Жүйеге кіру
Пиротехникалық бұйымдарға арналған техникалық регламент стандарттарының қолданылу мерзімі ұзартылды

Пиротехникалық бұйымдарға арналған техникалық регламент стандарттарының қолданылу мерзімі ұзартылды

29.07.2020
ЕЭК Алқасы Ресей Федерациясының Одақтың «Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (КО ТР 016/2011) стандарттарының тізбесіне кірістірілген екі ұлттық стандартының - «Пиротехникалық бұйымдар. Қауіпсіздік жалпы талаптары» МемСТ Р 51270-99 және «Пиротехникалық бұйымдар. Сынау әдістері» МемСТ Р 51271-99 қолданылу мерзімін 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартты.

Көрсетілген мерзім Ресей Федерациясына МемСТ Р деректерін ауыстыратын «Пиротехникалық бұйымдар. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары» МемСТ 33732-2016 және «Пиротехникалық бұйымдар. Сынау әдістері» МемСТ 33950-2016 мемлекетаралық стандарттарына қосылу жөніндегі жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді.​