Жүйеге кіру
Қызылмойын ұзын мұртты қоңыз, қоңыр-мәрмәр қандала және өзге де қауіпті зиянкестер ЕАЭО елдеріне кіре алмайды

Қызылмойын ұзын мұртты қоңыз, қоңыр-мәрмәр қандала және өзге де қауіпті зиянкестер ЕАЭО елдеріне кіре алмайды

IMG_7107.jpg
30.03.2018
 
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің екі шешімі Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріндегі карантиндік фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. 

ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-ның кедендік шекарасы мен кедендік аумағындағы карантинге жатқызылған өнімдер мен объектілерге қойылатын Бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарға, сондай-ақ ЕАЭО-ның Бірыңғай карантиндік объектілер тізбесіне енгізілетін өзгерістерді бекітті.

Өзектендірілген құжаттар Одаққа  ауыл шаруашылығы дақылдарына елуден астам зиян келтірушілердің, соның ішінде қызылмойын ұзын мұртты қоңыз, қызанақ трипсі, бүлдірген бүршігін жегіш, шығыс жеміс шыбыны, қоңыр-мәрмәр қандала сияқты қауіпті зиянкестердің енуіне жол бермеуге көмектеседі.

Мысалға, қызылмойын ұзын мұртты қоңыздың отаны Қытай болып табылады, одан ол әлдеқашан көршілес елдерге тіпті Америкаға да өтіп кеткен. Қоңыздың негізгі зияны дәнегі мен сүйегі бар дақылдарға тиеді. Бұл жәндік ЕАЭО-ға сәндік және жеміс ағаштарының көшеттерімен, сүрекпен, сүректі қаптауыш материалдармен де келуі мүмкін.

Қызанақ трипсі - өте кішкентай өлшемді жәндік, Африкада, бірқатар Азия елдерінде, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, мұхиттарда таралған, сондай-ақ ЕАЭО мемлекеттерінің ауыл шаруашылығына үлкен залал келтіруі мүмкін. Трипс жылдам көбейе отырып, қызанақ, жүгері, қияр, салат, пияз, күнбағыс, көптеген гүл дақылдарын жояды.

Жақын арада «Россельхознадзор» Абхазияда қоңыр-мәрмәр қандаланың таралуына байланысты бұл республикадан Ресейге қол жүгіндегі барлық өсімдіктен жасалған тауарларды әкелуге шектеу енгізді. Зиянкес жүзім өсіруші мен шарап жасаушыларды ерекше мазалайды, себебі жидекті зақымдап қана қоймай, сондай-ақ шарап сапасының өзіне әсер етеді. Бұдан басқа, бұл жәндікпен көршілес болу адам үшін өте жағымсыз, себебі қоңыр-мәрмәр қандала аллергияны тудыратын, күйдірілген резеңке немесе кинзаның иісіне ұқсас өткір иіс шығарады.

ЕЭК Кеңесінің шешімдері арқасында енді осы және өзге қауіпті зиянкестерге Одақ мемлекеттерінің аумағына ену және таралу қиынға түседі. Яғни, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары және көкөніс, жеміс пен гүл өсіретін азаматтар егіні үшін алаңсыз бола алады.