Жүйеге кіру
ЕЭК ЕАЭО-ға әкелінетін ауыл шаруашылығы тауарларының жекелеген түрлеріне 2020 жылға арналған тарифтік квоталар белгіледі

ЕЭК ЕАЭО-ға әкелінетін ауыл шаруашылығы тауарларының жекелеген түрлеріне 2020 жылға арналған тарифтік квоталар белгіледі

31.07.2019

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы 31 шілдеде кедендік-тарифтік реттеу, халықаралық ынтымақтастық, экономиканы цифрландыру, статистика, жария құқық, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің ішкі нарығының жұмыс істеуі салаларындағы мәселелерді қарады.

ЕЭК Алқасы ЕАЭО-ға әкелінетін ауыл шаруашылығы тауарларының жекелеген түрлеріне 2020 жылға арналған тарифтік квоталар, сондай-ақ оларға арналған тарифтік квоталардың көлемін белгіледі. Мысалы, Беларусь үшін алдағы жылға арналған квота мынадай көлемдерде рұқсат етіледі: шошқа еті - 20 мың тонна, үй тауықтарының сүйектен ажыратылған еті - 10 мың тонна, күркетауықтардың сүйектен ажыратылған еті – 0,9 мың тонна. Қазақстан үшін ірі қара малдың етіне - 21 мың тонна көлемінде, құс етіне - 140 мың тонна көлемінде квота белгіленеді. Қырғызстан үшін квота ірі қара малдың етіне - 5 мың тонна, шошқа етіне - 3,5 мың тонна, құс етіне - 58 мың тонна құрайды. Ресей үшін ірі қара малдың етіне - 570 мың тонна, құс етіне - 364 мың тонна, сүт сарысуларына – 15 мың тонна көлемінде квота белгілеу көзделген. Армения 2020 жылға арнап тарифтік квоталар белгілеудің қажеттілігі жоқ екендігі туралы хабардар етті.

ЕЭК Алқасының шешімінде осымен бір мезгілде мүше мемлекеттердің тарифтік квоталардың көлемін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында ұлттық заңнамаға сәйкес бөлетіндігі көзделген. Олардың уәкілетті органдары белгіленген тарифтік квоталар шеңберінде өнім импортына арналған лицензиялар береді. Ресей тарифтік квоталар көлемін ұлттық заңнамасына және оның ДСҰ шеңберіндегі міндеттемесіне сәйкес үшінші мемлекеттер арасында бөлетін болады.

Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларымен салыстырғанда кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен ставкалары бойынша үшінші елдерден белгіленген тарифтік квоталар шегінде ауыл шаруашылығы өнімдерін әкелуге жол беріледі.

Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуропалық жария құқық ұйымы (ЕЖҚҰ) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум мақұлданды.

Кедендік реттеу саласында бірқатар жалпы процестер күшіне енгізілді. Олар кеден өкілдерінің, уақытша сақтау қоймалары иелерінің, кеден қоймалары иелерінің және кеден тасымалдаушыларының жалпы тізілімдерді қалыптастыруын, жүргізуін және пайдалануын қамтамасыз етеді. Алқаның тиісті өкімдері ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту үшін қабылданды.