Жүйеге кіру
Тигран Саркисян Қырғызстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Тигран Саркисян Қырғызстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

IMG00375.jpg
31.08.2019

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян 31 тамызда Мәскеудегі «Кузьминки-Люблино» мемлекеттік музей-қорығы аумағында өткен «Қырғызстан Еуразиялық бірлікті жақтайды» этномәдени мерекесіне қатысты. Іс-шара Қырғыз Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылды және оны Қырғыз Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі қырғыз диаспорасының қоғамдық ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастырды.

ЕЭК атынан қырғыз халқын ең басты ұлттық мерекемен құттықтай келе,
Тигран Саркисян: «Бұдан 28 жыл бұрын Қырғызстан тәуелсіздігін жариялады. Сол кезден бастап оның жолында қиындықтар да, жетістіктер де болды. 2015 жылы ел тарихының жаңа парағы ашылды - Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа қосылды. Бұл қосылу қырғыз халқының басым көпшілігі қолдаған дана таңдау болды деген сенімдемін. Себебі бұл Қырғыз Республикасының экономикалық және әлеуметтік өркендеуінің жаңа мүмкіндіктерін ашты» деп атап көрсетті.

Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруінің Комиссия шығарған алғашқы қорытындылары қырғыз халқы таңдауының дұрыстығын айғақтады.

«180 млн адамы бар бірыңғай Еуразиялық нарыққа кіруден Қырғыз Республикасы елеулі экономикалық пайда алды
,- деп атап өтті ЕЭК Алқасының Төрағасы.- Бұдан басқа, бұл басқа мүше мемлекеттердің азаматтары сияқты, Қырғызстан азаматтарына да Одақтың барлық аумағында еркін жүріп-тұруға, қосымша талап етулерсіз жұмыс, әлеуметтік және медициналық қолдау алуға мүмкіндік берді. Олар балаларды бақшаға орналастыруда, мектептер мен жоғары оқу орындарында білім алуда барлық жерде тең мүмкіндіктерге ие. Бұл біздің ортақ мәдениеттану кеңістігіміз. Және мұның бәрі біздің Одағымызды алға қарай ойдағыдай ілгерілету үшін өте байсалды, іргелі алғышарттар қалайтынына көз жеткізіп отыр».

Сөзінің соңында
Тигран Саркисян Қырғызстан халқына бақыт, бейбітшілік және одан әрі өркендеу тіледі.

Қонақтар мен іс-шараға қатысушылар қырғыз халқының ұлттық және мәдени дәстүрлерімен танысты. Паркте киіз үйлер тігілген этностық шағын аула қанат жайды, қолданбалы өнер көрмесі және ұлттық
тағамдардан дәм тату ұйымдастырылды. Қырғыз диаспорасының артистері мен Ресей және Еуразия халықтары ассамблеяларының Мәскеудегі мәдени орталықтары өкілдерінің өнер көрсетуі болып өтті.