Жүйеге кіру
ЕАЭО елдерінің ішкі су жолдарына кіру оңайлатылуға тиіс

ЕАЭО елдерінің ішкі су жолдарына кіру оңайлатылуға тиіс

28.02.2017

Кеме қатынасы туралы келісім Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ішкі су жолдарына кіруді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Көлік және инфрақұрылым департаменті директорының орынбасары Максим Асаул Женевада өткен ББҰ-ның Еуропалық экономикалық  комиссиясының ішкі су көлігі бойынша жоғары деңгейдегі конференциясында айтып берді.

«Кеме қатынасы туралы келісім – Одақ елдерінің халықаралық шарты, бұл құжат  ЕАЭО су көлігі саласында көлік қызметтерін көрсетудің ортақ нарығын құру мақсатында әзірленуде. – деп атап айтты Максим Асаул. – Құжаттың арқасында рұқсаттар беру жүйесінің күшін жою есебінен Одақ елдерінің ішкі су жолдарына  кіру  оңайлатылуға тиіс. Бұдан басқа,  транзиттік тасымалдау көлемін, соның ішінде Волга-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздер бассейндеріне  шыға отырып, кедергісіз өрістете түсу үшін жағдай жасалатын болады».

Комиссия өкілі сонымен қатар серуендеуге арналған кемелерді операторсыз жалға алу мен лизингке алу саласында қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығын құруда Одақ елдерінің едәуір алға жылжығанына да назар аударды, бұған көп жағдайда БҰҰ ЕЭК-пен үнемі жүргізіліп отыратын диалог ықпал етті. Еуразиялық экономикалық одақта серуендеуге арналған  кеме қатынасын дамыту Одақ елдері арасында да, Еуропа мен Азия мемлекеттері арасында  да саяхаттау үшін мүмкіндіктерді  кеңейте түспек.

Іс-шараға БҰҰ ЕЭК өңірі елдерінің министрлері, сондай-ақ Еуропалық Комиссияның, өзен комиссияларының және  басқа да негізгі мүдделі тараптардың өкілдері қатысты.