Жүйеге кіру
Андрей Слепнев Женевада БҰҰ жүйесі ұйымдарының басшыларымен қазіргі заманғы әлемнің экономикалық сын-қатерімен бірлесіп жұмыс істеу жайын талқылады

Андрей Слепнев Женевада БҰҰ жүйесі ұйымдарының басшыларымен қазіргі заманғы әлемнің экономикалық сын-қатерімен бірлесіп жұмыс істеу жайын талқылады

Слепнев-ЮНКТАД-26_03_2021.jpg
26.03.2021

Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Андрей Слепнев өзінің Швейцарияға жұмыс сапары шеңберінде БҰҰ Женевадағы бас директорымен, сондай-ақ БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД), БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) және Халықаралық сауда орталығының (ХСО) басшыларымен кездесулер өткізді.

 

БҰҰ Бөлімшесінің бас директоры Татьяна Валоваямен әңгімелескен кезінде министр Еуразиялық экономикалық одақты халықаралық жайғастыруды нығайту жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыс туралы хабардар етті. Андрей Слепнев БҰҰ Бөлімшесінің басшысына: «Біз үшін Комиссияның Женевадағы БҰҰ жүйесі ұйымдарымен ынтымақтастығын дамытуды Сіздің қолдауыңыз өте-мөте маңызды», — деп қайырылды.

 

ЮНКТАД бас хатшысының міндетін уақытша атқарушы Изабель Дюранмен кездесу барысында ЕЭК министрі екі ұйымның ынтымақтастық деңгейінің жоғарылығы және оның нәтижелерінің тарифтік емес тосқауылдарды жою, тұтынушылар құқықтарын қорғау, электрондық сауда мен басқа да осы сияқты мәселелердегі маңыздылығын атап көрсетті.

 

Андрей Слепнев диалогты жалғастырудың маңыздылығына, сондай-ақ Комиссияның ЮНКТАД алаңында өткізілетін зерттеулер мен талқылауларға өз үлесін қосуға дайын екендігіне әріптестерінің назарын аударды. «Бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан, катализаторы COVID-19 болған экономикаларды технологиялық трансформациялау және тиісті жаңа ұлттық әрі өңірлік цифрлық платформаларды құру олардың өзара интеграциясы бөлігінде жаңа проблемалар тудырмай, келісілген түрде жүруі үшін бірлесіп жұмыс істеу қажет», — деп назар аударды министр.

Тараптар таяудағы уақытта қолда бар ынтымақтастық жоспары бойынша қосымша пікір алмасу жүргізуге және оларды іске асыруға кірісуге уағдаласты.


Өз кезегінде, БҰҰ ЕЭК атқарушы хатшысы Ольга Алгаерова ЕАЭО үшін БҰҰ ЕЭК-тің цифрлық көлік дәліздері (электрондық құжаттарды үндестіруді қоса), циркулярлық экономика бағыттары, электрондық сауданы дамыту мәселелері бойынша жұмысының барынша өзекті екендігі туралы хабардар етілді. Бұдан басқа, министр БҰҰ ЕЭК-тің Орталық Азия өңірінде байланыстылықты нығайту жөнінде қабылдап жатқан күш-жігеріне қолдау білдірді.

 

Кездесу шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссия мен БҰҰ ЕЭК-тің алдағы жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарын келісу аяқталды, таяудағы уақытта аталған уағдаластықты рәсімилеу өткізілетін болады.

 

ХСО атқарушы хатшысы Памела Кок-Гамильтонмен ынтымақтастықтың бірлескен мүдделілік білдірілген негізгі бағыттары бойынша уағдаластыққа қол жетті. Андрей Слепнев әріптестеріне Еуразиялық экономикалық комиссия өзара іс-қимылды тереңдетудің, соның ішінде жобалық форматтағы, электрондық сауда мен цифрлық көлік дәліздері саласындағы мүмкіндіктерін қарайды деп хабарлады.

 

Кездесулер барысында министр халықаралық ұйымдардың өтіп жатқан технологиялық трансформация кезеңінде оңтайлы шешімдер іздеу жолындағы алаң ретіндегі маңыздылығын айрықша атап көрсетті.


2021 жылы Одақ органдарында төрағалықты жүзеге асыратын мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының БҰҰ Бөлімшесі жанындағы және Женевадағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі ұйымдастырған ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Женевадағы Тұрақты өкілдіктерінің басшыларымен Андрей Слепневтің әңгімелесуі барысында да сапардың негізгі мазмұны мен ағымдағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.​