Жүйеге кіру
Андрей Слепнев ЕАЭО мен Қытайдың сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытудың «жол картасын» әзірлеуді ұсынды

Андрей Слепнев ЕАЭО мен Қытайдың сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытудың «жол картасын» әзірлеуді ұсынды

30.10.2020

28 қазанда ЕАЭО мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі Бірлескен комиссияның Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Андрей Слепнев пен ҚХР Коммерция министрінің орынбасары Ван Шоувэнь төрағалық еткен бірінші отырысында сауда-экономикалық қатынастардың дамуы қаралды. Тараптар келісімді іске асыруға бағытталған«жол картасын» әзірлеуді талқылады.


Бірлескен комиссияның тең төрағалары коронавирус пандемиясы инфекциясына қарамастан, ЕАЭО мен ҚХР арасындағы өзара тауар айналымы болмашы (6,3%) қысқарғанын және үстіміздегі жылғы қаңтар-тамыз ішіндегі деректер бойынша 79,1 млрд АҚШ долл.жеткенін атап өте келіп, 2020 жылғыөзара тауар айналымы мен инвестициялық ынтымақтастықтың жай-күйі туралы пікір алысты. ЕАЭО-ның сыртқы сауда айналымында Қытай 20% үлеске ие және бұл көрсеткіш бойынша басқа шетелдік әріптестерден озық тұр.


Ван Шоувэнь пандемия аясында тікелей инвестициялар көлемінің жаһандық қысқаруы ЕАЭО мен ҚХР арасындағы ынтымақтастыққа әсерін тигізбегенін, Қытайдың ЕАЭО-ға мүше мемлекеттергеинвестициясы бұл жылы 8% өсім көрсетіп, шамамен 700 млн АҚШ долл.құрағанын атап өтті.


Отырыс барысында ЕАЭО бастамасы бойынша сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту жоспарларына қатыстынеғұрлым маңызды уағдаластықтарға қол жетті.


Андрей Слепнев ЕАЭО елдері мен Қытайдың саудасы үшін жұмысты шынайы нәтиже беретін практикалық бағыттарға шоғырландыру қаажеттігі туралы мәлімдеді.Бұл жұмыс жүйелі әрі жоспарлы негізде жүруі үшін«сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың «жол картасын» әзірлеген орынды. Ол негізгі бақылау нүктелері мен ынтымақтастықтың, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту, шекаралық өткізу пункттерінің инфрақұрылымын жаңғырту, цифрландыру және «ақылды» технологиялар саласындағы бағыттарын кірістіре алады», —деп атап өтті ЕЭК министрі.


Ол «жол картасында» «регуляториканы жақындату және жалпы, сауданы оңайлататын шешімдерді ендіру жөніндегі жоспарларды» көрсетуді ұсынды. «Жол картасы»ынтымақтастықты дамытудың толық мәнді, қосымша құралы бола алады жәнеБірлескен комиссия отырыстары арасында жұмысты нақты бағыттар бойынша құруға көмектеседі», —деп мәлімдедіАндрей Слепнев.


Қытай тарапынан өкілдік еткенБірлескен комиссияның тең төрағасы Ван Шоувэнь «жол картасының» тәсілдемелерін әзірлеукезінде «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының оң тәжірибесін ескеруді ұсынды және мұны бұл реттеЕАЭО мен ҚХР арасындағы сауда байланыстарын тереңдету жөніндегі бұдан да өршіл жоспарларды іске асыру мүмкіндігін ескере отырып, басқа кооперациялық бағыттарға таратуды ұсынды.


«Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы – Жібек жолының Экономикалық белдеуінің маңызды тораптық орталығы. Ол көлік инфрақұрылымы, сауда, қаржы логистикасы мен мәдени алмасулар негізіндеҚытайды Орталық Азиямен және Еуропамен байланыстырады.

 

Бұдан басқа,Бірлескен комиссия шеңберінде Қытай нарығына, соның ішінде Ресей Федерациясынан шошқа еті мен дәнді дақылдар өнімінің және Қырғыз Республикасынан ұсақ мүйізді мал (ҰММ) еті мен дәнді-бұршақты дақылдар өнімініңжеткізілуін шектейтінжекелеген мәселелердіңшешілуі қажеттігіне сүйене отырып,ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын кеңейту мәселелері талқыланды.


ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Қытай бизнесінен түскен мәселелерге айрықша көңіл бөлінді, атап айтқанда, Қытай тарапы Одақтың және ҚХР-дың компанияларыарасындағы бизнес-байланысуларды жолға қоюға жәрдемдесуге дайындығын атап өттіәрі қазірдің өзіндеЕАЭО-ның қант пен ұн өндірушілерімен байланысу жолдарын ҚытайдыңCOFCO ұлттық корпорациясынаберді. Комиссия өз кезегінде ҚХР бизнесін толғандырып жүрген мәселелер бойынша, соның ішінде ЕАЭО-ның «Энергия тұтынушы құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы»техникалық регламентін (ЕАЭО ТР 048/2019) қолдануға қатысты түсіндіру берді.

 

Бірлескен комиссия отырысында сауданы қорғау шаралары саласындағы ынтымақтастық, ЕАЭО мен ҚХР нарықтарына міндетті техникалық талаптар бұзыла отырып түсетін өнім туралы келісіммеханизмдері арқылы ақпарат алмасу сияқты жәйіттер мен тауарлардың өзара айналымын шектейтін техникалық реттеудің басқа мәселелері де талқыланды.


Отырысты қорытындылай келіп, Андрей Слепнев: «Бірлескен комиссияның алғашқы отырысы – бұл бастау ғана, белгіленген бағыттар бойыншабұдан да ауқымды жұмысты өрістетудің старты. Отырыс бұдан арғы барлық деңгейдегі қадамдарымызға қажетті серпім береді дегенүміттемін, өйткені біз үшін Қытаймен өзара іс-қимыл басымдық болып табылады», — деп атап өтті.


Ван Шоувэнькелісімді іске асыру өңірлік экономикалықинтеграция үшін орта құрады деп сенетінін білдіре отырып, ЕАЭО мен Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасын ұштастыру үшін келісімнің жоғары маңызы бар екенін атап көрсетті.


Анықтама


2018 жылғы 17 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім 2019 жылғы 25 қазанда күшіне енді.

Бірлескен комиссия келісімнің 12.1-бабына сәйкес құрылды. Бірлескен комиссияның функциялары тараптардың өзара келісуі бойыншареттелетін не келісімді орындаумен байланыстыкез келген мәселені қарауды көздейді.

 

Бірлескен комиссия келісім шеңберінде құрылған негізгі диалог механизмі болыптабылады. Ол оның имплементациясыныңтиімділігін арттыруға және ЕАЭО мен ҚХР арасындағы ынтымақтастықты ​нығайту үшін байланыс жасауға тиіс.​