Жүйеге кіру
ЕАЭО-ның орнықты даму жөніндегі форумы 9-10 сәуірде Минскіде өтеді

ЕАЭО-ның орнықты даму жөніндегі форумы 9-10 сәуірде Минскіде өтеді

27.02.2020

ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович пен Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысының Республика Кеңесі Төрағасының орынбасары, Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі ұлттық үйлестіруші Анатолий Исаченко 27 ақпандағы кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың Орнықты даму жөніндегі форумын өткізуді талқылады. 

Форум 9-10 сәуірде Минскіде өтеді. Оған ЕАЭО елдерінің министрліктері мен ведомстволарының, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, сарапшылар, кәсіпорын басшылары, бизнес топтарының өкілдері қатысады. Форумның пленарлық сессиясына Одақ мемлекеттерінің премьер-министрлері қатысады деп жоспарлануда. 

Форум бағдарламасы Еуразиялық интеграцияның әлеуетін және 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған орнықты даму саласындағы күн тәртібін іске асыруда озық халықаралық тәжірибені пайдалану мүмкіндіктерін талқылауды көздейді. Орнықты даму мақсатына (ОДМ) қол жеткізу жөніндегі шараларды әзірлеу, талдау және мониторингі, олардың тиімділігін бағалау саласындағы ойдағыдай практикалармен алмасу болады.

Тақырыптық сессиялар: орнықты даму мақсаттарын ұлттық және өңірлік дамудың күн тәртібіне енгізу, ОДМ-ға қол жеткізу мониторингінің әдіснамалық және статистикалық аспектілері, орнықты даму мақсаттары мен бизнесті жүргізу, мақсаттарға жетудегі инновациялар мен цифрландырудың рөлі сияқты бірнеше бағыт бойынша ұйымдастырылатын болады. 

Форумның ұйымдастырушылары - Еуразиялық экономикалық комиссия және Беларусь Республикасы. 

Форумға тіркелу.