Жүйеге кіру
ЕЭК министрі Гегам Варданян: «Шекарасыз жұмыс» іздеу жүйесі еңбек көші-қонын есепке алу ақпараттық жүйесі сервистерінің бірі бола алады»

ЕЭК министрі Гегам Варданян: «Шекарасыз жұмыс» іздеу жүйесі еңбек көші-қонын есепке алу ақпараттық жүйесі сервистерінің бірі бола алады»

IMG_6763.jpg
28.08.2020
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының отырысында ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Гегам Варданян Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) цифрлық күн тәртібі шеңберінде іске асырылып жатқан «Шекарасыз жұмыс» біріздендірілген іздеу жүйесі» жобасының орындалу мәртебесі туралы есепті ұсынды.
Министр жобаның жасалу жылдамдығын айрықша атап өтті. Атап айтқанда, ол бастау алған сәттен бері  барлық ұйымдастыру іс-шаралары орындалды, типтік бағдарламалық қамтылым жасалды, Одақтың барлық бес елінде интеграциялық жұмыстар жүргізілді. Бүгінде барлық ұлттық компоненттердің қатысуымен жүйені тәжірибелік пайдалану өткізілуде.
«Жобаны іске асыру барысында жұмыстарды орындаудың жоғары жылдамдығын және сапасын байқап отырмыз. Жүйеге алдын ала автономды және кешенді сынақ жүргізген уақытта  біз  барлық ескертпелер мен ұсыныстарды Одақ елдерімен бірге толық көлемінде  атқарып шықтық. «Шекарасыз жұмыс» біріздендірілген іздеу жүйесі» жобасы қажет болған кезде еңбек көші-қонын есепке алу ақпараттық жүйесі сервистерінің бірі бола алады»,- деді Гегам Варданян.
Жүйені іске қосу нәтижесінде  еңбек нарығының жағдайы кеңейгенін атап өткен жөн. Мәселен, Одақ азаматтары үшін өз елінің аумағында да, сол сияқты  «бестік» елдерінде де жұмысқа орналасу үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болады; жұмыс берушілер үшін -  персоналды іздеу алаңдарының тізбесі кеңейді; мүше мемлекеттер үшін – ЕАЭО еңбек нарығын дамытудың  қазіргі заманғы және тиімді цифрлық құралдарын ендіру.