Жүйеге кіру
Минскіде ЕЭК сарапшылары трансшекаралық нарықтағы жосықсыз бәсекелестіктен қалай қорғану туралы айтты

Минскіде ЕЭК сарапшылары трансшекаралық нарықтағы жосықсыз бәсекелестіктен қалай қорғану туралы айтты

29.07.2019

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде өткізіп жүрген бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мәселелері жөніндегі Қоғамдық қабылдау отырыстары бизнес-қоғамдастық тарапынан сұранысты болуда. Бұл туралы ЕЭК Бәсекелестік саясаты және мемлекеттік сатып алулар саласындағы саясат департаментінің директоры Әлия Жұмабаева Қоғамдық қабылдаудың 26 шілдеде Минскіде (Беларусь Республикасы) өткен кезекті көшпелі отырысында мәлімдеді

Беларусьтің іс-шараға қатысқан 40-тан астам ірі өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы экспорттаушы кәсіпорындарының, концерндерінің, қауымдастықтарының және бизнес-одақтарының өкілдері ЕАЭО-ның бәсекелестікті қорғау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілеріндегі соңғы өзгерістерді қоса, осы саладағы одақтық заңнама туралы «тура түпкі дереккөзден» толық ақпарат алды.

«Комиссия үшін шаруашылық жүргізуші субъектілерді жазалау негізгі мақсат болып табылмайды. Бұдан да маңыздысы - бұзушылықты болдырмау, оның трансшекаралық нарықтарда пайда болу жағдайларына жол бермеу. ЕАЭО туралы шартқа «жұмсақ құқық» құралдарын – алдын ала ескерту мен алдын ала сақтандыруды енгізу міне нақ осыған бағытталған»,- деп атап көрсетті Әлия Жұмабаева.

ЕЭК сарапшылары арыздағы мәліметтердің заңи туралығы мен толықтығына тексерушілік мерзім ғана емес, сонымен бірге іс бойынша әділ түпкілікті шешім қабылдау да байланысты болатындығына барынша назар аудара отырып, қатысушыларды Комиссияға берілетін арыздың ресімделуіне және берілу тәртібіне қойылатын талаптармен таныстырды.

2018 жылы Қоғамдық қабылдаулар желісі бойынша Комиссияға 27 арыз түсті, 9 тексерушілік жүргізілді және 5 іс қаралды. Сарапшылардың айтуынша, ең таралған бұзушылық - жосықсыз бәсекелестік, екінші орында – үстем жағдайды теріс пайдалану, үшінші орында – бәсекелестікке қарсы келісімдер тұр.

Отырыстың екінші бөлімі дәстүрге сай кәсіпкерлердің жеке-дара консультацияларына арналды. Олар қойған сұрақтар көбінесе Комиссияға жүгіну рәсімдеріне қатысты болды.