Жүйеге кіру
Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатып алулар саласындағы саясат департаментінің директоры Наталья Слюсарьдің «Юрист» журналына берген сұхбаты

Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатып алулар саласындағы саясат департаментінің директоры Наталья Слюсарьдің «Юрист» журналына берген сұхбаты

28.04.2012

Кедендік одақты қалыптастырудың алғашқы құқықтық және ұйымдық негіздері Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы, жалпы алғанда, шекті, декларативтік сипатқа ие 1995 жылғы 6 қаңтардағы Кедендік одақ туралы келісімді, 1995 жылғы 20 қаңтардағы Кедендік одақ туралы келісімді және 1999 жылғы 26 ақпандағы Кедендік одақ және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартты қабылдаған кезде, 1990 жылдардың екінші жартысында-ақ анықталған болатын. Бұл халықаралық шарттар Кедендік одақтың мақсаттарын, қағидаттарын және жұмыс істеу механизмін, оның құрылу сатыларын белгіледі. Алайда, Кедендік одақтың халықаралық-құқықтық базасын және институционалдық негіздерін тікелей қалыптастыру және дамыту 2007 жылдан басталды, бұл кезде ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесі  Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы – үш мемлекет шеңберінде Кедендік одақтың Жоғарғы органы мәртебесіне ие болды және Кедендік одақтың Комиссиясы – Кедендік одақтың бірыңғай тұрақты жұмыс істейтін реттеуші органы құрылды, оның негізгі міндеті оның жұмыс істеу және даму жағдайларын қамтамасыз ету болып табылды.


— Наталья Борисовна, айтыңызшы, Кедендік одақтың институттарын және келісім-құқықтық базасын жетілдіру әрі қарай қалай өтті?

— Сіздің сұрағыңыз Кедендік одақтың екі аспектісін қамтиды. Олар, сөз жоқ, бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ мен оларды жеке қараған жөн дер едім. Біріншіден, бұл халықаралық шарттардан және КО органдарының шешімдерінен тұратын Кедендік одақтың келісім-құқықтық базасын қалыптастыруға байланысты құқықтық аспектілер, ал, екіншіден, бұл Кедендік одақтың және Біртұтас экономикалық кеңістіктің институттарын қалыптастыру аспектілері. Біз оларды қарастырамыз, бірақ ең алдымен мен Кедендік одақты және Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру бойынша ЕурАзЭҚ шеңберінде жасалған бүкіл жұмысқа бірнеше жалпы бағалар бергім келіп отыр.  Кедендік одақты қалыптастыру бойынша шаралар қолданудағы әлемдік қауымдастықтың тарихи тәжірибесін және ТМД мемлекеттерінің тәжірибесін ескеруі керек. Бүкіл әлемде ХХ ғасыр Кедендік одақтар түріндегі мемлекетаралық экономикалық интеграцияның жаңа нысанының дамуына жол берді және қазіргі уақытта олардың 30-дан астамы бар. Мәселен, 1961 жылы Гватемала, Гондурас, Никарагуа және Сальвадор Орталық Америка ортақ нарығының қатысушылары болды. Екі жыл өткен соң оған Коста-Рика қосылды. 1963 жылы Еуропалық Одақ пен Түркия (ЕО Қауымдастығы және Түркия) арасында да кедендік одақ құрылды. 1964 жылы Араб ортақ нарығы деген атауға ие болған,  Египет, Ирак, Иордания, Йемен, Ливия, Мавритания және Сирия арасында кедендік одақ құру туралы келісімге қол қойылды. Антигуа және Барбуда, Гренада, Доминика, Монтсеррат, Сент-Китс және Невис, Сент-Винсент және Гренадина мүшелері болып табылатын Шығыс-Кариб мемлекеттерінің ұйымы 1991 жылы құрылды. Бізге ЕО мен Меркорсур және басқалары сияқты кедендік одақтар да белгілі. Айтпақшы, КСРО да – кедендік одақ болып табылады, өйткені оның негізгі белгілері көзге көрініп тұр: бірыңғай кедендік аумақ, бірыңғай кедендік тариф, үшінші елдермен сауда жасау ережелері және т.б. Кедендік одақтар санының одан сайын артуы, олардың позициясының халықаралық сахнада кеңеюі және күшеюі мемлекетаралық интеграцияның бұл нысанының олардың қатысушылары үшін орасан зор экономикалық, саяси, әлеуметтік және өзге пайдалар әкелетінін растап берді: одақ ұлттық экономикаларды едәуір күштірек етеді, оның мүшелеріне халықаралық қарым-қатынастарда бірыңғай біріккен экономикалық және саяси блокпен әрекет етуге мүмкіндік береді, жаһандық ауқымда мемлекеттердің саяси және экономикалық беделін арттырады, сондай-ақ осы елдің жеке тұлғалары, әсіресе шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін үлкен перспективаларды ашады. Белоруссия, Қазақстан және Ресей Кедендік одағы Еуразиялық экономикалық қауымдастық туралы шарттың мақсаттарына және міндеттеріне сәйкес құрылды. Бес мемлекеттің ішінде үшеу ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңестің шешіміне сәйкес бірінші сатыда, 2007 жылғы 6 қазаннан бастап Кедендік одақ пен Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыруға кірісті, бұл ретте бұл мемлекеттердің өздерінің экономикалық даму параметрлері бойынша бір-біріне неғұрлым жақын болып табылатындығы назарға алынды. Бұдан кейін келісім-құқықтық базаға басқа мемлекеттер – ЕурАзЭҚ мүшелері Қырғызстанның (өтінім келіп түсті) және Тәжікстанның да қосылуы күтілуде. Бұл ретте, қаралатын Кедендік одақ – бұл өз көрінісінде халықаралық ұйым және жоғарыда аталған халықаралық бірлестіктер сияқты емес, ЕурАзЭҚ-ға мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық бірігу нысаны екеніне назар аударамын, ол бірыңғай кедендік аумақты көздейді, оның шегінде бірыңғай кедендік аумақтан орын алатын, сондай-ақ үшінші елдерден орын алатын және осы кедендік аумақта еркін айналымға шығарылатын тауарлармен өзара сауда жасау кезінде, арнайы қорғаныш, демпингке қарсы және өтемақылық шараларды қоспағанда, кедендік баж салықтары және экономикалық сипаттағы шектеулер қолданылмайды. КО-ға мүше-мемлекеттердің аумақтарында бірыңғай кедендік тариф және үшінші елдермен тауарлармен сауда жасауды реттеудің басқа бірыңғай шаралары қолданылады. Аталған ережелердің жұмы істеуі үшін, бірқатар халықаралық шарттарға қол қойылды .


— Ал Біртұтас экономикалық кеңістік – бұл да экономикалық ықпалдасу нысаны ма?


— Иә, бұл ЕурАзЭҚ-ға мүше-мемлекеттердің экономикалық ықпалдасуының келесі сатысы. Кедендік одақ ЕурАзЭҚ шеңберінде Біртұтас экономикалық кеңістік үшін негіз болды. БЭК – бұл КО-ның бірыңғай кедендік аумағында тауарлардың ғана емес, сонымен қатар көрсетілетін қызметтердің, капиталдардың, еңбек ресурстарының да еркін қозғалуын көздейтін сапалы анағұрлым терең біріктіру нысаны. Бұл үшін сыртқы сауданы реттеудің нормаларын біріздендірумен қатар макроэкономикалық саясаттың, салық жүйесінің, монополияға қарсы және еңбек заңнамасы нормаларының, көші-қон саясатының параметрлері үйлестірілуге тиіс. Бұл біріктіру үдерістерін реттеу өзіміздің институционалдық жүйемізді, яғни өз шешімдерімізбен халықаралық шарттарды және өзге нормативтік-құқықтық актілерді (ережелер, қағидалар, ұсынымдар) қабылдау өкілеттіктері берілген органдарды құруды талап етті. Мәселен 2007 жылғы 6 қазанда ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесі (Кедендік одақтың Жоғарғы органы) мемлекет басшылары деңгейінде Кедендік одақтың келісім-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған алғашқы үш халықаралық шартты қабылдады – Кедендік одақтың Комиссиясы туралы шарт, Бірыңғай кедендік аумақты құру және Кедендік одақты қалыптастыру туралы шарт, Кедендік одақтың келісім-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне енуі, олардың қатарынан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттама. Кедендік одақтың институционалдық негіздерін дамытуға қарышты қадам 2008 жылғы 12 желтоқсанда жүзеге асырылды. Кедендік одақтың  институционалдық негіздерін әрі қарай қалыптастыру мақсатында үкімет басшылары деңгейінде Комиссияның жұмыс органы - Кедендік одақтың  Комиссия Секретариаты туралы келісім қабылданды, оның негізгі функциясы қызметтің ұйымдық-құқықтық қамтамасыз етілуі болып табылды және Комиссия отырыстарын дайындау және өткізу тәртібін, шешімдер қабылдау рәсімін, олардың жариялануын және күшіне енуін белгілейтін Кедендік одақ Комиссиясының Рәсім ережелерін бекітті (осы Рәсім ережелерінің жаңа редакциясы Кедендік одақ Жоғарғы органының 2009 жылғы 27 қарашадағы отырысында бекітілді – ред.). 2007 жылғы 6 қазаннан бастап 2011 жылғы 18 қарашаға дейінгі кезеңде Кедендік одақ органдарының жүйесі былайша ұсынылды: Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Мемлекетаралық кеңесі (Кедендік одақтың Жоғарғы органы),  Кедендік одақ Комиссиясы (КОК) және Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Соты. Сондай-ақ Кедендік одақ органдарының жүйесіне кірмейтін 4 құрылым құрылды, бірақ олар оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бірқатар маңызды функцияларды орындады -  Кедендік одақ шеңберіндегі Сараптау кеңесі, Сыртқы сауданы реттеу мәселелері бойынша комитет, Техникалық реттеу, санитариялық, ветеринарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану бойынша үйлестіру комитеті және Ақпараттық технологиялар бойынша үйлестіру кеңесі. 2011 жылғы 1 шілдеден бастап Кедендік одақ толық көлемде жұмыс істей бастады. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап, 2010 жылғы 9 желтоқсанда мемлекет басшылары қол қойған Біртұтас экономикалық кеңістіктің 17 халықаралық шарттарынан тұратын пакет қолданысқа енгізілді, оларға сәйкес КОК-ға, жалпы алғанда, сыртқы сауда саласында ғана емес, сонымен қатар экономикалық саясаттағы да функциялар берілді. Осы арқылы Кедендік одақтың және Біртұтас экономикалық кеңістіктің институционалдық негіздерін жетілдіру қажеттілігі пайда болды. КО және БЭК-тің келісім-құқықтық базасын қалыптастыратын 111 халықаралық шарт негізіндегі барлығы 145 «ұлттықтан жоғары» функциялары КОК өкілеттігіне тікелей реттеу үшін берілді. Бұл кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу, қорғаныш демпингке қарсы және өтемақылық шараларды қолдану, техникалық реттеуді қамтамасыз ету және санитарлық-ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау, КО-дағы кедендік реттеуді қамтамасыз ету және БЭК-тің жұмыс істеуін қамтамасыз ету облысындағы функциялар. Осыған байланысты, Кедендік одақ мемлекеттерінің басшылары 2011 жылғы 18 қарашада Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шартқа, Еуразиялық экономикалық біріктіру туралы декларацияға және Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) регламенті және ЕЭК жаңа неғұрлым күшті аппаратын қалыптастыру туралы шешімге қол қойды.


— Еуразиялық экономикалық комиссиясының құқықтық мәртебесінің Кедендік одақ комиссиясынан айырмашылығы неде?


— ЕЭК туралы шарт күшіне енген күннен бастап КОК таратылады, ал КО мен БЭК-тің келісім-құқықтық базасын қалыптастыратын халықаралық шарттарға, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың мемлекетаралық кеңесінің шешімдеріне сәйкес Кедендік одақ Комиссиясына берілген өкілеттіктер ЕЭК беріледі. Осылайша, Комиссияның мәртебесі өзгермейді, ал оның құрылымы мен жұмыс тәртібі ғана өзгереді, ол жөнінде мен кейінірек айтып беремін. Бұдан бөлек, оған қол қойылған күннен бастап, аталған шартқа сәйкес, Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес КО-ның және БЭК-тің аталған халықаралық шарттарына сәйкес Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Мемлекетаралық кеңесіне (Кедендік одақтың Жоғарғы органы) берілген өкілеттіктерді жүзеге асыратынын атап өткен жөн. Енді жаңадан құрылған Еуразиялық экономикалық кеңеске (ЕЭК) қайта оралайық. 2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шарттың 1-бабына сәйкес (бұдан әрі — Шарт), Тараптар ЕЭК-ні Кедендік одақтың және Біртұтас экономикалық кеңістіктің бірыңғай тұрақты жұмыс істейтін реттеуші органы ретінде ЕЭК-ні құрды. Комиссия, Комиссия Кеңесінен және Комиссия Алқасынан тұрады. Кеңес пен Алқаның қызмет тәртібі мемлекет басшылары деңгейінде Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес бекітетін Комиссияның Жұмыс регламентімен реттеледі. Өз қызметі шеңберінде Комиссия құрылымдық бөлімшелер – Комиссия департаменттерін, тараптардағы Комиссия өкілдіктерін, үшінші елдердегі мемлекет басшылары және олардың бірлестіктері деңгейінде, сондай-ақ халықаралық ұйымдар жанындағы Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес шешімі бойынша құруға құқылы. ЕЭК өз өкілеттіктері шеңберінде Тараптар үшін міндетті сипаттағы шешімдер және міндетті сипаттағы емес ұсынымдарды қабылдайды. Бұл шешімдер Кедендік одақ пен Біртұтас экономикалық кеңістіктің келісім-құқықтық базасына кіреді және КО мүше-мемлекеттерінің аумағында тікелей қолданылуға тиіс. Кеңеске тиісті Тараптың заңнамасына сәйкес, қажетті өкілеттіктер берілген үкімет басшысының орынбасары болып табылатын әр Тараптан бір өкіл кіреді. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ әр тоқсан сайын бір реттен кем емес өткізіледі. Кеңестің кезекті отырысын өткізу уақыты және орны Кеңестің алдыңғы отырысында белгіленеді. Комиссия Алқасы Кедендік одақ және Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде әрі қарай біріктіру саласында ұсыныстардың әзірленуін жүзеге асыратын Комиссияның атқарушы органы болып табылады. Комиссия Алқасы он мүшеден тұрады, оның біреуі Комиссия Алқасының Төрағасы болып табылады. Комиссия Алқасының құрамы КО-ның әрбір мүше-мемлекетінен Комиссия Алқасының үш мүше қағидаты бойынша қалыптастырылады, олар Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен тағайындалады және Алқада төрт жыл тұрақты негізде жұмыс істейді. Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес, Комиссия Кеңесі және Комиссия Алқасының қызметін қамтамасыз етуді Комиссия департаменттерінің халықаралық қызметтері жүзеге асырады. Бұдан әрі, біздің журналымыздың аудиториясы заңгерлер болып табылатындығын назарға ала отырып, Кеңес пен Алқа өкілеттіктерінің ерекшеліктерімен және Шарт және Регламент ережелерімен Кедендік одақтың ресми сайтында танысуды ұсынамын (http://www.eurasiancommission.org).


— Біз атқарушы билік жүйесі болып табылатын КО және БЭК органдарын қарастырдық. Ал КО-ның басқа институттарымен, мысалы Кедендік одақ органдарының сот жүйесімен қалай болады және ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының қызметі өзгере ме? 


— Құқықтық мәртебесі Еуразиялық экономикалық қауымдастықты құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартпен және ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің 2010 жылғы 5 шілдедегі № 502 Шешімімен бекітілген  Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Сот Жарғысымен  белгіленген Еуразиялық экономикалық қауымдастық Сотының құзыреті Кедендік одақты қалыптастыруға және осының салдарынан ЕурАзЭҚ-ны құру туралы шарттың 8-бабына өзгерістер енгізуге байланысты кеңейтілді (Еуразиялық экономикалық қауымдастықты құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерістер енгізу туралы 2007 жылғы 6 қазандағы хаттама). Соттың негізгі міндеті Кедендік одаққа мүше-мемлекеттердің өз шеңберінде қолданыста болатын халықаралық шарттарды және оның органдары қабылдаған шешімдерді біркелкі қолдануды қамтамасыз ету болып табылады. Сот Кедендік одаққа мүше-мемлекеттер арасында органдар шешімдерін және Кедендік одақ шарттарының ережелерін іске асыру мәселелері бойынша пайда болатын экономикалық сипаттағы дауларды да қарайды, олар бойынша түсініктемелер, сондай-ақ қорытындылар береді. Кедендік одақты қалыптастыратын мемлекеттердің кедендік аумақтары біріктірілген соң, Сот мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

1) Кедендік одақ органдары актілерінің Кедендік одақтың құқықтық базасын қалыптастыратын халықаралық шарттарға сәйкестігі туралы істерді қарайды;

2) Кедендік одақ органдарының шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздіктерін) даулау туралы істерді қарайды;

3) Кедендік одақтың құқықтық базасын қалыптастыратын халықаралық шарттарға, оның органдары қабылдаған актілерге түсініктеме береді;

4) Кедендік одақ Комиссиясы мен Кедендік одаққа кіретін мемлекеттер арасындағы, сондай-ақ Кедендік одаққа мүше-мемлекеттер арасындағы Кедендік одақ шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындау бойынша дауларды шешеді.

Соттың қарауына шешілуі Кедендік одақтың халықаралық шарттарымен көзделген өзге даулар да берілуі мүмкін. Мұндай халықаралық шарт Кедендік одақ шеңберіндегі даулар  және олар бойынша сот өндірісінің ерекшеліктері туралы шаруашылық субъектілерінің Еуразиялық экономикалық кеңістік Сотына өтініш жасауы туралы 2010 жылғы 9 желтоқсандағы шарт болып табылады, оған сәйкес, Сотқа шаруашылық жүргізуші субъектілердің өтініштері бойынша істерді қарау құзыреті беріледі:

1) Кедендік одақ Комиссиясының актілерін немесе олардың жекелеген ережелерін даулау туралы;

2) Кедендік одақ Комиссиясының әрекеттерін (әрекетсіздіктерін) даулау туралы. Кедендік одақ Комиссиясының актілерін немесе олардың жекелеген ережелерін немесе Кедендік одақ Комиссиясының әрекетін (әрекетсіздігін) даулау үшін негіздеме ретінде олардың кәсіпкерлік немесе өзге экономикалық қызмет саласында осы халықаралық шарттармен ұсынылған құқықтарды және шаруашылық субъектілерінің заңды мүдделерін бұзуға әкеп соққан халықаралық шарттарға сәйкес келмеуі болып табылады.

 

— 10 жылдан астам уақыт бойы ЕурАзЭҚ Сотының функцияларын ТМД Экономикалық Соты жүзеге асыруда. Мұндай өкілеттіктер оған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мен Еуразиялық экономикалық қауымдастық арасындағы Келісім негізінде жүктелген. Бұл жағдайды өзгерту жоспарлануда ма?


— Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕурАзЭҚ Соты өзінің дербес қызметін бастады. Сот Секретариатын қалыптастыру үшін қаражат бөлінді, ЕурАзЭҚ Парламентаралық ассамблеясы 2011 жылғы желтоқсан айында ЕурАзЭҚ Сотының судьяларын тағайындады. Еуразиялық экономикалық қауымдастық Сотының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы 2010 жылғы 5 шілдедегі Хаттамаға сәйкес ереже енгізілді, оған сәйкес шаруашылық жүргізуші  субъектілердің өтініштері бойынша істерді қарау шеңберінде Сотқа ерекше жағдайларда Соттың орналасқан жерінен ерекшеленетін жерде бір немесе бірнеше іссапармен баратын  отырыстар өткізу құқығы беріледі. ЕурАзЭҚ  Сотының қалыптастырылғанын және өзінің дербес қызметін бастағанын ескере отырып, Кедендік одақ органдары жүйесіндегі сот сыңайлы органы – Кедендік одақ шеңберіндегі Сараптау кеңесінің әрі қарай жұмыс істеуін жалғастыруы туралы мәселе пайда болды. Бұл Сараптау кеңесі міндетті сипатқа ие Кедендік одақ комиссиясы шешімдерінің Кедендік одақтың келісім-құқықтық базасына сәйкес келуі мәселесі бойынша Кедендік одаққа мүше-мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өтініштерін қарауға уәкілетті болды, алайда оны КОК Секретариатына қалыптастыру сәтінен бастап Сараптау кеңесі туралы Ережеге сәйкес рәсімделетін шаруашылық жүргізуші субъектілердің өтініштері келіп түскен жоқ.


— Кедендік одақ пен Біртұтас экономикалық кеңістіктің келісім-құқықтық  базасын қалыптастыру туралы мәселеге оралайық.

— Кедендік одақ пен Біртұтас экономикалық кеңістіктің келісім-құқықтық  базасын қалыптастыру сатылап, бірақ өте қысқа мерзімдерде жүзеге асырылды. КО мен БЭК-тің  келісім-құқықтық  базасын қалыптастыру туралы шешімді мемлекет басшылары жаһандық қаржы жүйесінің дағдарысы кезінде қабылдағанын ескеру керек, бұл Еуразиялық экономикалық қауымдастық мемлекеттерінің экономика жағдайларына әсерін тигізбей қоймады. ЕурАзЭҚ қатысушы-мемлекеттерінде әрі қарай экономикалық құлдырауды болдырмас үшін, Беларусь, Ресей және Қазақстан мемлекеттерінің басшылары оның шеңберінде үш мемлекеттің өндірісін сақтау және жаңғырту бойынша, сондай-ақ жаңа технологиялық негізде экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жағдайлар жасалатын көлемді ішкі нарықты қалпына келтіру бойынша жағдай жасау туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты 2008 жылғы 25 қаңтарда  үкімет басшылары деңгейіндегі Кедендік одақтың Жоғарғы органы кедендік, кеден-тарифтік және тарифтік емес реттеу саласында тоғыз халықаралық келісімдерді қабылдады.   Сондай-ақ, үкімет басшылары тауарларды экспорты және импорты, Кедендік одақта жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезіндегі жанама салық салу қағидаттарына да анықтады. 2009–2010 жылдар кезеңінде Кедендік одақ шеңберінде Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кеден аумағындағы сыртқы сауданы тауарлармен қамтитын шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісімді және Сыртқы сауда саласындағы лицензиялау ережелері туралы келісімді қабылдады.  

Бұдан бөлек, 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және Кедендік одақты қалыптастыру туралы шартқа сәйкес Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Кедендік одағының бірыңғай кеден аумағын қалыптастырудың сатылары мен мерзімдері әзірленді және мақұлданды, ол Кедендік одақтың бірыңғай кеден аумағын қалыптастырудың үш негізгі сатысын көздейді. Атап айтқанда, мынадай сатылар анықталды: алдын ала – 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін, бірінші - 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 2010 жылғы 1 шілдеге дейін және екінші – 2010 жылғы 1 шілдеден бастап 2011 жылғы 1 шілдеге дейін. Бұл ретте, мемлекет басшылары Кедендік одақтың  бірыңғай кеден аумағын құрудың аяққы күнін белгілеп берді – 2010 жылғы 1 шілде. Бастапқы сатыда екі негізгі міндет шешілді: Кедендік одақтың келісім-құқықтық базасын қалыптастыруды аяқтау және шекаралықты қоспағанда, мемлекеттік бақылаудың келісілген түрлерін бірыңғай кеден аумағының сыртқы контурына сатылап көшіруді ұйымдастыру. 2009 жылғы 27 қарашада Кедендік одаққа мүше-мемлекет басшылары Кедендік одақтың Кеден кодексі туралы шартына қол қойды. Осылайша, Кедендік одақтың кедендік заңнамасының кодтандырылуы жүзеге асырылды, ол мемлекетаралық экономикалық ықпалдасудың сапалы жаңа деңгейіне куә болды.  Кеден-тарифтік және тарифтік емес реттеу саласында  ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің шешімдерімен Кедендік одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасы (КО СЭҚ ТН) және Кедендік одақтың Бірыңғай кедендік тарифі (КО БКТ) бекітілді. Мемлекет басшылары, сондай-ақ, Кедендік одақ Комиссиясына Кедендік одақтың тиісті халықаралық шарттарымен көзделген кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу саласындағы бірқатар маңызды, атап айтқанда, КО БКТ-ні жүргізу функциясын беру туралы шешім қабылдады. Тұтынушылардың құқығын қорғау облысында Кедендік одақтың Жоғарғы органы ЕурАзЭҚ Сотына Кедендік одақ шеңберіндегі дауларды шешу бойынша функцияларды беру туралы шешім қабылдады. Бұл ретте, Кедендік одақ Комиссиясы шешімдерінің оның келісім-құқықтық базасына сәйкес келу мәселелері бойынша Кедендік одаққа мүше-мемлекеттердің шаруашылық қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларының өтініштерін қарау бойынша өкілеттік берілген Сараптау кеңесі Комиссия әрекеттеріне тікелей шағым айту үшін механизм болып табылды. Бастапқы саты шеңберінде техникалық реттеу, санитариялық, ветеринарлық және фитосанитариялық шаралар бойынша халықаралық келісімдер қабылданды. Біртұтас экономикалық кеңістік құру мақсатында 2009 жылғы 19 желтоқсанда Кедендік одақтың Жоғарғы органы Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Біртұтас экономикалық кеңістігін қалыптастыру бойынша 2010-2011 жылдарға арналған Іс-әрекеттер жоспарын бекітті, ол экономикалық саясат, капитал қозғалысының еркіндігі, валюталық саясат, көлік, энергетика, байланыс, жұмыс күшінің еркін қозғалысы және техникалық реттеу мәселелеріне арналған келісімдердің екі пакетін әзірлеуді көздейді. Бұл халықаралық шарттар 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қабылданды және күшіне енді. Кедендік одаққа мүше-мемлекеттердің бірыңғай кеден аумағын қалыптастырудың бірінші сатысының міндеттеріне сәйкес, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап, Кедендік одақтың Комиссиясы Кедендік одақтың сыртқы саудасын тарифтік және тарифтік емес реттеу саласындағы өкілеттіктерді жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізуді. Мәселен, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап, КО СЭҚ ТН және КО БКТ-ні қоса алғанда, кеден-тарифтік реттеу саласындағы бірқатар халықаралық шарттар мен нормативтік-құқықтық актілер күшіне енді. Осы күннен бастап, Тарифтік емес реттеу бойынша Кедендік одақтың үш келісімі де қолданысқа енгізілді. Кедендік одақтың Кедендік кодексінің 57-бабын іске асыру мақсатында Тауарларды жіктеу бойынша Кедендік одақтың алдын ала шешімдерінің Бірыңғай деректер базасы және Тауарларды жіктеу бойынша алдын ала шешімдер туралы деректерді берудің техникалық жағдайлары әзірленді. Кедендік одақ Комиссиясы берілген өкілеттіктер шеңберінде оларға қатысты Кедендік одаққа  мүше-мемлекеттердің аумағына тауарларды енгізу үшін квоталар мен тарифтік квота мөлшерлері белгіленген Тауарлар тізбесін, сондай-ақ оларға қатысты ерекше жағдайларда экспорттың уақытша шектеулері немесе тыйым салулары белгіленуі мүмкін, Кедендік одақтың ішкі нарығы үшін едәуір маңызды болып табылатын Тауарлар тізбесін бекітті. Нормалары едәуір дәрежеде жіберу сипатына ие Кедендік одақтың Кедендік кодексі туралы шарттың күшіне енуіне байланысты Кодекспен бір уақытта оның ережелерін іске асыру мақсатында әзірленген құқықтық механизмдерді қолданысқа енгізу қажеттілігі пайда болды. Мәселен, 2010 жылғы 20 мамырда Кедендік одақта кедендік әкелім бажы, барабар қолданылатын өзге баждар, салықтар және алымдарды Кедендік одаққа мүше-мемлекеттер арасында есепке алу және бөлудің бірыңғай біріздендірілген механизмін белгілейтін кедендік әкелім бажын (барабар қолданылатын өзге баждар, салықтар және алымдар) есепке алу және бөлу тәртібін белгілеу және қолдану туралы келісімге қол қойылды. Кедендік одақтың қабылданған халықаралық шарттарының ережелерін дамыту үшін Кедендік Одақ Комиссиясы реттеудің түрлі салаларындағы бірқатар маңызды нормативтік-құқықтық актілерді бекітті, олардың арасында, атап айтқанда: 1) Кедендік реттеу саласында; Кедендік декларация нысандары және оларды толтыру нұсқаулықтары; Кедендік бақылауды жүргізу кезіндегі кедендік сараптаманы өткізу тәртібі; кедендік іс саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың жалпы тізілімдерінің нысандары; Көлік (тасымалдау), коммерциялық және өзге құжаттарды тауарларға арналған декларациялар және т.б. ретінде пайдалану тәртібі туралы нұсқаулық; 2) кедендік-тарифтік реттеу саласында: Кедендік одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасын техникалық жүргізу тәртібі туралы ереже және Кедендік одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасын жүргізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау регламенті; Кедендік одақ Комиссиясының тауарлардың жекелеген түрлерін жіктеу бойынша шешімдер және түсіндірмелер қабылдау тәртібі туралы ереже және т.б.; 3) санитарлық шараларды қолдану, мал дәрігерлік бақылауды жүзеге асыру және мал дәрігерлік-санитарлық шараларды қолдану, сондай-ақ техникалық реттеу және оларды жүзеге асыру тәртібі туралы ережелер осы шаралар таралатын бірқатар тауарлар тізбесі қабылданды. Кедендік одақтың бірыңғай кеден аумағын құрудың екінші сатысы Кедендік одақтың Кедендік кодексі туралы Шарттың күшіне енуіне байланысты болды. Кедендік кодекс күшіне енді және Кедендік одақтың бірыңғай кеден аумағы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы үшін, ал Кедендік одаққа мүше үш мемлекет үшін 2010 жылғы 6 шілдеден бастап қалыптастырылды.  Кедендік одақтың кеден аумағында сәйкестікті міндетті бағалауға (растауға) жататын өнімді айналдыру туралы 2009 жылғы 11 желтоқсандағы келісімге және сәйкестікті бағалау (растау) бойынша жұмыстарды орындайтын сертификаттау (сәйкестікті бағалау (растау) бойынша органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының) аккредитациясын өзара тану туралы 2009 жылғы 11 желтоқсандағы келісімге сәйкес Кедендік одақ Комиссиясына өкілеттіктер, атап айтқанда бірыңғай құжаттар беру арқылы, Кедендік одақ шеңберінде сәйкестігі расталуға тиіс Бірыңғай өнім тізбесін қалыптастыру, бекіту және жүргізу, сертификаттау бойынша органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) Бірыңғай тізбеге енгізу тәртібін белгілеу, сондай-ақ Кедендік одақтың сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) Бірыңғай тізбесін қалыптастыру және жүргізу бойынша өкілеттіктер берілген. Кедендік одақта ақпараттық технологияларды дамыту және қолдану шеңберінде екі іргелі келісім қабылданды: Кедендік одақтың Сыртқы және өзара сауда жасауының біріктірілген ақпараттық жүйесін құру, жұмысын жүргізу және дамыту туралы келісім және Кедендік одақтың бірыңғай кеден аумағында сыртқы және өзара сауда жасауда электронды құжаттармен алмасу кезінде ақпараттық технологияларды қолдану туралы келісім, сондай-ақ Кедендік одақтың Сыртқы және өзара сауда жасауының біріктірілген ақпараттық жүйесін құру тұжырымдамасы бекітілді. Бұдан бөлек, 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап Кедендік одақтың Санитарлық шаралар туралы келісімі, сондай-ақ Кедендік одақтың Ветеринарлық-санитарлық шаралар туралы келісімі және Кедендік одақтың Өсімдіктер карантині туралы 2009 жылғы 11 желтоқсандағы келісімі күшіне енді, осыған байланысты Кедендік одақ Комиссиясына тиісті өкілеттіктер берілді. Қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзу істері бойынша мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында 2010 жылғы 5 шілдеде мемлекет басшылары Кедендік одақ пен Кедендік одаққа мүше-мемлекеттердің кеден заңнамасын бұзу үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік ерекшеліктері туралы шартқа және Қылмыстық істер мен әкімшілік құқық бұзу істері бойынша Кедендік одаққа мүше-мемлекеттердің кеден органдарының құқықтық көмек көрсету және өзара іс-қимыл жасау туралы келісімге қол қойды. Аталған халықаралық шарттарға сәйкес, Кедендік одақтың аумағында құқық бұзу жасаған тұлғаларды қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тарту ерекшеліктері белгіленді, қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзу істері бойынша өндірісті жүзеге асыруға уәкілетті органдар белгіленді, Кедендік одаққа мүше-мемлекеттерде  тиісті процессуалдық құжаттарды өзара тану және орындау қағидаты жарияланды, сондай-ақ ұлттық уәкілетті органдардың Кедендік одақтың кеден заңнамасын және Кедендік одаққа мүше-мемлекеттердің заңнамасын бұзу үшін айыпты тұлғаларды қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тарту, қылмыстарды ашу бойынша өзара іс-қимыл жасау тәртібі анықталды, олардың сақталуына бақылау жасау кедендік органдарға жүктелді. Қазіргі кезде Кедендік одақты қалыптастыру бойынша Іс-әрекеттер жоспары негізінен орындалды. КО мен БЭК-тің келісім-құқықтық базасын қалыптастыру бойынша мамандардың табысты еңбегін мемлекет басшылары атап өтті. Тарап сарапшыларының  бірлескен жұмысының келесі сатысы — бұл коллизиялар мен олқылықтарды жою, сондай-ақ соның негізінде 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақты құру жоспарланып отырған бірыңғай халықаралық шартты дайындау мақсатында, КО органдарының қабылданған халықаралық шарттары мен шешімдерін кодтандыруды жүргізу. Кодтандыру бойынша жұмыс, соның ішінде балансталған макроэкономикалық, бюджеттік және бәсекелестік саясат; еңбек, капиталдар, тауарлар және көрсетілетін қызметтер нарықтарының құрылымдық реформалары; энергетика, көлік және телекоммуникация саласында еуразиялық желілерді құру бойынша уағдаластықтарды қамтитын болады.

 

Әңгімені жүргізген

А. Оводов