Жүйеге кіру
ЕАЭО-да зергерлік бұйымдардағы сынамалық таңбалар өзара танылатын болады

ЕАЭО-да зергерлік бұйымдардағы сынамалық таңбалар өзара танылатын болады

29.05.2019
28 мамырда Нұр-Сұлтанда (Қазақстан) Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері үкіметтерінің басшылары орынбасарларының және ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянның қатысуымен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің отырысы өтті. ЕЭК Кеңесінің мүшелері сауда, кедендік және техникалық реттеу, зергерлік, қаржы саясаты, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері экономикаларын цифрландыру, өнеркәсіптік ынтымақтастық салаларындағы және басқа бірқатар мәселелерді қарады.

Комиссия Кеңесі өзара саудада сынамалық таңбаларды өзара тануға кедергі келтіретін тұжырымдамалық келіспеушіліктерді алып тастады және ЕАЭО шеңберінде қымбат бағалы металдармен және асыл тастармен операциялар жүргізу ерекшеліктері туралы келісімді оған қол қоюға қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу үшін жіберді. Сөйтіп, мүше мемлекеттер келісімге қол қоюға қарай ақтық қадам жасады. Сөз зергерлік бұйымдардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілік шараларына қатысты іс-шараларды үндестіру жөнінде шаралар қабылдау және елдерде зергерлік бұйымдардың өндірісіне, пайдаланылуына және айналысына бақылау жасауды жүзеге асырудың қаншалықты тиімді және таңдаулы әлемдік практиканы пайдалана отырып жүзеге асырылатындығын айқындау үшін мүше мемлекеттерде шолу сапарларын өткізу туралы болып отыр. Қазір Одақ елдерінде зергерлік бұйымдардың өндірісіне, пайдаланылуына және айналысына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік шараларының айырмашылықтары бар. Сынамалық қадағалау жүйесі де айырмашылықты, бұл ортақ зергерлік нарық қалыптастыру үшін объективті қиыншылық тудырады. Бүгінде зергерлердің зергерлік бұйымдарға өндірілген еліндегі сияқты, өткізілген елінде де қайталап таңба басуына тура келіп жүр. Келісім зергерлік бұйымдармен өзара сауданың әлеуетін іске асыру үшін қажетті сенім кеңістігін құруға мүмкіндік береді, тұтастай алғанда сала өндірісшілерінің кооперациясы үшін  маңызды шарт болады. Ал бұл - Еуразиялық зергерлік бренд құру жолындағы маңызды қадам.

ЕЭК Кеңесі 18 жасқа жеткен жеке тұлғалардың алкоголь және темекі бұйымдарын жеке мақсаттарда шет елге алып шығуына шектеуді алып тастады. Қазір жеке адамдардың ЕАЭО кедендік шекарасынан әкету кезінде саны бес литрден асатын алкоголь өнімі жеке пайдаланудағы тауары деп танылмайды және оның өткізілуі сауда айналымы үшін (соның ішінде мұндай алкоголь өнімін кедендік рәсімге орналастыру үшін тауарға арналған декларацияны қолдана отырып оны кедендік декларациялауды жүзеге асыру қажеттігімен қоса) көзделген қағидалармен реттеледі. Темекі үшін 200 сигарет немесе 50 сигар (сигарилл) немесе 250 грамм темекі немесе ассортиментте бұл бұйымдардың жалпы салмағы 250 грамнан аспайтын мөлшердегі лимит қолданылады. ЕЭК Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 шешіміне өзгеріс ресми жарияланған күнінен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді және қолданыстағы шектеулерді жояды.

ЕЭК Кеңесі ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифіне (БКТ) Ресей Федерациясының ДСҰ шеңберіндегі міндеттемелеріне сәйкес тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты өзгеріс енгізу туралы шешім қабылдады. Тарифтік міндеттемелерді орындау графигіне сәйкес үстіміздегі жылы 135 тарифтік желіге қатысты ЕАЭО БКТ кедендік әкелу баждарының ставкалары төмендетуге жатады. Соның ішінде 111 тарифтік желіге қатысты (моторлы көлік құралдарының және ұшу аппараттарының жекелеген түрлері) ставкалар 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап, 24 тарифтік желіге қатысты (шошқаның жас, тоңазытылған немесе мұздатылған еті) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап төмендейді.

ЕЭК Кеңесі Кеден одағының «Жеке қорғаныс құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне өзгерістерді қабылдады. Өзгерістер техникалық регламенттің қолданылу саласын, судан және улы емес заттардың ерітінділерінен әрі механикалық әсерлерден жеке қорғаныстың, тыныс алу органдары мен аяқты (аяқ киімді) химиялық факторлардан қорғаудың жекелеген құралдарына қойылатын талаптарды нақтылайды. Бұдан басқа, өрт кезінде қолданылатын сүзгілі өзін өзі құтқарғышқа, жеке қорғаныс құралдарын таңбалауға қойылатын талаптар толықтырылған. Есіту органының жеке қорғаныс құралдары үшін сертификаттауға арналған мағлұмдаумен сәйкестікті растау нысаны өзгертілген.