Жүйеге кіру
ЕЭК Кеңесінің қорытындылары

ЕЭК Кеңесінің қорытындылары

30.10.2020

Еуразиялықэкономикалық комиссия Кеңесінің 30 қазандағы отырысында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Куба РеспубликасынаЕуразиялық экономикалық одақ жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін беру туралы шешімінің жобасымақұлданды. Түпкілікті шешімді Одақ мемлекеттерінің басшыларықабылдайтын болады.

ЕЭК Кеңесі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің ЕАЭО шеңберінде қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығы жұмыс істейтін қызметтер көрсету секторларының (кіші секторларының) тізбесіне өзгерістер енгізу туралы жәнеЕуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін Уақытша келісімнің 1.3-бабын іске асыру туралы шешімдерінің жобаларын мақұлдады.

Бұдан басқа, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің өкімдері мен шешімдерінің жобалары қаралды. Атап айтқанда, ЕАЭО шеңберіндеқұрылыс саласындақызметтер көрсетудің бірыңғайнарығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажеттііс-шаралар жоспары.

ЕЭК Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін тауарлар туралы хабардар ету жүйесін қалыптастыру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды аяқтау мерзімі — 2021 жылғы 1 шілдедеп айқындады.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және ЕАЭО-ның кедендік аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылауға (қадағалауға)жататынкарантинге жатқызылған өнімдер тізбесіне де өзгерістер енгізілді.

Кеңес мүшелері Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стартегиялық бағыттарыныңқосымша пысықтауды талап ететін жекелеген мәселелерінталқылады. Бұдан бұрын Қырғыз Республикасы Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стартегиялық бағыттарыныңжобасына жаңа ЕАЭО-ны дамыту институтын құру туралы, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған даму институттары шеңберінде ЕАЭО өңірлерініңқуып жетуші экономикаларын дамыту үшіннысаналы қаржыландырудың механизмдері мен бағдарламаларын ендіру туралы қосымша ұсыныс енгізген еді.

ЕАЭО-ның сыртқы экономикалық қызметінің мәселелері қаралды, Одақтың ішкі нарығындағы тосқауылдарды жою жөніндегі жұмыс барысы ұсынылды. Навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, тауарлардың транзиттік тасымалын қадағалап отыру жүйесі негізінде ЕАЭО-да тауарлардың кедендік транзитінің бірыңғай жүйесін дамыту жөніндегі «жол картасына» өзгерістер енгізілді.​