Жүйеге кіру
Армения мен Қырғызстанның ЕАЭО-ның Бірыңғай кедендік тарифінен ерекшелігі бар баж ставкалары бойынша әкелетін тауарлары тізбесінің жаңа редакциялары бекітілді

Армения мен Қырғызстанның ЕАЭО-ның Бірыңғай кедендік тарифінен ерекшелігі бар баж ставкалары бойынша әкелетін тауарлары тізбесінің жаңа редакциялары бекітілді

28.04.2020

ЕЭК Алқасы 28 сәуірде Армения мен Қырғызстан оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің ставкаларынан ерекшелігі бар кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлар тізбесінің жаңа редакцияларын бекітті. Тиісті қағидаттық шешімдер бұдан бұрын 2019 жылғы желтоқсанда және 2020 жылғы қаңтарда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес пен ЕЭК Кеңесі отырыстарында қабылданған болатын. Бұл жөніндегі халықаралық шарттарға 14 сәуірде қол қойылды.

 

«Жеңіл және жүк автомобильдері, автобустар, тракторлар және арнайы техника сияқты түйінді позициялар үшін Бірыңғай кедендік тарифтің ставкалары қолданылатын болады, бұл ЕАЭО-ның басқа мемлекеттеріндегі осындай көлік құралдары өндірісін ескере келгенде, әсіресе маңызды», - деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.

 

Өнімнің бірқатар түрлері үшін өткен жылы қолданыста болған баждар осы жылға ұзартылады. Шешім 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады. 2020 жылы баж ставкаларының қолданысын 2019 жылғы деңгейде ұзарту, атап айтқанда, Армения мен Қырғызстан үшін - дәрілік заттардың жекелеген түрлеріне, жартылай өңделген және қара әрі түсті металдардан жасалған дайын бұйымдарға; Армения үшін - жеке химиялық қосылыстарға, бастапқы нысандардағы пластмассаларға және тоқыма тобының тауарларына қатысты болады.