Жүйеге кіру
ЕЭК ЕАЭО елдерінде коронавирустың таралу салдарын еңсеру жөніндегі шаралар мониторингін жариялайды

ЕЭК ЕАЭО елдерінде коронавирустың таралу салдарын еңсеру жөніндегі шаралар мониторингін жариялайды

27.03.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің коронавирустық инфекцияның таралу салдарын еңсеру үшін қабылдап жатқан ұлттық шараларына тұрақты мониторинг жүргізеді.

Әлемде коронавирустың жылдам таралуы жағдайына орай ЕАЭО мемлекеттерінің үкіметтері мен ұлттық (орталық) банктері халықты және бизнесті қолдаудың әкімшілік, салық, кедендік-тарифтік, ақша-кредит және қаржылық шараларын тұжырымдайды.

Мониторинг коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға байланысты жағдаят мониторингі және жедел ден қою шараларын тұжырымдау жөніндегі уақытша үйлестіру кеңесінің қызметі шеңберінде жүзеге асырылады. Ол Комиссияда биылғы 19 наурызда құрылды.

ЕЭК сайтында ЕАЭО елдерінің шаралары туралы ақпарат тұрақты негізде өзектілендірілетін болады.​