қазір қарастырылу деңгейінде жатыр, – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Александр Судьин. – Мен олар да жақын арада дәл солай бекітіледі деп ойлаймын. Біз Еуразиялық экономикалық кеңістігінің интеграциялық процестерін заңнамалармен қамтамасыз етумен толықтай айналысып жатырмыз,  сонымен қатар жаңа Одақта барлығына бірдей қолайлы әрі тең дәрежелі жағдайлар жасалуына қол жеткізуге мүдделіміз. Бұл шарада Ресейліктермен де, беларустармен де толықтай өзара түсіністігіміз бар. Қандай болмасын экономикалық экспансияларға қарсы тұруға болады, әлемдік дағдарыстың қандай болмасын ығырына тек бірігіп қана қарсы тұруға болатынына сенімдімін! Міне осы үшін біртұтас экономикалық кеңістігімен ЕурАзЭҚ да, Кеден одағы да  керек. Біріксек – біз күшпіз! 
 

 
Өз заңдарын Ресей де, Беларус да біріздендіреді. Бұл екі елдің Парламенттері де осы бағытта жұмыс істеп жатыр.  Осының барлығына – тура 1 жыл беріліп отыр. 2013 жылдың қазанында мемлекет басшыларының қатысуымен үш елдің заңнамаларын үйлестіруді толықтай аяқтау  туралы барлық талаптарды орындау фактілерін хаттайтын құжаттар қабылданатын болады. Осының негізінде трансшекаралық нарықтарда қолайсыз ықпал көрсететін үстем жағдайды теріс пайдаланулар, жосықсыз бәсекелестік және бәсекелестікке қарсы келісімдерді, басқа да фактілерді жөнсіз пайдаланғандарды тергеу бойынша комиссия құрылады. Сондықтан қандай болмасын заң бұзушыларды қатал тексеру көзделіп отыр!
 

 
– Жаңа бәсекелестік заңнамаларының бірінші кезектегі және негізін қалаушы принциптері: тауарлардың еркін қозғалысы, кедергілерді алып тастау және бәсекелестік саясаты мәселесіндегі ұқсас қадамдар, — деп атап өтті ЕЭК министрі Н.Алдабергенов. – Біздің Кеден одағы мына үш алып тұғырда мығым ұсталып тұрады. Ешқайсысына ешбір жағынан қысым жасалмауы керек.  
 

 
Басталушы және жемісті мемлекетаралық ынтымақтастықтың тағы да бір мысалы – Қазақстандағы көптеген аудандардың болашақта газдандырылуы.  Красноярск пен Сібірдің көгілдір отыны, Алтай өлкесі арқылы  бізге келеді, сөйтіп ЕЭК нің өндірісшілері мен экономистерінің ақпараты бойынша ҚР-ның шамамен 1 млн. халқын қамтиды.  Қазір бұл жоба ТЭН тексерулері деңгейінде жатыр, бірақта 1,5 – 2 жыл ішінде тәжірибелік фазаға өтеді  – тасымалдаушы құбырдың құрылысы басталады.  Жасаушылардың ойынша оған технологиялық бағыт алған «Азия-Авто» зауытын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсаты тұр, сондай-ақ, ШҚО-да газ құятын стансалардың үлкен желісін салу мақсаты бар (РФ және Солтүстік Қазақстанның ұқсастықтары бойынша). Сонымен қатар белорустық тарап жаңа технологиялармен көмектесе алады, сондай-ақ, сапалы газды есептеу құралдарын  орнатуға – КО бойынша серіктестерде бұл салада жинақталған әжептәуір тәжірибе бар. 
 

 
– Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанда Ресей Федерациясы және Белорусь Республикасымен біріккен 250 кәсіпорын құрылып,  жұмыс істеп жатыр, — деді, мен онымен үзілісте әңгімелескенімде БР Экономика министрі Анатолий Филонов. – Біздің тарап құрастыратын өндірістерді жасауға және орналастыруға көмек береді. Мысалы, Семей қаласында – трактор, комбайндар, басқа да ауылшаруашылығы техникаларын жинайтын кәсіпорын бар. Сіздің облысқа және жалпы Қазақстанға біздің қызығушылығымыз орасан зор.
 

 
Павлодар мұнай өңдеу зауытының өкілі мына фактіге назар аударды, яғни, әлі күнге дейін ҚР-да жылу экспортына (2008 ж. 1 шілдесінен) тыйым салынған, ал Ресейліктер оны ешқандай кедергісіз кіргізе алады екен.  Мұнай өңдеу зауытында АИ-92 бензині 94 мың тонна және 80 мың тонна дизель отыны қалып қойған, бірақта артық қалғандарын павлодарлықтар  Ресейге сата алмайды.  Жауабына, қазақстандық шенеуніктер бұл жағдайды түбегейлі зерделеп, проблеманы сосын мүмкіндігіне қарай шешуге уәде берді.   
 

 
«Атамекен» ұлттық экономикалық палатасының ШҚО филиалының директоры Игорь Шацкий әлі күнге дейін кәсіпкерлерге бөгет болатын және өзара жақындасудың процесін тежейтін өзара сауданың көптеген аспектілерін түп-тұқиянына дейін ашып берді. РФ аумағы бойынша транзиттік тасымалдарға ҚҚС (Қосымша құн салығы) алынады, бұл тура РФ-нан тауарларды Қазақстанға жеткізген сияқты.  Сәйкесінше, рәсімдеу кезінде тасымалдау құны кедендік тауардың құнына қосылады, бұл өнімнің қымбаттауына әкеліп соқтырады. Нәтижесінде тұтынушы зардап шегеді. И. Шацкийдің айтуынша, көбінесе екі рет ҚҚС алулар болады екен. Сонымен бірге салық органдары ҚҚС қайтаруды қиындатады да, кішкентай бір күмән тудырса оған беруден бас тартады. 
 

 
– Жағдай жеңіл емес, — деп мәлімдеді Игорь Владимирович. – Біздің міндетіміз: осы бір домаланған проблемаларға назар аударту. Осы қиындықтар үшін көптеген кәсіпкерлер бірқатар қатынастар мен байланыстарын кеңейтуден бас тартады. Дабыл қағатын уақыт келді! Егер біз өзара тиімді әрі кедергісіз Біртұтас экономикалық кеңістікте болғымыз келсе, заң шығарушы мырзалар мен шенеуніктер өздерінің актілері мен қаулыларын, жалпы өздерінің барлық «ойын ережелерін» өзгертулері керек! Кедендік декларацияларды және басқа да мемлекетаралық құжаттарды рәсімдеу кезінде бірқатар тәртіптерді оңайлату керек. Біз өзіміздің ұсыныстарымызды заң шығарушы органдар мен министрліктерге жібердік, енді бізді тыңдайтын шығар деп ойлаймыз.  Оның үстіне ең жақын уақыттарда. 
 
И. Шацкий тағы да қазақстандық тауарларды РФ мен БР-да кемсітушілікке қатысты бірнеше маңызды сәттерге Ресейліктер мен Беларустықтардың назарын аударды. 


Анықталғандай, Қазақстан кондитерлік өнімдерін кеңес үкіметінен мұраға қалған тауарлық белгілермен шығарады екен. Бірақ бұндай тауар белгілеріне РФ аумағында құқық иеленушілер бар екен. Осындай жағдайда Ресейліктерге қазақстандық шоколадтарды әкелу мүмкін болмай тұр. 
– Қазақстанда шығарылған көптеген кондитерлік заттардың түрлеріне РФ нарығына кіруге нақты жол жабық, — деп атап өтті И. Шацкий. - «Қыртысын жазу» үшін тауарлық белгілерді өзара мойындау туралы келісімге тездетіп қол қою керек. 
 
 

 
Беларусқа қатысты айтсақ, ол жақта шектеулі ғана компаниялардың алкогольдік өнімдердің импортына ерекше құқықтары бар екен. Қазақстандық өндірушілерге бұл нарыққа жол әзірше жабық. Мемлекеттің ерекше құқы орналастырылмаған алкогольдік сусындардың тізімі өте шектеулі: элиталық француздық шампанның бес түрі, 10 жылдық сақталымы бар француз және армян коньягының әртүрлі 13 түрі; 7 түрлі виски және  ром мен джиннің 4 түрі.
 

 
– Біздің ойымызша, мұндай шектеулер біздің БЭК пен КО мүшелері ретінде құқымызды таптайды,  және үш елдің біртұтас кедендік аумағын құру туралы келісім-шарттың талаптарын бұзады! — деп мәлімдеді Игорь Шацкий. – Парадокс пайда болады: бізбен дос болыңыздар, бірақ армянның коньягын ішесіз! Элиталық жақсы сорттар Қазақстанда да бар. Бәсекелестіктің еркіндігі қайда?
 
Біртұтас экономикалық комиссиясының мүшелері қазақстандық, ресейлік және беларустық министрлік өкілдерінің барлық тілектері мен ескертпелерін тыңдады, кәсіпкерлер айтқан нәрселерді жаңа заңнамаларды қабылдаған кезде есепке алу керектігіне келісім берді. Ал бірқатар мәселелер жұмыс барысында шешіледі.  Атап айтқанда, БР Экономика министрінің орынбасары А.Филонов Минскіге келісімен бірден Алкогольдік өнімдерді әкелуді бақылайтын комитетпен хабарласып, мәселені қазақстандық шарап жасаушылардың пайдасына шешіп беруге тырысамын деп сендірді.     
 

 
«Дөңгелек үстелдің» қорытындысын шығарып, ЕЭК министрі Н. Алдабергенов былай деді:
– Белгілі үйкелістердің әлі орыны бар, бірақ бұл жұмыстың барысы. Бастысы, үш елдің арасында принципті келіспеушіліктер жоқ. Өз еркі менен бірлікке деген ыстық ықылас бар, ал қалған жағдайларды шешуге болады… БЭК-ке қатысушы мемлекеттер нарығына кіру кезінде кәсіпкерлік пен өндірушілердің субъектілері үшін барлық кедергілер алынып тасталады, дискриминация және басқа да қалған жағымсыз сәттер жойылады деп ойлаймын. Бәсекелестік туралы үлгілі заңды қабылдау әр нүктені орынына қойып, барлық тараптарды қанағаттандыратын болады. 

 
 
Комиссияның келесі мәжілісі осы күзде Волгоградта өтеді, бұған Қазақстан, Ресей және  Беларустың өнеркәсіпшілері жиналады, зияткерлік меншік мәселелері қаралатын Минскіде де өтеді. Интеграциялық процестер үдемелі қарқынмен жүріп барады, қазір уақыт та қымбат …
 

 
Сергей ВАСИЛЬЕВ
 

 
Редакциядан. Әртүрлі «ұлшыл-патриоттар» Қазақстанның тәуелсіздігінің бұзылуы туралы шу көтеріп, Қазақстанның КО-на, БЭК-ке және болашақ Еуразиялық одағына кіру мәселелері бойынша (1991 жылдың 17 наурызындағы референдум нәтижесіне қарамастан  КСРО құлаған кезде олар қайда болды?) референдум өткізуді талап етіп күш көрсетіп жатыр, Қазақстанның ұлттық мүдделерін сатты деп тіпті әртүрлі қып балағаттап жатыр, бірақ процесс өз қалпыменен жүріп бара жатыр. Өздерінің аты шулы саяси талаптарының негіздемесі ретінде ұлттық патриоттар әлдебір сауалнамалардың қорытындыларын да келтіріп жатыр, яғни, сауалнамаға жауап бергендердің көпшілігі  құрамында Қазақстан, Ресей және Беларусь бар Еуразиялық одақ емес, түркі елдерінің одағына қосылуды қолдайтынын айтады.  Бірақ олар кімдерге сауалнама жүргізгені белгісіз. Өздеріне өздері емес шығар. Интеграцияға үш елдің жоғары саяси еркі болып тұрғанда – процесс біртіндеп кері қайтпастай болып барады. Еуразиялық парламент құру туралы мәселе жетілдіріліп жатыр. Қайнаған өмірде тіпті бұдан басқа жол жоқ. Жалғыз болсаң жаншып тастайды. Әлемнің қазіргі билеушілерін қалай жаншығанын олар Ливияда жақсылап көрсетті, қазір Сирияда көрсетіп жатыр. 
 

 
Біздің күнделікті өмірімізге қатысты айтсақ, онда біз одақтың жақсы жақтарын сезініп отырмыз. Сөрелерде өте жақсы беларус шұжықтары пайда болды. «Докторская» әйгілі кеңестік шұжықтарын еске салады, басқа да  қайнатылған және ысталған шұжықтардың сапасы өте жақсы.  Сондықтан да беларус шұжықтарын сол мезетте талап алады. Сондықтан болар «Докторская» шұжығының сапасы туралы Павлодарлық «Рубиком» ЖШС біздің сауалымызға жауап бермеді, себебі жауап беретін түгі жоқ.  Беларустар өз өнімдерін әртүрлі қоспалар мен консерванттарды аз ғана қосып, таза еттен  жасайды. Ал біздің колбасалар – түгелдей қоспалардан тұрады. Енді не сапаны көтеру керек, не нарықтан мүлдем кету керек, себебі қазір халық қайсы дәмді екенін ұқты. 
 
Қазақстанның нарығына беларустық косметика да жақсылап кіріп келеді. Сондай-ақ, біздің көкөніс өсірушілер де жеңіл демін алды. Біздің картоптар – сәбіздерге Ресейліктер тоймайды, тіпті тамырына дейін  жеп қоярдай. Сапалы әрі арзан көкөністерді Ресейде де түк қоймай талап алады. Өмір өтіп барады. Халықтар жаһандық әлемде күнкөріс пен өзін өзі сақтау жолын іздестіреді. Болашағымыз кіммен бірге екені әбден түсінікті. ​