Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасы Қытайдан және Малайзиядан әкелінетін құбырларға демпингке қарсы баждардың қолданылу мерзімін ұзартты, газ турбиналарына кедендік баждарды көтерді

ЕЭК Алқасы Қытайдан және Малайзиядан әкелінетін құбырларға демпингке қарсы баждардың қолданылу мерзімін ұзартты, газ турбиналарына кедендік баждарды көтерді

03.04.2018
 
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде сауда, кедендік ынтымақтастық және техникалық реттеу мәселелері Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының отырысында 3 сәуірде талқыланды. Қытайдан және Малайзиядан тот баспайтын болаттан жасалған суықтай деформацияланған жіксіз құбырларға демпингке қарсы баждың қолданылу мерзімі  ұзартылды, газ турбиналарының жекелеген түрлеріне кедендік баждар кедендік құннан 3-5%-ға дейін көтерілді.

ЕЭК Алқасының мүшелері Қытайдан және Малайзиядан тот баспайтын болаттан жасалған суықтай деформацияланған жіксіз құбырларға қатысты кедендік құннан 19,15% көлеміндегі демпингке қарсы баждың қолданылу мерзімін қайталап тергеп-тексеру жүргізу кезеңіне - қоса алғанда 2019 жылғы 18 қаңтарға дейін ұзартты.

2013 жылғы сәуірде демпингке қарсы шара Қытайдан әкелінетін құбырларға қатысты белгіленген, ал 2017 жылғы желтоқсанда Малайзиядан әкелінетін құбырларға да қолданыла бастады, себебі өнімді малайзиялық аумақ арқылы жеткізу ҚХР өндірушілеріне баж салығын төлеуден жалтару мүмкіндігін бергені анықталды. Шара қоса алғанда 2018 жылғы 14 мамырға дейін қолданылуы тиіс еді.

Мерзімнің аяқталуының жақындауына байланысты ЕЭК-ке қайталап демпингке қарсы тергеп-тексеру жүргізу туралы өтініш келіп түсті. Ондағы ұсынылған мәліметтер арнайы баждың күшін жоя отырып, Қытай мен Малайзиядан құбырларды демпингпен импорттауды жалғастыру мүмкіндігі туралы алдын ала қорытынды жасауға көмектесті. Бұл қайталап тергеп-тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады, бұл уақытқа демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімі ұзартылады.

ЕЭК Алқасы қуаты 5 000 кВт-тан артық, бірақ 20 000 кВт-тан аспайтын, ЕАЭО СЭҚ ТН 8411 82 200 1 коды, газ турбиналарына Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (ЕАЭО БКТ)  кедендік баж ставкаларын кедендік құннан 3% көлемінде белгіледі. Қуаты 20 000 кВт-тан артық, бірақ 50 000 кВт-тан аспайтын турбиналарға, ЕАЭО СЭҚ ТН 8411 82 600 1 коды -  5% көлемінде белгіленді. Шешім 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

Қазіргі таңда қаралып жатқан тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының нөлдік ставкасы қолданылады.

Турбиналар негізінен газ тасымалдау магистральдарындағы және газ қоймаларындағы компрессорлық станцияларда газ айдайтын агрегаттар (ГАА) құрамында жетек ретінде пайдаланылады.

ЕЭК статистикасына сәйкес 2014-2017 жылдары қуаты 5 000 кВт-тан артық, бірақ 20 000 кВт-тан аспайтын газ турбиналары тек Ресейге ғана импортталатын. Қуаты 20 000 кВт-тан артық, бірақ 50 000 кВт-тан аспайтын турбиналар 2015 жылы негізінен Қазақстан нарығына, 2017 жылы - тек Ресейге жіберілді.

ЕАЭО нарығына газ турбиналарды негізгі шетелдік жеткізушілер Siemens (компанияға тиесілі Германия, Англия және АҚШ-тағы зауыттар өндіреді), General Electric (АҚШ), Alstom (Швейцария және Франция), Solar Turbines (АҚШ), Mitsubishi Heavy Industries (Жапония) және басқалары болып табылады. Олар Одақ нарығының айтарлықтай бөлігін алып отыр.

Ресей тарапының есебі бойынша, турбиналарға кедендік әкелу баждарының ставкаларын көтеру шетелдік өнімді Ресейде өндірілген баламаларға айтарлықтай дәрежеде алмастыру мүмкіндігін береді. 2016 жылы Ресейдегі газ турбиналарды өндіру бойынша өндірістік қуаттардың  жүктелу деңгейі 50% құрады.

Қабылданған шара ЕАЭО кәсіпорындарындағы газ турбиналардың өндірісін кеңейту және жаңарту, оларды дайындау кезіндегі шығыстарды қыстарту, сонымен қатар Одақта өндіру есебінен ішкі нарықтағы турбина тұтынушылығын шамамен толықтай қанағаттандыру мүмкіндігін береді.

Одақ аумағына құрастырылмаған немесе бөлшектенген күйінде әкелінетін және оларға қатысты сыныптау  туралы шешімді ЕАЭО мемлекеттерінің кеден органдары қабылдай алатын тауарлар тізбесі бекітілді.

Тізбеге ядролық реакторлар мен қазандықтар, дыбыс жазатын және дыбыс жаңғыртатын аппаратура, телевизиялық сурет пен дыбысты жазуға және жаңғыртуға арналған аппаратура кірді. Сондай-ақ, онда - фотографиялық, кинематографиялық, өлшеуіш және бақылау аспаптары бар (ЕАЭО СЭҚ ТН 84, 85, 90 топтары). Бұдан басқа, тізімге ЕАЭО СЭҚ ТН 86-89 топтарының көлік құралдары қосылған: кемелер, қайықтар және жүзетін құрылымдар, ұшатын және ғарыштық аппараттар, теміржол локомотивтері, трамвайлар және өзге жылжымалы құрам.

ЕЭК Алқасының шешімі көпірлерге, оның қара металдан жасалған секцияларына, мұнаралары мен өзге құрылымдарына, сыйымдылығы 300 литрден артық қара металдан жасалған әртүрлі суқоймаларына және құрама құрылыс құрылымдарына қолданылады (ЕАЭО СЭҚ ТН 7308, 7309 00, 9406 тауар позициялары).
Тізбеге енген жабдықты құрастырылмаған немесе бөлшектенген күйінде, соның ішінде жинақталмаған немесе аяқталмаған күйінде, әртүрлі партиялармен белгіленген мерзім ішінде, алайда тауардың бірінші компонентіне декларацияны тіркеген күннен бастап екі жылдан кешіктірмей әкелуге немесе шығаруға болады.

ЕЭК Алқасы медициналық бұйымдар айналысы саласындағы үш құжатты: ЕАЭО Медициналық бұйымдар номенклатурасының паспортын, Медициналық бұйымды тіркеу дерекнамасының құжаттар түрінің сыныптауышын және Медициналық бұйымдарды пайдалануға байланысты жағымсыз оқиғалар түрінің сыныптауышын бекітті.

Сыныптауыштар Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесінің ресурстарының құрамына енгізіледі. Олардың операторы болып Денсаулық сақтау саласындағы қадағалау жөніндегі федералдық қызмет айқындалған.

Қабылданған құжаттар Одақ шеңберінде тіркелген бірыңғай медициналық бұйымдар тізілімін, сондай-ақ медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасын және тиімділігін мониторингтеу жөніндегі бірыңғай ақпараттық дерекқорды қалыптастыруға, жүргізуге және пайдалануға қатысты жалпы үрдістерді іске асыруды қоса алғанда, ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарының электрондық өзара іс-қимылы кезінде пайдаланылады деп бағамдалуда.  

Бұдан басқа, сыныптауыштар медициналық бұйымдарды Өтініштер мен тіркеу дерекнамасы құжаттарының электрондық түріне қойылатын бірыңғай талаптарға сәйкес тіркеу және сараптама жүргізу туралы өтінішті дайындау кезінде қажет болады.