Жүйеге кіру
Кеден одағы мен Еуропалық одақтың ветеринарлық қызметтерінің келіссөздері болып өтті

Кеден одағы мен Еуропалық одақтың ветеринарлық қызметтерінің келіссөздері болып өтті

30.11.2012

26-27 қараша күндері Кипр елінде Кеден одағы мен Еуропалық одақтың ветеринарлық қызметтерінің келіссөздері болып өтті. КО ветеринарлық сертификаттарының бірыңғай нысандарынан ерекшеленетін ветеринарлық сертификаттар әзірлеу мәселелерін талқылауда Кеден және Еуропалық одақ елдерінің, Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК), Еурокомиссияның денсаулық сақтау және тұтынушыларды қорғау Бас директоратының (DG SANGO) өкілдері қатысты.

 Еуразиялық экономикалық комиссияның делегациясын ЕЭК Ветеринарлық шаралар бөлімінің бастығы Валерий Ситников бастап барды. Оның айтуынша, Еуроодақтың өкілдеріне Кеден одағына экспортталатын олардың мал текті шикізаттарына, еттеріне, шикі ет өнімдеріне, сондай-ақ ірі қара малды (ІҚМ) сою және өңдеу жолымен алынған ішек-қарын өнімдеріне берілетін парафирленген ветсертификаттар табыс етілген.

 ЕЭК Санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар Департаментінің директоры Олег Арнаутов өз сөзінде былай деді: «Бұл аталған сертификаттар Еуроодақ елдері қажетті қорғаныс деңгейлерімен қорғалған ветеринарлық сертификаттардың үлгілерін бланктар түрінде ұсынғаннан кейін ғана күшіне енбек».

 Келіссөздердің барысында Қазақстанның өкілдері Еуропадан импортталатын малдарға қатысты өзекті мәселелерді қозғады. Еуроодақтың кейбір елдерінен келген ӘҚМ бірқатар дерттерінің анықталуына және де ветеринарлық сертификаттау ережелерінің бұзылуы жағдайлары анықталғандығына қарай, Қазақстанда Еуроодақтан мал жеткізуге шектеу қойылды. Ресей мен Беларусь өкілдері, бұл ретте Еуроодақ мұндай орын алған проблемаларды тиісті түрде шешпей отырғанын атап өтті.

 Тараптар мынадай уағдаластыққа келді. Еуроодақ 10 желтоқсанға дейін 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдану жоспарланып отырған еуроодақ пен Ресейдің арасында бұдан бұрын келісілген ветсертификаттардың тізімін Кеден одағы елдеріне табыс етеді. Оның үстіне, Еуроодақ, ветсертификаттар тізімінен қолданылу мерзімдерінің ұзартылу орындылығы еуропалық тараппен негізделген Кеден одағы елдері мен Еуроодақ арасында келісілген құжаттардың тізбесін табыс етеді.