Жүйеге кіру
ЕЭК пен Еурокомиссия желтоқсанда Еуропалық «жасыл мәмілелердің» әлемдік саудаға ықпалын талқылайды

ЕЭК пен Еурокомиссия желтоқсанда Еуропалық «жасыл мәмілелердің» әлемдік саудаға ықпалын талқылайды

27.11.2020
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК)  Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Андрей Слепнев Ынтымақтастық және инвестициялар жөніндегі халықаралық кеңестің (ЫИХК) ЕО-мен Ресейдің және  Еуразиялық  экономикалық одақтың (ЕАЭО) сауда-экономикалық және  инвестициялық ынтымақтастығына  «жасыл мәмілелердің» ықпалына арналған  отырысына қатысты.

Кездесуге Еуроодақтың РФ-тегі елшісі Маркус Эдерер, Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының (РӨКО)  президенті Александр Шохин, «ЛУКОЙЛ» ЖарАҚ стратегиялық даму жөніндегі вице-президенті  Леонид Федун, Ресейдегі және ТМД-дағы Schneider Electric президенті, Еуропалық бизнес қауымдастығы басқармасының төрағасы Йохан Вандерплаетсе,  BP Ресей президенті Дэвид Кэмпбелл, Ресей-Герман сыртқы сауда палатасы басқармасының төрағасы Маттиас Шепп, Alstom Transport президенті  Рус Филипп Пегорье, сондай-ақ бизнес пен мемлекеттік билік органдарының басқа да өкілдері қатысты.

ЕЭК Сауда жөніндегі министрі атап өткендей, Еуроодақпен  толық ауқымды ынтымақтастық орнату мүмкіндігі жоқ болғандықтан, ЕАЭО ЕЭК пен Еуропалық комиссия арасында тұрақты «техникалық» диалог құруға кірісті. «Техникалық» деп диалогтың бизнестің проблемаларына барынша жақын келетін сауданы реттеу мәселелеріне бағытталуы ұғынылады.

Диалог шеңберінде қазірдің өзінде техникалық және кедендік реттеу мәселелері,  дәрілік заттардың шығарылу қағидалары, бірыңғай нарығы, сондай-ақ  эпидемиологиялық дағдарысқа қарсы күреске бағытталған сауда шаралары талқыланды.Осымен бір мезгілде, «желтоқсанда  тағы бір консультациялық кездесу  өткізу жоспарлануда,  оның мәселелерінің бірі – Еуропалық «жасыл мәміле» болады»,- деп әріптестерін хабардар етті Андрей Слепнев.

Министр ЕАЭО-да Еуроодақтың климаттың өзгеруі және жаһандық жылыну, жаңа технологиялық салтқа және ресурс үнемдейтін, циркулярлық экономикаға көшу сияқты ортақ әлемдік проблемаларды шешуге бағытталған бастамаларды ілгерілетуде көшбасшы боп бой көрсету ұмтылысына түсіністікпен қарайтынын атап көрсетті. «Сонымен қатар біздің Одақ компанияларының қызметіне нарықтық емес шектеулер енгізілмегенін қалар едік. Қалыптасқан өндірістік және өткізу тізбектерінің үзілуі бізге де, ЕО-ға да тиімді емес. Ол, сайып келгенде, жақындатпайды, тек климаттық саясаттың міндеттерін іске асыруды алыстата түседі»,- деп сенімділік білдірді Андрей Слепнев.

Осыған байланысты ЕЭК ЕАЭО-ның барлық мүше мемлекеті  Париж келісімінің қатысушылары болып табылатынын және өздеріне тиісті міндеттемелер қабылдағанын еске салды. Бұл ретте Одақ елдерінде қазірдің өзінде нарықтың жоғары үлесін энергетиканың «жасыл» түрлері, соның ішінде атом және су энергетикасы алып отыр, ал табиғи газ  экологиялық көздердің бірі болып табылады.

«Бүгінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің «көміртекті жинау» деп аталатынға қатысты  көптеген сұрағы туындайды. Бәрінен бұрын бізді осындай жинау қандай салаларға әсер ететіні және ол қандай нысанда қолданылатыны қызықтырады. ДСҰ келісімдеріне сәйкес бұл шараның біліктілігі де, бұл шараға қатысты біздің позициямыз да осыған байланысты болады»,- деп мәлімдеді  Андрей Слепнев.

Сөзінің қорытындысында министр 2020 жылғы 4 желтоқсанда Мәскеуде Бірінші Еуразиялық конгресс  (https://congress.eabr.org/)  өтетіні туралы, оның шеңберінде Еуроодақтың РФ-тегі елшісі Маркус Эдерер мен  РӨКО президенті Александр Шохинның қатысуы күтілетінін айтты.Іс-шара барысында дағдарыстық құбылыстарды бірлесіп еңсерудің және климаттық өзгерістердің сын-қатеріне сәйкес келудің практикалық қадамдарын талқылау жоспарланып отыр.

Анықтама

Еуропалық «жасыл мәміле» - 2050 жылға қарай Еуроодақ елдерінде қазбаларды пайдаланудан жаңартылатын энергия көздері мен шикізатқа көшу жолымен парниктік газдардың нөлдік жиынтық шығарындысына және қоршаған ортаның нөлдік жиынтық ластануына қол жеткізу жоспары. Іс-шаралардың мақсаты жаһандық жылынуға және қоршаған ортаның ластануына қарсы күрес болып табылады. Құжатты Еуропалық комиссия 2019 жылғы 11 желтоқсанда қабылдады.

Ынтымақтастық және инвестициялар жөніндегі халықаралық кеңес -шетелдік бизнестің Ресей билігімен диалогы үшін платформа ретінде 2008 жылы РӨКО құрған консультативтік орган. ЫИХК  Ресей экономикасына жетекші шетелдік инвесторларды, іскерлік қауымдастықтар мен сауда-өнеркәсіп палаталарын біріктіреді.​