Жүйеге кіру
ЕЭК Арменияға зейнетақымен қамсыздандыру және армян бизнесінің ЕАЭО мемлекеттерінің нарығына қол жеткізудің құқықтық негіздерін бекітуге көмектеседі

ЕЭК Арменияға зейнетақымен қамсыздандыру және армян бизнесінің ЕАЭО мемлекеттерінің нарығына қол жеткізудің құқықтық негіздерін бекітуге көмектеседі

28.08.2018
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықов, Армения Республикасының вице-премьер-министр Мгер Григорян мен еңбек және әлеуметтік мәселелер министрі Мане Тандилян Ереванда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде еңбекшілерді зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім жобасының шеңберінде Армения азаматтарының әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру мәселелерін талқылады.

Тараптар Одақта жеке зейнетақылық коэффицентті (ЖЗК) есептеудің келісілген тәсіліне керек екендігін атап өтті. Кездесу қатысушыларының пікірі бойынша, зейнетақымен қамсыздандыру туралы Келісімді жүзеге асыру ЕАЭО елдері азаматтарының әлеуметтік қорғалуының деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Армян бизнесінің мүше мемлекеттер нарықтарына қол жеткізу мәселелерін Тимур Жақсылықов Армения Республикасының экономикалық даму және инвестициялар министрі Арцвик Минасянмен талқылады. ЕЭК өкілі Комиссияның Армения бизнесімен диалогты нығайтуды және ЕЭК-ке салық салу саласында пайда болатын проблемалық мәселелер тізбесін жіберуді ұсынды.

Армения Республикасы Қаржы министрі Атом Джанджугазянмен кездесуде алкогольдік және темекі өнімдеріне акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидалары туралы келісімдер жобаларының, сондай-ақ бухгалтерлік және аудиторлық қызмет туралы келісімдер жобаларының шеңберінде ЕАЭО елдерінің заңнамасының үйлесімділігі туралы сөз болды.

Одақ елдерінде электрондық саудаға салық салу, салықты әкімшілендіруді, атап айтқанда ҚҚС өтеуді жетілдіру, сонымен қатар салық органдарының электрондық сервистерін жетілдіру механизмдерін Тимур Жақсылықов Армения Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекттік кірістер комитетінің Төрағасы Давид Ананянмен талқылады. ЕАЭО барлық мемлекетінде электрондық саудаға салық салудың тәсілдері анықталуда немесе әлдеқашан регламенттелген. Арменияда осындай салық салудың құқықтық негіздері қалыптастыру сатысында. ЕЭК министрі Армения Республикасына осы мәселе бойынша ынтымақтасты ұсынды.

Тимур Жақсылықов Армения басшылығын Ереванда «Меридиан» көрме кешенінде 2018 жылғы 22-24 қазан аралығында өтетін «Еуразиялық апта» форумына шақырды.