Жүйеге кіру
ЭЫДҰ Еуразиялық экономикалық одақтың бәсекелестік құқығына шолу дайындайды

ЭЫДҰ Еуразиялық экономикалық одақтың бәсекелестік құқығына шолу дайындайды

Фото-Жумангарин-пресс-подход-31_01_2020.jpg
31.01.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесі 30 қаңтарда Алматыда (Қазақстан) Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) бәсекелестік құқығына Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) шолу өткізуін мақұлдады.

Көптеген жылдар бойы ЭЫДҰ ұйымға мүшелігіне қарамастан әртүрлі елдер үшін бәсекелестік саясатына шолулар дайындап келеді. Қазірдің өзінде Еуропалық одақ, Бразилия, Перу, Ресей, Қазақстан өздерінің бәсекелестікті реттеу құрылымдарын реформалау, күшейту және жетілдіру бойынша ұсыныстар алды.

«ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық бізге бәсекелестік құқық саласындағы таңдаулы әлемдік практикамен танысуға, бәсекелестік саласындағы халықаралық танылған сарапшылармен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді, ЕЭК-тің ЭЫДҰ Бәсекелестік жөніндегі комитетінің жұмысына қатысуы үшін негіз болады», – деп атап өтті ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Серік Жұманғарин.

ЕЭК министрінің сөзінше, шолу нәтижелері ЕАЭО-дағы бәсекелестік саясатының жай-күйін бағалауға, бәсекелестікті реттеудің жұмыс істеп тұрған институттарының тиімділігін тексеруге көмектеседі, Одақ шеңберіндегі ынтымақтастықтың басқа да бағыттары үшін жақсы бастау болады.​