Жүйеге кіру
Кедендік құжаттар құрылымының жаңа версиялары қабылданды

Кедендік құжаттар құрылымының жаңа версиялары қабылданды

28.10.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 27 қазанда негізгі кедендік құжаттар құрылымы жиынтықталымының жаңа версиясын (тауарға арналған декларация, транзиттік декларация және оның бөлінбес бөліктері – тауарға арналған декларацияны түзету мен кедендік құн декларациясы), сондай-ақ тауарға арналған декларацияны бергенге дейінгі тауар шығару туралы өтініш құрылымының жаңа версиясын бекітті.

Шешімдерде тауарларды қадағалап отыру, сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалау және төлеушілердің жеке шоттары мәселелері бойынша кедендік құжаттарды толтыру тәртіптерінде алда тұрған өзгерістер көрініс тапты.

Біршама өзгеріс тауарға арналған декларацияны бергенге дейінгі тауар шығару туралы өтініш құрылымына қатысты болды, өйткені бұл 2017 жылы бекітілгеннен бергі алғашқы өзгерістер.

ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Олег Панкратов: «Қабылданған шешімдер практикаға озық ақпараттық технологияларды енгізу үшін негіз болады. Бұл таңбалануға жататын тауарлар бойынша біріктірме кодты ұсыну, шетелдік тұлға болып табылатын төлеушінің құжаттары туралы ақпаратты беру кезінде мәліметтерді қысқарту сияқты мәселелер, сондай-ақ қадағалап отыруға жататын тауарлардың саны туралы мәліметтерді көрсету мүмкіндігі көзделген. Бұл жаңа енгізілімдер міндетті түрде кеден органдары жүргізетін операцияларды автоматтандыру дәрежесінің артуына, осындай операцияларды жасауды оңайлатуға және олардың ашықтығына әсер етеді», –  деп атап өтті.

Шешімдер 2021 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.​