Жүйеге кіру
ЕАЭО мен Иран арасындағы шекараны кесіп өту рәсімі оңайлатылуы мүмкін

ЕАЭО мен Иран арасындағы шекараны кесіп өту рәсімі оңайлатылуы мүмкін

28.02.2017

Женевада екіжақты кездесуде Еуразиялық экономикалық комиссияның  (ЕЭК) Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Адамкул  Жунусов пен Иранның  Жолдар және қаланы дамыту министрі Аббас Ахунди  көлік және инфрақұрылым  саласындағы ынтымақтастық жоспарларын талқылады. Әңгіме Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен Иран арасындағы шекараны кесіп өту рәсімін оңайлату, транзит және көлік дәліздерін дамыту үшін қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз ету туралы болды.

Аббас Ахунди Парсы шығанағының порттарына шығатын  тасымалдауды және өңірлік транзитті  жеңілдетуге мүмкіндік беретін  Батыс Азияның көлік инфрақұрылымын дамыту жөнінде республика жүргізіп отырған жұмыс туралы хабардар етті.

Адамкул Жунусовтың айтуынша, Одақ пен Иранның көлік және инфрақұрылым саласындағы  өзара іс-қимылы  елдердің  сауда-экономикалық қатынастарын дамыту үшін қосымша ынталандыру болып табылады және  еркін сауда аймағын қалыптастыру бойынша жүргізіліп отырған жұмыс шеңберінде  Еуразиялық өңірдің экономикалық жағынан өсуіне ықпал етеді.

Кездесу соңында министрлер диалогты жалғастыруға уағдаласты.