Жүйеге кіру
ЕАЭО-да импорт өнімінің қауіпсіздігін бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылданды

ЕАЭО-да импорт өнімінің қауіпсіздігін бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылданды

31.10.2019

«25 қазанда Мәскеуде әкелінетін өнімнің Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалауға өтініш берушілер ретінде әрекет ететін, шетелдік дайындаушылар өкілеттік берген тұлғалар бойынша Үкіметаралық кеңес қабылдаған шешімнің Еуразиялық экономикалық одақ нарығындағы импорттық тауарлардың қауіпсіздігін бақылаудың тиімді механизмін жасау үшін ерекше маңызы бар», - деп мәлімдеді Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Виктор Назаренко.

 

ЕЭК Министрі бұл шешім Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) үшінші елдерден қаупті өнімнің әкелінуінің алдын алу үшін жағдайлар жасау жөніндегі аса маңызды қадамдардың бірі болып табылатынын атап өтті. ЕАЭО туралы шарттың ережелерін ұлттық деңгейде еркін қолдану практикасы одақтың бірыңғай нарығына қауіпсіздігі тиісті түрде расталмаған импорттық өнім жеткізілімдеріне теңдесі жоқ қолайлы жағдайлар жасауға әкелді. Одақ нарығының қауіпті өнімдерден қорғалуының жеткіліксіз деңгейі ішкі нарықта ЕАЭО елдері өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне елеулі түрде әсер етеді, ол өз кезегінде айтарлықтай қосымша шығындарға және Одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсібі мен бизнесінің шығындарына әкеп соқтырады.

 

Виктор Назаренко атап өткендей, осы шешімнің мақсаты – Одақ мемлекеттерінің «дайындаушы өкілеттік берген тұлға» ұғымын бір үлгіде қолдануы арқылы қауіпті немесе қауіпсіздігі тиісті түрде расталмаған өнімді үшінші елдерден әкелуден ЕАЭО-ның ортақ нарығын қорғау. Тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шетелдік дайындаушылар өкілеттік берген тұлғалар Одақтың кедендік аумағында өнімнің сәйкестігін бағалау және оны айналымға шығару кезінде сол дайындаушының атынан әрекет етуге, сондай-ақ оның одақтық техникалық регламенттерге сәйкес келмеуі жағдайында жауап беруге тиіс.

 

Үкіметаралық кеңес шешім қабылдағанға дейін өздерін импортталатын өнімнің қауіпсіздігінің кепілі ретінде әрекет етуге және сол үшін жауапты болуға тиіс «шетелдік дайындаушылар өкілеттік берген тұлғалар» ретінде көрсететін бірқатар ұйымдардың қызметі практикада сертификаттау жөніндегі жосықсыз органдардың салғырттығы жағдайында өз қызметтерін шетелдік өнімді бес жылға дейінгі мерзімде сериялық өндіруге сертификаттар алумен, ал көптеген жағдайларда импорттаушыларға осы құжаттардың көшірмелерін сатумен шектелді. Аталған тұлғалар іс жүзінде осы тауарларды айналысқа шығармастан өнімнің қауіпсіздігі үшін жауаптылықтан жалтарды.

 

«Сертификаттар мен декларациялардың күмәнді нарығына қарсы іс-қимыл жасау Одақ құқығында нарыққа барлық қатысушылардың өнімнің қауіпсіздігі үшін жауапкершілігіне үйлестірілген тәсілдемелердің, сондай-ақ ұлттық және мемлекетаралық деңгейлерде сәйкестікті бағалау туралы негізсіз берілген құжаттардың күшін жоюдың тиімді механизмінің болмауынан айтарлықтай күрделі бола түседі», - деп мәлімдеді Виктор Назаренко.

ЕАЭО құқықтық актілерінің іске асырылуын мониторингтеу Одақ нарығында шетелдік дайындаушы өкілеттік берген жекелеген тұлғалардың ондаған шетелдік компаниялардың мүдделерін білдіруі және бұл ретте едәуір бөлігін контрафактілік тауарларға жатқызуға болатын қауіпсіздігі расталмаған импорт өнімдері жаппай әкелінетін жүздеген сертификаттарды иеленуі фактілерін анықтауға мүмкіндік берді. Одақтың тізіліміне енгізілген жарты миллионнан астам сериялық сертификаттардың негізгі бөлігін ЕАЭО-да шетелдік дайындаушылар өкілеттік берген тұлғалар шетелдік өнімге арнап берді. Бұл ретте сертификаттардың басым көпшілігін Ресей Федерациясының сертификаттау жөніндегі органдары берген.

 

«Шетелдік дайындаушы өкілеттік берген тұлға» ұғымын практикада қолдануға бір үлгідегі тәсілдемелер белгілеудің аса қажеттілігі анықталды. Бұл өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін бағалау саласында тәртіп орнату жөніндегі шаралар кешеніндегі негізгі және маңызды мәселелердің бірі. Және ЕЭК Үкіметаралық кеңес қабылдаған шешім аккредиттеу және сәйкестікті бағалау процестеріне қатысушыларды да, сонымен бірге Одақ елдерінің тиісті уәкілетті органдарын да ЕАЭО-ға әкелінетін өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі туралы берілген барлық құжаттарға ревизия жүргізуге мәжбүрлейді деп есептейді», - деді ЕЭК Министрі.

 

Үкіметаралық кеңестің шешімімен шетелдік дайындаушы өкілеттік берген тұлға сериялық дайындалатын шетелдік өнімді сертификаттауға өтініш беруші ретінде әрекет етуі мүмкін шарттар айқындалды.

 

Шешімде сондай-ақ мүше мемлекеттермен өзара іс-қимылда Одақ туралы шартқа және ЕАЭО-ның құқықтық актілеріне өнімді Одақ елдерінің аумағына әкелу сатысында қауіпсіздігі расталмаған немесе сәйкестікті бағалау туралы негізсіз берілген құжаттармен сүйемелденетін өнімнің жеткізілімдерін шектеуге мүмкіндік беретін тиісті түзетулер дайындау туралы ЕЭК тапсырмасы қамтылады.​