Жүйеге кіру
Молдова Республикасы – ЕАЭО: ынтымақтастық перспективалары

Молдова Республикасы – ЕАЭО: ынтымақтастық перспективалары

28.02.2020
Еуразиялық экономикалық одақты дамыту мәселелері Кишиневте жас сарапшылар мен жетекші жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы үшін «Молдова Республикасы - ЕАЭО: ынтымақтастық перспективалары» конференциясында қаралды. Форумға Еуразиялық экономикалық комиссия атынан Интеграцияны дамыту департаменті директорының орынбасары Гоар Барсегян қатысты.
ЕЭК өкілі ЕАЭО жұмыс істеген бес жылдың қорытындысы және оны дамыту перспективалары туралы айтып берді. «Одақ институционалдық түрде қалыптасып болды және елдерінің макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етті. Одақ мемлекеттерінің басшылары қазіргі заманғы экономикалық шындыққа жауап бере алатын интеграцияны одан әрі тереңдетуді көздеп отыр. Жаңа интеграциялық бағдарлар ЕАЭО шеңберінде интеграциялық процестерді одан әрі дамыту туралы декларацияның негізіне салынды және бүгінде Комиссия Декларацияның ережелерін нақтылау мен дамытуға және ішкі нарықтағы тосқауылдарды жою бойынша жұмысты оңтайландыруға арналған стратегиялық құжатпен жұмыс істеуде», –  деп атап өтті Комиссия өкілі. 
Гоар Барсегян алып қоюлар мен шектеулерді жою бойынша ЕЭК күш-жігеріне баса назар аударды. Ол ЕАЭО-ны ғылыми-техникалық даму мен инновациялар аумағына айналдырудың маңыздылығын, сондай-ақ Одақ азаматтарының Еуразиялық интеграцияны қолдауының өзектілігін атап көрсетті. Бұл жұмыстың барлығын ЕЭК қызметкерлері, соның ішінде Беларусь Республикасының 2020 жылғы Одақ органдарындағы төрағалығының бастамалары тұрғысынан жандандыра түсті. 
ЕАЭО мен Молдова Республикасының өзара іс-қимылы туралы айта отырып, Гоар Барсегян Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің жұмысына тұрақты негізде қатысып келе жатқан Молдова Республикасының Президенті Игорь Додонның ерекше рөлін атап көрсетті. 
Гоар Барсегян Молдованың билік органдарының өкілдерін бірлескен жұмыс тобының жұмысына белсене қатысуға шақырды. «Үстіміздегі жылы Молдованың атқарушы билік органдарының өкілдері жұмысқа қосылады деп үміттенемін. Атап айтқанда, 2020 жылғы қаңтарда Молдова Республикасының Премьер-министрі Ион Кику Еуразиялық үкіметаралық кеңестің Алматыда өткен отырысына алғаш рет қатысты. Бұл біздің өзара іс-қимылымыздың дамуына қажетті серпім береді», –  деп мәлімдеді ЕЭК департаменті директорының орынбасары. 
Сондай-ақ Гоар Барсегянның Молдоваға сапары барысында 2020 жылғы мамырда Кишиневте бірлескен жұмыс тобының 4-ші отырысын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.