Жүйеге кіру
ЕАЭО елдері COVID-19 пандемиясы жағдайындағы өзара іс-қимылдың жаңа форматын белгіледі

ЕАЭО елдері COVID-19 пандемиясы жағдайындағы өзара іс-қимылдың жаңа форматын белгіледі

30.03.2020

ЕЭК Кеңесі кезектен тыс отырысының (25 наурызда болып өткен) СОVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау және ЕАЭО мемлекеттерінің экономикалары үшін теріс салдарын жою жөніндегі шараларды іске асыру туралы өкімі жарияланды. Құжатта жаңа жағдайлардағы Одақ мемлекеттері арасындағы өзара іс-қимылдың форматы туралы айтылады.

 

Мәселен, елдердің үкіметтеріне COVID-19 таралуына ден қоюдың айрықша қажеттілігіне байланысты уақытша шектеулерді енгізу туралы нормативтік актілердің жобалары бойынша Комиссия Кеңесі мүшелері деңгейінде алдын ала консультацияларды жедел жүргізу қажеттігін негізге алу ұсынылады. Бұл ретте Комиссия тиісті консультациялар өткізуді күнтізбелік 2 күннен кешіктірмей қамтамасыз етуі қажет. Уақытша шектеулерге бастамашы болатын ЕАЭО елдеріне гуманитарлық көмек көрсету мүмкіндігі туралы ұсыныстарды көздестіру де ұсынылады.

 

Комиссия Одақ елдерінің үкіметтерімен өзара іс-қимылда 3 сәуірге дейін ЕАЭО аумағындағы пандемия жағдайында COVID-19 инфекциясының таралуының алдын алу бойынша жүйелі шаралар пакетін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар дайындауы қажет.

 

Құжат мәтінімен сілтеме бойынша толығырақ танысуға болады.