Жүйеге кіру
ЕАЭО Фармакопеясының бірінші шығарылымын дайындау аяқталды

ЕАЭО Фармакопеясының бірінші шығарылымын дайындау аяқталды

01.jpg
30.12.2019

Еуразиялық экономикалық комиссияда (ЕЭК) Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Фармакопеясының бірінші шығарылымына енген жалпы фармакопеялық құжаттардың 157 жобасын ғылыми және техникалық редакциялау аяқталды. 27 желтоқсанда бұл жобаларды Еуразиялық экономикалық одақтың Фармакопея комитетінің төрағасы Елена Саканян бекітті. ЕАЭО Фармакопеясын бекіту туралы мәселені таяу уақытта Комиссия Алқасының отырысына шығару жоспарланып отыр.

Бірінші шығарылымға енгізілген жалпы фармакопеялық құжаттар талдамалық зерттеулерді орындау үшін жабдықтарға, реактивтерге қойылатын талаптарды, талдаудың физикалық және физикалық-химиялық әдістерінің сипаттамасын, фармацевтикалық-технологиялық сынақтарды, сондай-ақ дәрілік нысандарды сынауға қойылатын жалпы талаптарды қамтиды.

ЕАЭО Фармакопеясы өңірлік мәртебеге ие болады және дәрілік заттардың сапасын нормалаудың, ЕАЭО-дағы жалпы дәрі-дәрмек нарығы үшін дәрілік заттардың химиялық-талдамалық сынақтары процестерін стандарттаудың негізі ретінде пайдаланылады.​