Жүйеге кіру
Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Владимир Путин мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Виктор Христенконың жұмыс кездесуінің стенограммасы

Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Владимир Путин мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Виктор Христенконың жұмыс кездесуінің стенограммасы

28.04.2012

В.В.Путин: Виктор Борисович, сіз жаңа сапада жұмыс істеуді бастадыңыз. Бұл жұмыс қалай жүріп жатыр, қандай қиындықтар, проблемалар көріп отырсыз? Ресей Үкіметінен қандай көмек керек?

В.Б.Христенко: Рахмет, Владимир Владимирович. Біріншіден, комиссияның қызметіне аударған назарыңызға мың алғыс.  Менің ойымша, бұл біздің алда істеу керек жұмыстарымыз табысты болуына ең басты кепілдердің бірі, өйткені, бұл  орган, сөзсіз, көпұлтты, бірақта маңызды жақтарының көптеген деңгейлерінде ұлттық үкіметтермен тиімділікте өзара әрекет етуге негізделеді, сондықтан осы қойылған аса зор мақсаттар шындыққа айналатынына сенімдімін.

​Комиссия бірден жұмысқа кірісіп, ең бірінші кезекте, Кеден одағының қызмет атқаруына қатысты  бөлімге назар аударғандықтан 2012 жылы сыртқы әлеммен Кеден одағының үш елінің тауар айналымы 1 трлн долларға артты.  1 трлн доллар – жеткілікті түрде қомақты сан.  Үш елдің өзара саудасының көлемі 75 млрд долларға артты, белгілі бір дәрежеде аса ірі тауарлық қаржылық ағындар бүгінгі күні ұлттықтан жоғары кейіпте реттеліп жатыр, органдардың қызмет ету тиімділіктері мен бүтіндей Кеден одағынан, әрине, іс жүзіндегі болмыста  біздің үш елдің Кеден одағы  экономикасының қызмет ету тиімділіктеріне тәуелді.

​Сондықтан біз қазір жұмысқа бас қойдық, одан шығатыны, бұл бөлікте сыртқы кедендік контурларды бірінші кезекте тиімді әрі тезірек қамтамасыз ету міндеттерін қоямыз. Біз үшін бұл өте маңызды – істердің нақты осындай сапалы жағдайына қол жеткізуге бүгінгі күні біз толық түрде кедендік реттеу саласында және осы бөліктің техникалық реттеу саласындағы  шешімдерді қабылдаймыз. Осы жақын арада үш жаңа техникалық регламенттерді қабылдадық: жиһаз, кіші көлемді кемелер, диеталық-емдік бағыттағы азық-түлік өнімдері бойынша,  ал қазір, жақын күндері, тамақ қоспалары бойынша регламент жұмыстары аяқталмақ, біз өзіміз қалыптастыру процесінде жүрміз, яғни процесс айтарлықтай белсенді әрі тартымды жүріп келеді. 

1 қаңтардан бізде жаңа міндет пайда болды – Біртұтас экономикалық кеңістік шынайы мазмұндарға толы, бұл екі маңызды жұмысты талап етеді: жаңа келісімдер бойынша жұмыстар (ал олардың қатары шамамен алпыс шақты), бұлардың жасалуына ұлттық үкіметтермен бірге кірісіп кеттік, іс жүзіндегі келісім-құқықтық базаларды кодтандыру бойынша жұмыстар. Бұлар жетпістен астам келісім-шарттар, бұлар осы жылдардың ішінде жасалған және Еуразиялық экономикалық одағының қызмет атқаруының жаңа фазаларына шығу және кіруді қамтамасыз ету үшін бірыңғай құқықтық белгілерге келтіріліп,  олар да кодтандырылуы керек. Негізінде бұл Президенттер 2015 жылдың 1 қаңтарына қойған міндеттер. Бізге осы мерзімдердің барлығын сақтаудың сәті түседі деп үміттенеміз.

Тағы бір маңызды сәт – біз іштей дайындалып, ұлттық үкіметтермен де, бизнеспен де белсенді өзара әрекеттестікте бұл жұмысты күтіп отырмыз. Бізде қазір үш елдің мүлдем әртүрлі ведомстволарының үкіметтік өкілдері енген бірқатар консультативтік комитеттер құрылды. Бұлар сауда саясаты, техникалық реттеу, салықтық әкімшілендірулер бойынша. Қазір біз Белоруссия–Қазақстан–Ресей үшжақты бизнес-диалогымен бірге, мұнда осы елдердің өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлерінің барлық сатылары көрсетілген,   комиссия мен қалыптасушы одақтың барлық бағыттары қамтылған бизнеспен консультативтік кеңес құру жұмысын аяқтаймыз.  Осыған орай, тұрақты өзара әрекеттестіктің мұндай форматы тек шындықтан шықпау керектігін ғана емес, ең бастысы, бағаларды өте тиімді қоя алады,  дайындалып жатқан сол шешімдердің тексерісін біле алады. 

​Бұлармен қатарлас жалпы құрылымдар, кадр әлеуетін қалыптастырамыз. Бізде бұған байланысты келісім-шарттың талаптары бойынша барлығы, соның ішінде кадрларды қабылдау, конкурстық негізде істеледі, біз осының арқасында комиссияға соншалықты керемет болмаса да, жақсы мамандарды аламыз деп үміттенемін. Конкурс айтарлықтай жақсы өтеді деп айта аламын: бізде жетіден көп адам қандай болсын жұмыс орнына, ереже бойынша мұндай лауазымға үміткерлер онда жақсы тәжірибелерімен келеді. Жалпы алғанда жұмыс өз жөніменен жүріп келеді.

В.В.Путин: Әзірше Кеден одағына кірмейтін ТМД елдерінен басқа біздің әріптестер комиссияның қызметтеріне қалай да бір қызығушылық таныта ма, бұған хабарласа ма, өздерінің сарапшыларын жібере ме?

​В.Б.Христенко: Ия, Владимир Владимирович, бұл өте маңызды. Біріншіден, ЕурАзЭҚ  елдері үшін – Қырғызстан, Тәжікстан әрі қарай интеграцияны тереңдетуге және осы процестерге кіруге ниеттерін білдірді. Біз қазір жұмыс тобын құруды аяқтап жатырмыз және ЕурАзЭҚ мүше елдері Кеден одағына әрі қарай Біртұтас экономикалық кеңістігіне кіру бойынша, қозғалу бойынша келісімге шығуға  қозғалыс бойынша, немесе шығу бойынша жол картасын жасадық.   Бұл бір ұйымның сондай жақын шеңбері.

Сонымен  бірге негізгі әріптес елдер қызығушылық танытады, бірінші кезекте, әрине, ТМД әріптестерінен Украина да бар. Айтпақшы, мен бірінші жұмыс сапарыммен, Кеден одағы елдерінен тыс, бірінші кезекте, Украинаның үкімет басшысының шақыруымен Киевке бардым, мұнда Кеден одағымен ағымдағы өзара әрекеттестік жағдайлары түбегейлі талқыланды, барлық сезікті мәселелердің реттелуі үш елдің бірыңғай сыртқы контурына шығарылғандықтан, Украина үшін бұлар  тауар айналымның аса ірі көлемі, яғни, онда ол шамамен 70 млрд. долларды құрайды.   Үлкен цифрлар, өте үлкен цифрлар, олар аса ірі сауда әріптестері. 

​​В.В.Путин: Есіңізде жоқ па, Украинаның тауар айналымы құрылымына Кеден одағы елдері – Ресей, Беларусь және Қазақстан шамамен қаншадан келеді?

​В.Б.Христенко: 40%-дан астам, бұл мәселеде, әрине, сезімтал ұстаным. 

Өзара әрекеттестікті бүгінгі күні, әрине, талқыладық – екінші. Өзара әрекеттестік, ТМД елдерімен көпжақты еркін сауда аймағы туралы келісім ратификацияланған соң оның кеңеюі, оған өткен жылдың соңында Санкт-Петербургте қол қойылды, оны Ресей бірінші ратификациялады енді оны жасап жатыр, менің ойымша, Кеден одағы үшін бүгінгі күні  тек сенімді ғана емес, елдердің өзара әрекеттестігі үшін нормативтік базаның өзектілігін тудыратын ел ол Украина, ол ДСҰ нормаларына да, бүгінгі күннің шындығына да сәйкес келіп тұр. Осымен қатар оның дамуына мүмкіндік береді. Міне Украинамен өзара қатынастарды дамытудың осындай элементтерінің бірі – бұл, мүмкін, еркін сауда аймағы шығар, плюс... Осындай бірінші плюстер ретінде біз техникалық реттеу саласын талқыладық: осы салада ең үлкен үйлесімдер болғаны өте маңызды.         ​Егер біріздендіру туралы айтпасақ та, тым болмады үйлестіру туралы айтайық, бұнда тек техникалық кедергілерді төмендету ғана емес, сонымен қатар шын мәнісінде еуропалық нормалармен үйлестіру үшін айтарлықтай оңтайлы жағдайлар жасау, себебі бұл салада біз өз саясатымызды нақ осы еуропалық нормалармен үйлестіру бағытында жүргізіп келеміз. Жалпы бұл Украинаның да қызығушылықтарымен де сәйкеседі, олардың еуропалықтарға талпынған талаптарымен де сай, сондықтан елдер осындай қызығушылық танытады, ал біз бұндай сұхбатқа дайынбыз әрі мүдделіміз.

В.В.Путин: преференциялар тек қана Біртұтас экономикалық кеңістік мен Кеден одағының толыққанды мүшелеріне ғана таралатындығын барлық әріптестер түсінеді, дегенменен интеграциялық процестерді тереңдету үшін қандай болсын жолды іздестіру керек, тіпті сол елдерді де, қазір интеграциялық бірлестіктерге кірмеген.

​Техникалық реттеу, мәселен, – бұл өте болашағы бар бағыт, экономиканың шынай секторларына өте керек, бұл жерде бүкіл ТМД елдерімен бізде өте терең кооперация бар, соның ішінде, Украинамен де, сондықтан менің ойымша, сіздердің бұл бағытта алға басқандарыңыз өте дұрыс деп ойлаймын.

В.Б.Христенко: Бізде тағы алыс шетелдер бар, егер контурын кеңейтсек, бұл да жұмыстың өте маңызды әрі қызықты сегменті. Сыртқы қызметте комиссияның алған ең маңызды мандаттарының алғашқысы, келіссөздер мандаты, соның ішінде еркін сауда режимін құру бойынша Вьетнаммен болды. Вьетнам – бұл жәй ғана жеке ел емес, ол Азияның оңтүстік-шығыс аймақтандыруының орталығы, жаңа өсіп келе жатқан орталық.  Қазір құжаттарды дайындау белсенді түрде өтіп жатыр, олар қорытындысында Кеден одағы және Вьетнамға сондай еркін сауда режимін өсірмек, сонымен қатар тағы басқа бағыттарды ұстанады.

​В.В.Путин: Сіздің қызметкерлердің еңбекақыларының деңгейі: Ресей Федерациясы Үкіметі мүшелерінің еңбекақыларының деңгейімен қандай арақатыста?

​В.Б.Христенко: Ол Ресей Федерациясы Үкіметі мүшелерінің еңбекақы деңгейімен сәйкеседі.  Алқа мүшелерінің барлығы Ресей Федерациясы Үкіметі министрлері жалақысымен тең  алады, ал сәйкесінше орындардағы комиссияның қызметкерлері  Ресей Федерациясы Үкіметі аппаратының жалақысымен сәйкеседі.  Жалпы, ресейлік жағдайлар бұл комиссия қызметкерлерінің қызметтері үшін жеткілікті түрде жақсы құралған қаржылық.

​​В.В.Путин: Әйтпесе біліктілігі қажетті, керекті деңгейдегі мамандарды қабылдау мүмкін болмайды, еңбек нарығында бұл оңай мәселе емес. <…>

Қайнар көзі: Ресей Федерациясы Үкіметінің сайты