Жүйеге кіру
ЕЭК министрі Сергей Глазьев пен Иранның РФ-тегі Елшісі Казем Джалали өзара іс-қимылдың перспективаларын талқылады

ЕЭК министрі Сергей Глазьев пен Иранның РФ-тегі Елшісі Казем Джалали өзара іс-қимылдың перспективаларын талқылады

26.03.2021

Мәскеуде Иран Ислам Республикасының Елшілігінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьевтың Иран Ислам Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Казем Джалалимен кездесуі болып өтті.

 

Кездесу барысында өзара пайдалы ынтымақтастықтың, соның ішінде сауда, инвестициялар мен қызметтер көрсету саласындағы перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, Иран мен Ресейдің халықаралық күн тәртібінде көптеген ортақ нәрсе бар екендігі атап өтілді. Бәрінен бұрын экономикалық өзара іс-қимыл маңызды рөл атқарады.

 

Иран Елшісі Иран Парламентінің еркін сауда аймағы туралы уақытша преференциялы келісімді ратификациялағанын хабарлады. Тараптардың пікірінше, бұл өзара тиімді ынтымақтастыққа оң серпім береді.

Сергей Глазьев ирандық әріптестерін Еуразиялық экономикалық одақтың өзекті күн тәртібімен таныстырды.

 

Казем Джалали Иранның ЕАЭО елдерімен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және дамытуға үлкен үміт артып отырғанын атап көрсетті және алдағы келіссөздер үшін сәуір айында Комиссияның штаб-пәтерінде болу тілегін білдірді.​