Жүйеге кіру
Михаил Мясникович пен Сергей Румас ЕАЭО жұмысының механизмдерін жетілдіруді талқылады

Михаил Мясникович пен Сергей Румас ЕАЭО жұмысының механизмдерін жетілдіруді талқылады

28.02.2020
ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Минскіге жұмыс сапары шеңберінде 28 ақпанда Беларусь Республикасының Премьер-министрі Сергей Румаспен, Премьер-министрдің бірінші орынбасары Дмитрий Крутоймен және Премьер-министрдің орынбасары Игорь Петришенкомен екіжақты кездесулер өткізді. 
Кездесулерде Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын пысықтау туралы, Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысын жетілдіру туралы, ЕАЭО-ның ішкі нарығындағы кедергілерді жоюдың тәсілдемелерін өзгерту туралы сөз болды. Тараптар 19 мамырда Минскіде өтетін Еуразиялық экономикалық форумға баса назар аударды. 
«Астаналардың позицияларын ескере келгендегі қалыптасқан пікірім - мемлекет басшыларының саяси ерік-жігері мен істің шынайы жағдайы арасында үлкен алшақтық бар. Көп жағдайда егемендікке деген ұқыпты қарым-қатынастың аясында мемлекет басшылары қабылдаған саяси шешімдерді қалай ойдағыдай орындау керектігінің толық шаралары соңына дейін қабылданбайды», –  деп атап өтті Михаил Мясникович Беларусь Премьер-министрімен кездесуінде. Ол бұл алшақтықты барынша азайтуды өз міндеті деп санайтындығын қосып айтты. 
«Менің білуімше, сіз біздің интеграциямыздың күн тәртібінде тұрған мәселелеріне терең үңіле бастауға қол жеткіздіңіз. Біз үшін сіздің бүгінгі таңда алдымызда тұрған проблемаларды жаңа көзқарас тұрғысынан бағалай алатыныңыз маңызды», –  деп атап көрсетті Сергей Румас. 
Естеріңізге сала кетейік, Михаил Мясникович 27-28 ақпан күндері Минскіде жұмыс сапарымен болды. Осы сапары шеңберінде ол Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен, Президент Әкімшілігінің басшысы Игорь Сергеенкомен, Ұлттық жиналыстың Республика Кеңесі Төрағасының орынбасары Анатолий Исаченкомен кездесті.
Сондай-ақ ЕЭК Алқасының басшысы бұдан бұрын Арменияға, Қазақстан мен Қырғызстанға жұмыс сапарымен барып, мемлекеттердің басшылығымен кездесті.