Жүйеге кіру
«Еуразиялық апта – 2019» форумында ЕАЭО елдерінде бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау талқыланады

«Еуразиялық апта – 2019» форумында ЕАЭО елдерінде бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау талқыланады

28.08.2019

​Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде бизнес-ахуалды жақсарту, жүйелік шаралар қабылдау және кәсіпкерлік қызметті ойдағыдай жүргізу үшін инфрақұрылымды қамтамасыз ету Одақтың орнықты ішкі дамуының, сондай-ақ оның сыртқы сауда әріптестері мен шетелдік инвесторлар үшін тартымдылығының маңызды факторы болып табылады.

25 қыркүйекте «Еуразиялық апта – 2019» IV халықаралық көрме форумының алаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықовтың төрағалық етуімен «Бизнес, ақша, адам: ЕАЭО-дағы интеграцияны тереңдеудің тәсілдемелері» панельдік сессиясы болады.

«ЕАЭО-да кәсіпкерлік қызмет үшін қажетті экожүйе қалыптастыру – көп жағдайда ЕАЭО-ның экономикалық өсуінің қарқынын айқындайтын қағидаттық түрдегі маңызды міндет. Сонымен бірге, бұл жүйенің қалай жұмыс істейтіні туралы бизнестің әр кез нақты түсінігі бола бермейді. «Еуразиялық апта» осы олқылықтың орнын толтыруға көмектеседі»,- деп санайды Тимур Жақсылықов.

Сессия барысында қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығының қағидаларын практикалық орындау құралдарының жиынын қалыптастыру, ЕАЭО-да бизнес-ахуалды жетілдіру, қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығының секторлық қамтуын кеңейту және оған ЕАЭО елдері кәсіпкерлігінің субъектілерін тарту деңгейін арттыру, Одақ мемлекеттері арасында кәсіпкерлік субъектілерінің, қызметтер көрсетудің және инвесторлардың өзара трансшекаралық «ағылуларының» әлеуетін іске асыру және басқа бағыттар бойынша шешімдер тұжырымдалатын болады.

«Еуразиялық апта – 2019» форумы – кәсіпкерлер мен ЕАЭО-да өз бизнесін енді ғана бастаған адамдар үшін интеграциялық кеңістікте бизнес-процестерді реттеудің шынайы мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін түсінудің бірегей мүмкіндігі»,- дейді ЕЭК министрі.

Неғұрлым жан-жақты ақпаратты «Еуразиялық апта – 2019» форумының www.eurasianweek.com сайтынан алуға болады.