Жүйеге кіру
ЕЭК пен «Макдоналдс» ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

ЕЭК пен «Макдоналдс» ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

IMG08690.jpg
27.08.2019
Құс етінің қауіпсіздігі туралы техникалық регламент жоғары дайындық дәрежесінде тұр және оны осы күздің өзінде Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы қарауы мүмкін. Бұл туралы ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян Ресейдегі «Макдоналдс» компаниясының бас директоры Марк Каренамен Комиссияның штаб-пәтеріндегі кездесуі кезінде хабарлады.Тараптар компанияның бизнесіне және тұтастай алғанда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің кәсіпкерлік қоғамдастығына қатысы болуы мүмкін мәселелер бойынша ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады. Бірінші кезекте тамақ өніміне арналған техникалық регламенттер туралы сөз болды. 

«Біз бизнес-қоғамдастықпен байланысуға үлкен маңыз береміз. Бұл біздің норма шығармашылығымыздың бизнеске қалай ықпал етіп отырғанын түсіну үшін қажет,- деді Тигран Саркисян.- ЕАЭО елдерінде заңнаманы үндестіру үшін институционалдық мүмкіндіктерді пайдаланған маңызды».

Өз кезегінде Марк Карена ЕЭК Алқасы Төрағасының және тұтастай алғанда Комиссияның ЕАЭО елдерінде бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасаудағы күш-жігерін атап өтті. Ол Комиссияның іскер қоғамдастықпен өзара іс-қимылының тәсілдемелері туралы оң пікір білдірді.

«Біздің негізгі мақсатымыз – бәсекелестік ортаны қолдау және өңірдегі дамуды жалғастыру. Біз ынтымақтастыққа мүдделіміз, құс еті жөніндегі жаңа техрегламенттің әзірленуін құптаймыз және оның тезірек қабылдануына оң қараймыз»,- деп мәлімдеді Марк Карена. Компания өкілдерінің сөзінше, «Макдоналдс» 120-дан астам елде жұмыс істейді деп есептеледі. Соның ішінде Ресей, Беларусь және Қазақстан бар. Бұл ретте Ресейде компания өнімінің 98%-ға жуығын отандық өнім берушілер – агроөнеркәсіптік кешеннің 160-тан астам кәсіпорыны жеткізеді.

«Макдоналдс»-тың ресейлік бөлімшесі өкілдерінің пікірінше, құс еті жөніндегі жаңа техрегламент бұл өнімге қойылатын талаптарды барынша нақты сипаттайды және әлемдік стандарттарға сай келеді. Сол себепті құс етіне қойылатын жаңа талаптардың күшіне енуі түпкілікті тұтынушыға арналған өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына игілікті әсер етуге тиіс.

Тараптар ынтымақтастық туралы және қазіргі бар әрі қалыптастырылып жатқан нормативтік базаға байланысты мәселелерді бірлесіп талқылау жайында уағдаласты.