Жүйеге кіру
ЕЭК құрамасы ХХ жылдық Дипломатиялық ойындарда жеті медаль иегері атанды

ЕЭК құрамасы ХХ жылдық Дипломатиялық ойындарда жеті медаль иегері атанды

28.08.2018
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) құрамасы Тверь облысында «Завидово» кешенінде 25 тамызда өткен ХХ жылғы Дипломатиялық ойындарда екі алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды. ЕЭК спортшылары ерлер арасындағы үлкен теннис пен әйелдер арасындағы 200 метрге кросс жүгіру бойынша үздік атанды. Тәрелкелерді атудан, баскетбол мен бильярд бойынша турнирларда жүлделі орындар жеңіп алынды.

Дипломаттар үшін ойындарды жыл сайын Ресей Федерациясы Шетел істер министрлігі ұйымдастырады. Осы жылы спорттың тоғыз түрі: футбол, волейбол, баскетбол, ату, бильярд, үлкен теннис, балық аулау, кросс және домино бойынша жарыстарға елшіліктерге және халықаралық ұйымдарға өкіл болған 23 команда қатысты.

Ашу салтанатында РФ ШІМ департаментінің директоры Вадим Макаров Ресей Федерациясы шетел істер министрі Сергей Лавровтың спортшы-диломаттарына құттықтау сөзін дыбыстады. Ашуға РФ Федералдық жиналысы Мемлекеттік Думасы төрағасының бірінші орынбасары, олимпиадалық чемпион Светлана Журова, олимпиадалық чемпион Софья Великая, белгілі параолимпияшы Алексей Обыдённов және тапаншадан оқ ату бойынша дүние жүзінің бес мәртелік чемпионы, олимпиадалық чемпион Михаил Неструев қатысты.

Спорттық қозғалысқа адалдық антын Ойын қатысушыларының атынан ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің директоры Данияр Тұрысбек айтты.

Теннисшілер жарыстарында ЕЭК Сауда саясаты департаментінің қызметкері Никита Тарасов жеңіп шықты, әйелдердің екі жүз метрлік кроссында ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің өкілі Светлана Ковалева озық болды.

Бильярд бойынша турнирді Департамент директоры Данияр Тұрысбеков жеңіп алды. Ату бойынша әйелдер жарысында қола ЕЭК Қаржы департаменті директорының орынбасары Марина Ганеевада, ал ерлер арасында - ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министр хатшылығының қызметкері Қанат Мейіршәкіровте. Сонымен қатар, ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің өкілі Светлана Гулина әйелдер арасындағы кросстан үшінші орын алды.

Еуразиялық баскетболшылар ойынын да табысты деп атауға болады. Комиссияның спорттың осы түрі бойынша құрамасы Дипломаттық ойындардың қола жүлдегері болды. Оның құрамында - ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрдің көмекшісі Александр Петров (капитан), оның қызы Дарья Петрова, ЕЭК Алқасы Төрағасының көмекшісі Павел Ткач, Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің қызметкері Виталий Сологуб және антимонополиялық реттеу департаментінің қызметкері Артем Чебыкин.