Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық комиссиясының Алқа Төрағасы Виктор Христенконың ТМД қатысушы мемлекеттерінің халықаралық экономикалық форумында жасаған баяндамасының тезисі

Еуразиялық экономикалық комиссиясының Алқа Төрағасы Виктор Христенконың ТМД қатысушы мемлекеттерінің халықаралық экономикалық форумында жасаған баяндамасының тезисі

28.04.2012

Құрметті әріптестер!

Сөз сөйлеуге шақырғандарыңыз үшін сіздерге алғысымды білдіремін.

Бұл Еуразиялық экономикалық комиссиясының Алқа Төрағасының мәртебесінде мамандандырылған көпшілік алдында расында да, менің бірінші жариялы түрде жасап жатқан баяндамам.  Ең бастысы бұл біздің болашағымыз жөнінде, мен ол туралы кейінірек айтармын.

Сонымен қатар, мен экономикалық интеграция тақырыбымен тікелей 2000 жылдан бастап айналысамын. Бүгін бұл жерде сол кездері белсенді мазмұнды сұхбаттарды қолдағандардың көбісін көргеніме қуаныштымын. Сондықтан да қазіргі тағайындау мен үшін  белгілі бір дәрежеде  «Болашақтан кері»  – жағдайы  іспетті. Бұл ең құрығанда бәрін «ұмытпау керек» дегенді білдіреді.

ТМД-ы сөзсіз сирек алаң. Біздің елдердің көшбасшылары саяси диалогтың алаңы қылып,  қызмет етуге мүмкіндік беретін басқа кеңестік кезеңнен кейінгі ұйымдар жоқ.

ТМД экономикалық құрылымына қатысты  айтар болсақ, бұл жерде біздің өзара іс- қимылдың   барлық қиын қабаттары толық күйде көрініп тұр.

Бір жағынан 90-шы жылдары біздің елдердің ұлттық экономикасы тарихтар мен қиындықтарды бастан кешті. Бір жағынан біздің елдің экономикасындағы және шаруашылық деңгейіндегі терең байланыстардың қолда бары.  Сонымен тарихи шындықта  бізге әкелінген табиғи үстемдіктерді қолдануға мүмкіндік беретін жаңа форматты табу қажет.

Біз бұны әрдайым істеуге тырыстық. Көптеген талпыныстарды табысты  деп айтуға болмайды.  Сонымен қатар еркін сауда аймағының форматы бар болған және бар, ең бастысы екі жақты келісімдер базасында шектеулер мен алып тастаулар, жүйелендірілген базаның жеткіліксіздігі бұрынғысынша.

1994 жылы күн тәртібінде бірінші рет күрделі мәселе тұрды, сосын 1999 жылы.

​1999 жылдың алдында 1998 жыл болғанын ұмытпау керек – біз үшін ауыр кез кеңестік кезеңнен кейінгі ең күшті аймақтық кризис.

Әйткен де, көпжақты  форматта еркін сауда аймағын құруға әрекет тоқтатылмаған.  Қиындықтар  болғаны  сөзсіз, елдер  ұлттық заңнамаларын құрумен айналысты.

Бір жағынан ДСҰ мәселелеріне байланысты – өздерін жаһандық контекстте іздеді.

ТМД–да еркін сауда аймағы туралы іргелі келісім шартқа 2011 жылдың аяғында Петербургте қол қойылды, бұл жұмыстарға көп жыл кетті. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің қатынасы экономикалық–сауда негізінде жатыр, ол жаңа заманның талаптарына жауап бере алады.

Ол қатысушылар тұрғысынан кеңейетін болады және барлық  қатысушылар–жақтарымен қысқа мерзім ішінде бекітіледі  деп үміттенеміз.

Тығыз интеграцияға қозғалуға дайын мемлекеттердің тобы 1994 жылы қатарласа құрылды. 1995 жылдан бастап бұл процесс екіжақты емес, көпжақты негіздегі келісім шартқа  қаныға бастайды. Нәтижесінде 1999 жылы 5 ел: Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей Біртұтас экономикалық кеңістік пен Кедендік одақты құруға ниеттерін жария етіп шеңберлі Келісім шартқа қол қойды. Бірақта ұйым құрылған жоқ.

Сондықтан ізінше, қысқа мерзім ішінде (2000 жыл 10 қазан) халықаралық ұйым мәртебесі негізінде – Еуразиялық экономикалық қауымдастығын (ЕурАзЭҚ) құру туралы Келісім шартқа  қол қойылды.

​Ол Біртұтас экономикалық кеңістігін және Кеден одағын құру бойынша міндеттерді жүзеге асыру жоспарымен айналысты.

ТМД елдер жағынан қызығушылық анық болды. Әсіресе сол кезде Армения және Молдавиямен бірдей Украина да бақылаушы болды.

Украина, Қазақстан , Беларусь және Ресей  төрт елге : Біртұтас экономикалық кеңістігін құру жөнінде пакет  бойынша жұмыстар бастаған вице-премьерлерден жоғары деңгейлі топтар құрудағы қызығушылық ақтарылды.

Жақтардың ойын бойынша ЕурАзЭҚ пен БЭК бір біріне қарама қайшы келмей, үйлесімді дамуы керек еді..

2003 жылдың басында төрттік форматта Келісімге қол қойылды және жылдың аяғында дайын болды және БЭК туралы Президенттер келісті.

Топ 2 жыл істеді. Ай сайын  кездесулер өтті, сарапшылар үздіксіз режимде жұмыс істеді.  Осының арқасында БЭК құру үшін өз құжаттарының жобасы мен  талаптар, құрылымдар дайындалды.

Украина кейіннен осы процестерден шыққанына қарамастан маңызды дайындама жасады. Сондықтан қалған үш қатысушыға  әрі қарай алға басуы үшін шешім шығарды. 2006 жылы  ЕурАзЭҚ  Мемлекетаралық кеңесі үш мемлекеттің, бұған  дайын Беларусь,  Ресей және Қазақстан құрамында Кеден одағын құру туралы негізгі шешімді қабылдады,

ЕурАзЭҚ ішінде интеграцияның авангардтары құрылды, олар Кеден одағы сипатындағы сапалы жаңа плацдарм  қалыптастыру үшін алға қадам басты. Сол арқылы түсінетініміз,  бұл плацдарм құрылғанда, ЕурАзЭҚ –ның қалған қатысушылары соған тартылады.

Одан әрі жаһандық экономикалық дағдарыс басталды. Біз принципті жол айырығына келдік:

- же біздің елдеріміздің экономикасына әлемдік экономика флуктуациясымен бірге жеке түрде тербелісті жалғастыруға мүмкіндік беру;

- же жеделдетілген режимде бізді тұрақтырақ қылуға қабілетті интеграцияны тереңдету жағына қозғалу.

Біз екінші жолды таңдадық және бұл кездейсоқ емес. Аймақтандыру дамудың бір ғана үлгісі ретінде барлық әлемде жаһандық дағдарыстардың жалғыз жауабы болды.

Басқа іргелі драйверлер экономиканың өрлеуінде байқалмағандықтан, интеграция, кедергілер мен шектеулерді алып тастау, бірыңғай нарықты қалыптастыру – сондай жалғыз драйвер. Ол біздің елдің экономикасына жаңа күштердің самала желін соғатын таза ауа.

Аймақтандыру нығайып әрі өсіп келеді. Жаңа орталықтар пайда болып жатыр. Сондықтан біз бұл жолды құр кездейсоқ таңдап алған жоқпыз, бұл процесті айтарлықтай тездету туралы шешім қабылдадық. 

Нәтижесінде соңғы төрт жыл ішінде аса сапалы алға басулар болды – Ресей, Беларусь және Қазақстанның Кеден одағы жұмысын бастады. Үш елдің аумағында бірыңғай Кедендік кодекстің нормалары қолданылады, Бірыңғай кедендік тариф қолданылады, сыртқы сауда және кедендік реттеулердің бірыңғай жүйесі, бірыңғай техникалық реттеу саласындағы бірыңғай құқықтық алаң.

Қазір нақты нәтижелер көрініп тұр.

Анықтама:

Өзара саудада Кеден одағына мүше мемлекеттердің экспорттық операцияларының құндық сомасы сияқты есептелетін өзара сауданың көлемі 2011 жылы 62,3 млрд. долларды құрады. 2010 жылмен салыстырғанда өзара сауданың көлемі  35,9%-ға көбейді. 

Өзара сауданың өсу қарқыны, бір кезеңдерді есептегенде, Кеден одағына мүше мемлекеттердің ішкі саудасының өсу қарқынына қарағанда 3%-дан жоғары. Өзара сауданың тауарлық құрылымы, тауарлық құрылымның үшінші елдермен ішкі саудасына қарағанда,  айтарлықтай тиімді. Көп үлесін жоғары деңгейлі өңделген өнімдер иеленеді. Егер сыртқы саудада 72,6% экспорт минералдық өнімдерге тиесілі болса, онда өзара саудада  – тек қана  41,1%.

2012 жылдың 1 қаңтарынан Біртұтас экономикалық кеңістігін қалыптастырудың келесі кезеңдеріне қадам бастық. 

Бұл мәселеде авангард-үштік БЭК-тің қалыптасуынан шығып,  міндеттерді орындап қана қоймай, оларды ол асыра орындады. Бүгінгі күні шындығында ЕурАзЭҚ-ның барлық заңнамалық базасы – Кеден одағы мен БЭК-тің  нормативтік базасы.

Президенттер кеше өте маңызды саммит өткізді.  Бөлшектелген және айтарлықтай өткір келіссөздер болды. 2015 жылдан қалмай Еуразиялық экономикалық одақ туралы бәрін қамтитын келісім-шартқа қол қоюға шығу міндетін бекітті. 

Қазірдің өзінде елдердің Үкіметі мен  Комиссияға мемлекет басшылары деңгейінде Еуразиялық экономикалық қауымдастығының Мемлекетаралық Кеңестің кезекті мәжіліс қорытындыларын баяндау және ЕурАзЭҚ қайта құру бойынша жұмысты бастау тапсырылды.

Біз институттар мен құрылымдардың қайталануын тек жойып қана қоймай,  сондай ақ оларды жаңа мазмұнмен толықтыруымыз қажет.

Бүгін Еуразиялық интеграция жаңа сапалы деңгейге шықты. Жүйелі, құрылымды  жұмыстар жасалды.

 Ұлттықтан жоғары деңгейге  кезең бойынша жаңа өкілеттіктер берілетін болады. 

Үш елдің Президенттерінің шешімімен Еуразиялық экономикалық комиссия құрылды, ол кәсіби ұйым ретінде өз еркінше шешімдер қабылдай алады. ЕЭК -ның жұмысшы ұйымы Алқа болмақ, бұл жерге тараптар өздерінің, ынтымақтастықтың маңызды бағыттары бойынша министрліктердің  өкілдерін сайлап жіберді.

ЕЭК – негізгі ұстанымдары бойынша кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі прецедентсіз бірінші  құрылым.

Мәртебесі жағынан да – ұлттықтан жоғары орган, өкілеттік көлемі жағынан да, интеграциялық қисын берген жұмыс қарқыны бойынша да  – шын мәнісінде, Еуроодақтағы әріптестерімізге қарағанда бұл жолды біз тезірек өтуіміз керек болып тұр. 

Президенттердің 2012 жылдың 1 ақпандағы шешіміне сәйкес Алқа толық құрамда жұмысқа кірісті.   Отырыстар апта сайынғы режимде өтеді.

Жұмыс енді ғана басталуда. Жақын арадағы бірнеше жылдың ішінде біз сапасы жағынан жаңа интеграциялық экономикалық бірлестік құрғымыз келеді. Нәтижесінде бірыңғай тауарлар, капитал, қызмет көрсету және жұмыс күштерінің  нарығын толыққанды көлемде жұмыс істетеміз.

2015 жылы  Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістігінің нормативтік-құқықтық базасын кодтандыру аяқталуы керек.  Заңнамаларды жүйелеу, іс жүзіндегі нормаларды сапалы қайта өңдеу, келіспеушіліктерді жою, қалған істердің орнын толтыру және ескірген нормаларды алып тастау. Кодтандыру бұрын қол жеткізген келісім-шарттарды қайта қарайді дегенді білдірмейді. 

Керісінше, олар жүйеленген түрге ие бола алады, ортақ белгілерге келтіріледі.

Осы мерзімдердің ішінде елдердің арасында қазір бар макроэкономика қаржылық, көлік және энергетика, сауда және инвестиция, өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік кешендер келісімдерін тәжірибелік шындыққа айналдыру жұмыстары алда тұр.

Бұл олардың дамуында тікелей қолданылатын, бірнеше ондаған құжаттарды қабылдау керек екендігін көрсетеді. Кодтаудың негізінде біз Еуразиялық экономикалық одағы туралы жалпыға ортақ келісім-шартқа қол қойдыруға шығамыз деп есептеп отырмыз.

Бизнес үшін бұл нені білдіреді? 165 млн. тұтынушыға біріздендірілген заңнамалармен, тауарлардың, капиталдың, қызмет көрсетудің және жұмыс күштерінің еркін қозғалысымын бірыңғай нарықты құру. Макроэкономикалық саясат, бәсекелестік ережелері, техникалық реттеу жүйелері, табиғи монополиялар тарифтері, ауылшаруашылығы және өнеркәсіптік субсидиялары тұрғысынан үйлестірілген нарықты құру дегені.

Біртұтас экономикалық кеңістік үш елдің аумағында ашық әрі түсінікті ойын ережелеріне кепілдікті қалыптастырады.  БЭК шеңберінде Бизнеске ұлттық режим ұсынылады, яғни, компания ресейлік пе, Беларустық па, немесе қазақстандық па барлығына бірдей ереже ұсынылады. 

Үш елдің бизнестерін дамыту үшін Комиссия қабылдаған шешімдердің тиімділігі  біздің жұмыстарымыздың міндеттері мен критерийлері деп есептейміз.

Шешімдерді жетілдірудің тиімді процестерін қамтамасыз ету мақсатында Комиссияның бірінші кезектегі консультативтік беру органдары құрылды: сауда, техникалық реттеу, салық саясаты бойынша консультативтік комитеттер. Комитеттер енді белсенді жұмыс жүргізіп атқарып жатыр. 

Бұдан басқа, Консультативтік Кеңес– бизнеспен өзара әрекеттестіктің коммуникативтік алаңдарын құру жөнінде жұмыс жүргізіліп жатыр, бұнда біз дәлме-дәл шешімдерді тез жасап алу үшін әрекеттерді ашық форматта үйлестіріп және көкейтесті ете алар едік. 

Кеңес шеңберінде біз мына бағыттар бойынша секцияларды жоспарлап отырмыз:  интеграцияның ортақ мәселелері, кедендік-тарифтік және техникалық реттеу, сауда және инвестициялық, ауыл шаруашылығы, қаржылық-несиелік және көлік саясаты, еңбек нарығын реттеу және т.б. барлық қызығушылық танытқандар нарықта өздеріне орын таба алады.

Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістігінің дамуы бизнес үшін жобалардың үлкен көлемдегі қызығушылығын тудыратынына сенімдімін. 

Біз тікелей ішкі мәселелерді шешуде бөлектеніп  қала алмаймыз. Комиссия біздің қатысушылар мүше болып табылмайтын ТМД және басқа халықаралық ұйымдар форматында белсенді қатынастарға ниеттеніп отыр. Біз үшін, біздің бірлестік халықаралық экономикалық күн тәртібін қалыптастыруға белсенді қатысуы маңызды.

«Үй сыртында» деген аумақты құрудың қажеті жоқ. Керісінше, мақсат – интеграцияның арқасында біздің елдерді мықты қылып, осының негізінде аймақтық кеңістіктен асып қызметтер атқару керек.  Осы кезде тауарлардың еркін қозғалысы әрине керек болады. Бірақ бәрінін бұрын капиталдардың қозғалысы мен әлемдік нарықта өз өнімдерімен шыға алатын әртүрлі саладағы (химия, автомобиль өндіріс, энергетика, металлургия, фармацевтика және т.б) жаңа жобалардың инвестициялық беріктігі қажет.

Комиссия сөзсіз, Еуразиялық, алғашқылардың ішінде – Еуропалық кеңістігі, бизнестері үшін өзара қызығушылықтар ұсынатын диалогтың дамуына дайын екендігі сөзсіз.

Еуропалық экономикада да, Еуразия елдері экономикасында да жекелеп алғанда мығымдылықтың жеткілікті қоры жоқ екендігін жаһандық дағдарыс көрсетіп берді.         

Соңғы жылдары біз, бәрінен бұрын, қайыра жауабында қаржылық қоректі есепке алып ЕО-қа кіруге жанталаса тырысқан кейбір мемлекеттердің үлгілерін көрдік.  

Бүгінгі күні мәселенің ондай қойылымы аса өзекті емес екендігін көріп отырмыз.

Еуропаға тән  индустриясыздандыруға беталыстар, соңғы онжылдықтарда қосымша қатерлер пайда етіп, оның экономикасының тұрақтылығын азайтып отыр. Бұл Еуроодақтың күн тәртібіне экономикалық өсудің жаңа толқынын ынталандыру, еуропалық құрлықтың индустрияландыру мәселелерін қояды.

Бұл жұмыста  Кеден одағы елдері мен Еуропа – бір бірін органикалық толықтырып отыратын  табиғи әріптестер.

Еуропалық одақ Кеден одағы елдерінің негізгі сауда-экономикалық әріптестері – бұл 50%-дан астам (55,5%) экспорт және 40%-дан астам (44%) – импорт. Өз кезегінде Еуроодақ үшін – Кеден одағы  – үшінші сауда әріптесі (сыртқы сауда көлемі 11%) АҚШ (13,8%) пен Қытайдан кейін (13,3%).

Анықтама:

​Еуроодақтың нарығында тауарлардың сатылу көлемі бойынша Кеден одағының ЕО елдерінің импорттарының көлемі импортың жалпы көлемін құрайтын үлесі 13,8%, Қытайдан кейін екінші орын алады (17,3%), Америка Құрама Штаттарын басып өтеді (10,9%). ЕО экспортындағы Кеден одағының үлесі 7,9%  құрайды (АҚШ (17%) пен Қытайдан (8,9%) кейін үшінші орын).

Мен осындай қатынастардың қасиеті келешекте де сақталып қала береді деп сенім білдіремін. Бұл үшін барлық объективті алғышарттар бар: экономика болса да, саясат немесе жалпы тарих болса да.

Менің шынай сенімім алдамас, бұл бағытта интеграцияның дамуының ешқандай екінің бірін таңдауы жоқ сияқты. Біз Еуроодақпен біздің арамызда үйлесімді нормативтік-құқықтық базаларға негізделген ортақ экономикалық кеңістіктің болуын талаптанамыз.

ЕО-пен екіжақты қатынастар енді дәл осылай, интеграциялық процестер негізінде құрылып,  келешекте де бола береді.

Мәселен, бүгінгі күні Еуропадағы әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісім бойынша Ресей мен Еуроодақ арасында келіссөздер белсенді фазада өрбіп жатыр  (Ресейдің ДСҰ-ға кіруі бойынша келіссөздер процесіндегі базалық талаптардың бірі аяқталды). Сонымен бірге бұл жұмыс, сөзсіз, Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістігінің дамуы есебісіз алға баспайтынын біз түсінеміз.

Оның себебі, жеке мемлекеттер, мынадай жағдайда, Ресей енді өз бетінше сыртқы экономикалық әрекеттердің реттелуінің барлық бағыттарын жаба алмайды, ол осындай келісімнің іске қосылғандығына байланысты. Өкілеттіліктің үлкен сатысы ЕЭК деңгейіне берілді.  Сөйтіп бұл процесс жалғаса береді.

Еуроодақ бізге тек қана әріптес емес, пайдалы тәжірибелердің қайнар көзі. ЕО-ның қазіргі заман проблемалары – бұл салдар.

Себебі мынау: еуроинтеграция қисынында бір кездері экономикалықтан саяси сарынға төңкеріс болған болатын.

Дегенменен, ЕО-та интеграциялық жоба сияқты үлкен болашақтар бар деп сенеміз. Бүгінгі күні біздің еуропалық әріптестер, өздерінің ішкі проблемаларын тоқталып, ағымдағы ауыр кезеңдерді радикалдық зардаптарсыз өтіп кету үшін барлық мүмкіндіктерді жасап жатыр.

Осы жерде бізге болашаққа сабақ ретінде маңызды бірнеше мәселелер құйылғандай болады. 

Бірінші. Интеграциялық бірлестіктердің кеңеюі бірінші кезекте, эмоционалдық-саяси емес,  прагматикалық қызығушылықтарға негізделуі керек.

Екінші. Тіпті дағдарыс кезінде де еуропалықтар одан бас тарту арқылы емес, интеграцияны күшейту  арқылы шығудың жолын іздейді.

ТМД алаңына қайта орала отырып …

Жақын арада ТМД – ЕСА- еркін сауда аймағын құру туралы негізгі келісім-шартқа қол қойғандығын тағы да атап өткім келеді. Оны енді келешекте, мысалы, техникалық реттеу және басқалармен толықтыра түсуге бізде барлық алғышарттар бар деп ойлаймын. Мысалы, ЕСА-«плюс» сияқты бірнәрсе құрып, сосын ортақ экономикалық кеңістік құруға әрі қарай қозғала беру керек.

Осыған байланысты сәйкесетін ниет пен жұмыстың қажетті деңгейдегі өзара әрекеттестігі болашақта алдымызда әлі көп, біз соған дайынбыз. Назарларыңызға рахмет.