Жүйеге кіру
Дәурен Сәбитов ЕЭК-тің Көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры болып тағайындалды

Дәурен Сәбитов ЕЭК-тің Көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры болып тағайындалды

31.07.2020
Дәурен Қуанбекұлы Сәбитов Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін бітірген.

2013 жылдан бастап 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің транзиттік саясат және логистика департаментінің директоры болып істеді.

2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылғы 31 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссияның Көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры болып тағайындалды.​