Жүйеге кіру
ЕЭК-те ЕАЭО-ға әкелінетін тауарлардың қадағалану механизмі туралы келісімді іске асыру мәселелері талқыланды

ЕЭК-те ЕАЭО-ға әкелінетін тауарлардың қадағалану механизмі туралы келісімді іске асыру мәселелері талқыланды

28.08.2020

Еуразиялық экономикалық комиссияда (ЕЭК) 27 тамызда ЕЭК Алқасының Төрағасы   Михаил Мясниковичтің басшылық етуімен Қадағалану жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысы болып өтті. 

Жұмыс тобы ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың  қадағалану механизмі туралы келісімді іске асыру үшін құрылған.

Іс-шараға ЕЭК Алқасының мүшелері – Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министр Олег Панкратов, Техникалық реттеу жөніндегі министр Виктор Назаренко, Экономика және қаржы саясаты  жөніндегі министр Тимур Жақсылықов, сондай-ақ Сауда және Ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі блоктар өкілдері қатысты.

ЕЭК өкілдері келісімді ратификациядан кейін іске асыру мәселелерін талқылады.

Анықтама 

ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың қадағалану механизмі туралы келісімді бүгінгі таңда Армения, Беларусь және Ресей ратификациялады.  Комиссия қажетті рәсімдердің орындалғаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны  алғаннан кейін Келісім күшіне енеді. 

Келісім тауарлардың ЕАЭО бойынша өткізілуі кезінде олардың айналымының заңдылығын растауды қамтамасыз етуге әрі кедендік және салықтық төлемдерді төлеуден жалтарудың әртүрлі схемаларын пайдалануды болдырмайтын жағдайлар жасауға бағытталған. Бұл механизм бизнеске ашық-анық негізде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.