Жүйеге кіру
Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаментінің директоры Р. Ақбердин «Россия мен ДСҰ» конференциясына қатысты

Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаментінің директоры Р. Ақбердин «Россия мен ДСҰ» конференциясына қатысты

29.11.2012

27 қараша күні Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаментінің директоры Рустам Ақбердин «White & Case LLC» заңгерлік компаниясының мәскеулік кеңсесінде өткізілген «Ресей мен Дүниежүзілік сауда ұйымы» конференциясына қатысты.

Конференцияның жұмысына ірі бизнес пен халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдері қатысты. Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуының салдарларындағы өзекті мәселелер ДСҰ тақырыбы бойынша мынадай жетекші сарапшылардың баяндамаларында жария етілген: Д. Хартридж, Б. МакГиверн, С. Сигер (Женева қаласы), Й. Бэйсбурд (Вашингтон қаласы), Н. Баюрова (Мәскеу қаласы).

«Еуразиялық экономикалық комиссия Кеден одағының аумағында бизнеспен айналысу үшін шектен тыс кедергілерді жоюдағы кәсіпкерлердің мүдделеріне баса назар аударып келеді. Біз мүдделі тараптарды өзіміздің консультативтік комитеттеріміздің алаңында сындарлы диалогтар өткізуге шақырамыз», - деді Р. Ақбердин пленарлық сессия барысында.

Конференцияда шетелдік инвестицияның Ресей нарығына қол жетімділігі мәселелері; Ресей Федерациясының тауарлар мен қызметтер саудасы саласындағы міндеттемелері; шетелдік нарықтарда және өз елдерінің нарығында компаниялардың мүдделерінің қорғалуы; халықаралық сауда-саттықтағы жосықсыз бәсекелестіктен қорғау: демпингке қарсы, өтемдік және арнайы қорғаныш шаралары; ДСҰ даулар мен сауда-саттық келіссөздерін жүргізу мәселелері талқыланды.

ЕЭК Департаменті өкілдерінің бұл іс-шараға қатысуы қазіргі уақытта Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаментінің құрылымында халықаралық экономикалық құқық пен трансшекаралық нарықтардағы кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мүдделерін қорғау салаларындағы мамандардан тұратын сараптамалық топтың құрылуынан болып отыр. Кәсіпкерлік қызметті дамыту Департаментінің меншікті «сарапшылар әлуетін» құруы кәсіпкерлікті дамытуды қиындататын проблемаларды шешуге және де Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерін үйлестіру проблемаларын шешуге деген көзқарастардың ғылыми негізділігі деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік туғызады.