Жүйеге кіру
ЕЭК ЕАЭО бизнесі үшін қолайлы бәсекелестік орта қалыптастыруды жалғастырады

ЕЭК ЕАЭО бизнесі үшін қолайлы бәсекелестік орта қалыптастыруды жалғастырады

Шаккалиев-благоприятная среда для бизнеса-26_03_2021.jpg
26.03.2021

Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі Арман Шаққалиев бұл туралы Ресей корпоративтік заңгерлер бірлестігінің жыл сайынғы «Салауатты экономика – салауатты бәсекелестік» монополияға қарсы форумының бейінді сессиясы барысында айтып берді. Оның сөзінше, Комиссия қолданатын, соның ішінде өзіне «жұмсақ құқықтың» алдын ала ескерту мен алдын ала сақтандыру, монополияға қарсы комплаенс жүйесі құралдарын кірістіретін бастамашыл монополияға қарсы регуляторика бизнес өкілдерінің бойында тиісті сана қалыптастыруға бағытталған.

 

«Жоғары сенім деңгейі, түсіністік пен өзара іс-қимыл – құқықтық дұрыс болжау кеңістігін құрудың кілті», — деп атап өтті Арман Шаққалиев.

Бүгінде ЕАЭО құқығына әзірленген және ендірілген «жұмсақ құқық» құралдары монополияға қарсы реттеудің маңызды элементі болып отыр: алдын ала ескерту мен алдын ала сақтандыру беру трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестікті ұзақ әрі шығынды әкімшілік рәсімдерінсіз қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Комиссияның алдын ала ескертуі нарық субъектісінен бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу белгілері бар іс-әрекетті тоқтатуды талап етеді. Алдын ала ескерту талабын орындаған субъект жауапкершілікке тартылмайды және айыппұл санкцияларынан аулақ тұрады.

 

Егер тұлға трансшекаралық нарықта жоспарланып отырған мінез-құлқы туралы жария (мысал үшін, БАҚ-та, конференцияларда, таныстырылымдар барысында) мәлімдесе, оған Комиссияның алдын ала сақтандыруы шығарылуы мүмкін.

 

Желілік ретейл нарығында бәсекелестік қағидаларының бұзылуына жол бермеу үшін Комиссияның монополияға қарсы блогы сауда желілері мен жеткізушілердің өзара іс-қимылы жөніндегі адал практикалар кодексін әзірлеуге бастамашылық жасады. Бұл құжат өндірушілерге, жеткізушілерге және сауда желілеріне қатысты өзін өзі реттеудің тиімді құралы болуға тиісті ұсынымдалатын қағидалар жиынтығы ретінде қарастырылады.

Алқа мүшесі Комиссия өткен жылы әзірлеген, биылғы 12 қаңтарда күшіне енгізілген Мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларын да ЕЭК-тің бизнеспен өзара пайдалы ынтымақтастығының оң мысалы ретінде келтірді.

 

Форум аясындағы пікірсайыстарға Еуразиялық экономикалық комиссия атынан Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаментінің директоры Әлия Жұмабаева мен Монополияға қарсы реттеу департаментінің директоры Алексей Сушкевич қатысты.