Жүйеге кіру
ЕЭК ауыл шаруашылық өніміне квоталарды белгіледі және экспресс-жүктер үшін тауарларға декларация нысанын бекітті

ЕЭК ауыл шаруашылық өніміне квоталарды белгіледі және экспресс-жүктер үшін тауарларға декларация нысанын бекітті

29.08.2018
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы отырысында 28 тамызда сауда және кедендік ынтымақтастық саласындағы мәселелер қаралды. Атап айтқанда, ЕЭК алқасы үшінші елдерден әкелінетін ауыл шаруашылық тауарлардың жеке түрлеріне 2019 жылға тарифтік квоталарды белгіледі, экспресс-жүктер үшін тауарларға декларация нысанын және оны толтыру тәртібін бекітті, еуразиялық интеграцияны тереңдету бойынша басқа шешімдердің қатарын қабылдады.

ЕАЭО-ға үшінші елдерден әкелінетін ауыл шаруашылық тауарлардың жеке түрлеріне қатысты келесі жылға тарифтік квоталар белгіленді. Тарифтік квоталар ЕАЭО туралы Шартқа сәйкес белгіленеді және Одақ мемлекеттеріндегі ет шикізаты мен сүт сарысуының тапшылығының орнын толтыру үшін қажет. Бірыңғай кедендік тарифте (БКТ) тарифтік квоталар шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының төмендетілген мөлшеремелері белгіленген. Оларды қолдану ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерінің ішкі нарығының 2019 жылы ет шикізатымен, ет өнімімен және сүт сарысуымен молыққан кезде кәсіпкерлердің шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Армения Республикасы өтпелі кезең ішінде ЕАЭО БКТ-мен көзделгенге қарағанда, кедендік әкелу баждарының одан да төмен мөлшерлемелерін қолданады, сондықтан ет шикізатына және сүт сарысуына тарифтік квоталар Арменияда қажет емес.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үшін тарифтік квоталар Дүниежүзілік сауда ұйымында осы елдердің тарифтік міндеттемелерімен көзделген көлемдерде белгіленген. 2019 жылы Қазақстан Республикасы тарифтік квоталар шеңберінде 21 мың т. ірі қара мал етін және 140 мың т. құс етін әкеле алады. Ресей Федерациясы үшін тарифтік квоталар көлемдері 2019 жылы 570 мың т. ірі қара мал етін, шошқа етінен жасалған триммингті қосқанда, 430 мың т. шошқа етін және 364 мың т. құс етін, 15 мың т. сүт сарысуын құрайды.

Беларусь Республикасы мен Қырғыз Республикасы үшін тарифтік квоталар көлемдері белорус және қырғыз Тараптарының ұсыныстарын есепке алып және Беларусьте және сәйкесінше Қырғызстанда қаралып отырған тауарларды тұтыну және өндірісінің көлемі арасындағы айырмашылық шегінде белгіленген. 2019 жылы тарифтік квоталар көлемі Беларусь Республикасы үшін 20 мың т. шошқа етін, 10 мың т. сүйегінен ажыратылған үй құсының етін, 0,9 мың т. күркетауық етін, Қырғыз Республикасы үшін 7 мың т. ірі қара мал етін, 3,5 мың т. шошқа етін және 56 мың т. құс етін құрайтын болады.

Әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын бағаға зияткерлік меншік объектілерін қолдану үшін лицензиялық және өзге осындай төлемдерді қосу туралы ережеге өзгертулер енгізілді. Өзгертулер мақсаты - кедендік органдардың құқық қолдану тәжірибесінде бірізді тәсілдерді қолдануды, сондай-ақ Ережені ЕАЭО Кедендік одақпен сәйкестілікке келтіруді қамтамасыз ету.

ЕЭК алқасы экспресс-жүктер үшін тауарларға декларация нысанын, сондай-ақ оны толтыру тәртібін бекітті. Шешім Одақ елдерінде экспресс-жүктерді декларациялаудың біркелкі және түсінікті ережелерін жасайды және оларды толық электрондық кедендік декларациялауға ауысу үшін құқықтық негізді қамтамасыз етеді.

Қазір тауарлардың осы санаты үшін бірінші кезекте мәліметтерді автоматтандырылған электрондық өңдеу қажет болғанмен, оларды декларациялау тек жазбаша түрде ғана жүзеге асырылады. Бұған трансшекаралық электрондық сауданың және экспресс-жүктердің орын ауыстыру көлемінің айтарлықтай өсуі себеп болды.

Осындай тауарларды электрондық өріске декларациялау саудаға жәрдемдесуді қамтамасыз етіп, кедендік операцияларды жасауды жеделдетуге мүмкіндік береді. Бұл ретте олар туралы ақпаратты қауіп-қатерлерді басқару жүйелерін қолданып автоматты өңдеу кедендік бақылау тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, шешіммен экспресс-жүктер үшін тауарларға декларацияны толтырудың бірыңғай тәртібін белгілейді. Шешім әзірлеушілері атап отырғандай, бірыңғай ережелер экспресс-жүктерді ресімдеу кезінде субъективті тәсілді жоққа шығаруға мүмкіндік береді, бұл мәжбүрлі бос тұру және соңғы алушыға жеткізу мерзімдерін орындамау жағдайларын азайтады.