Жүйеге кіру
ЕЭК-да электр энергетика бойынша Консультативтік комитеттің бірінші отырысы өтті.

ЕЭК-да электр энергетика бойынша Консультативтік комитеттің бірінші отырысы өтті.

27.11.2012

23 қараша күні Мәскеуде Энергетика және инфрақұрылым бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Даниал Ахметовтың төрағалығымен ЕЭК жанындағы электр энергетикасы бойынша Консультативтік комитеттің бірінші отырысы өтті.

Шараға Беларусь Республикасының Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Ресейдің энергетика министрлігі, Ресей Федерациясының Федералдық монополияларға қарсы қызмет, Ресей Федерациясының тарифтер бойынша Федералдық қызметі, сондай-ақ Кеден Одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің аса ірі энергетикалық компанияларының өкілдері қатысты.

Отырыстың күн тәртібіндегі негізгі сұрақ КО және БЭК елдерінің электр энергиясы мен қуатының жалпы нарығын жасаудың Тұжырымдамасы мен бағдарламасының негізгі ережелерін әзірлеу, сондай-ақ БЭК аумағында электр энергиясының жалпы нарығын қалыптастыру Тұжырымдамасының жобасын әзірлеуге техникалық тапсырманы қарастыруға қатысты болды.

«Таяу арада ЕЭК электр энергетикасының жалпы нарығын қалыптастырудың тұжырымдамасын дайындайды. Осы тұжырымдаманың негізінде маңызды бағдарламалық өнім әзірленіп, қабылданатын болады, ол жақын болашақта КО мен БЭК елдерінің жалпы электр энергетикасы нарығын қалыптастыруға мүмкіндік береді»,- деп хабарлады БАҚ өкілдеріне брифингте Даниал Ахметов. Оның сөзіне қарағанда, жалпы нарық инфрақұрылымға, үйлесімді заңнамалық қорға еркін қол жеткізуге, жаңа технологиялық нормалар мен стандарттарға негізделетін болады.

"Бірыңғай нарықтың болжалды құрылымының негізгі сегменттерінің бірі болып көтерме сауда нарығы табылады. Сондай-ақ, құрылымда орталықтандырылған сатулар, жүйелі және қосымша қызметтердің нарықтары мен теңгеруші нарық болады», - деп хабарлады энергетика және инфрақұрылым бойынша Алқа Мүшесі (Министр).

Ол ЕЭК-нің Ресей, Қазақстан және Беларусь елдерінің жалпы электр энергетика нарығын дамытудың баланстандырылған бағдарламасын әзірлейтінін атады. «Осы бағдарламаны қабылдағаннан кейін КО және БЭК елдерінің электр энергетикасын дамытудың ұлттық стратегиялары жеткілікті дәрежеде үйлестіріледі, сондай-ақ жалпы үдемелі мақсаттарды көздейтін болады», - деп түсіндірді Даниал Ахметов.

Энергетика және инфрақұрылым бойынша Алқа Мүшесі (Министр) айтып кеткендей, жалпы нарық КО және БЭК елдерінің энергетикалық кешендерінің тиімділігін арттыру бойынша бірегей міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. «Қазіргі уақытта Беларусь, Қазақстан мен Ресейдің негізгі қуаттарының тиімділік коэффициенті шамамен 60% құрайды. Бұл ортақ нарық есебінен осы көрсеткішті айтарлықтай көтеруге болатындығын білдіреді», - деді Даниал Ахметов.

Журналистердің бірыңғай нарықты қалыптастыру бойынша болжамды мерзімдері туралы сұрақтарына жауап бере отырып, Даниал Ахметов «жұмысқа Беларусь, Қазақстан және Ресейдің ең үздік мамандары тартылғандығын, сондықтан да бұл шараны қысқа уақыт ішінде аяқтауға болады. Біз 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін бұл міндет орындалады деп ойлаймыз» деп атап өтті.

Анықтамалық ақпарат:

Біртұтас экономикалық кеңістік мемлекеттерінің жалпы электр энергетикалық нарығын құрудың негізгі мақсаттары – ұлттық экономикалардың тұрақты дамуы мен мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұтынушылары мен электр энергиясының өндірушілері мүдделерін қорғау, электроэнергетикалық кешеннің экономикалық тиімділігі мен беріктігін арттыру, алғашқы энергия ресурстарын пайдалануды оңтайландыру және мемлекеттердің шикізаттық емес экспорттық әлеуетін кеңейту.

Электр энергиясының ортақ нарығының қызмет етуі ашықтық және кемсітушілік емес қол жетімдік, адал бәсекелестік, қол жетімдік пен қызметтер сапалылығы, халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарына сәйкестік, нарықтың транспаренттілігі, сондай-ақ әділ қатынастар мәдениетінің қағидаты сияқты негізгі қағидаларға сай жүргізілетін болады.

Жалпы электроэнергетикалық нарықты қалыптастырудан болатын әсер Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде де, шектес нарықтардағы да энергетикалық қуаттар мен инфрақұрылымды пайдаланудың тиімділігін арттыру, энергетикалық жобалардың инвестициялық тартымдылығы, электр энергиясын сату көлемдерін ұлғайтуда көрінетін болады. Нәтижесінде электр энергиясын теңдестірілген түрде тұтыну, электр энергиясын өндіруге шығындарды төмендету және шығарылатын өнімнің энергияны көп қажет етуін жалпы қысқарту қамтамасыз етіледі.