Жүйеге кіру
Виктор Назаренко: «Одақтың ортақ нарығына тек сапалы әрі қауіпсіз өнім түсуі үшін сәйкестікті бағалау мен мемлекеттік қадағалау жүйесі нақ солай құрылуға тиіс»

Виктор Назаренко: «Одақтың ортақ нарығына тек сапалы әрі қауіпсіз өнім түсуі үшін сәйкестікті бағалау мен мемлекеттік қадағалау жүйесі нақ солай құрылуға тиіс»

IMG_1072.JPG
27.02.2020
Минскіде Беларусь Республикасы Стандарттау жөніндегі мемлекеттік комитеті алқасының отырысы барысында сөйлеген сөзінде ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Виктор Назаренко: «Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы саудадағы техникалық тосқауылдарды алып тастау, өнімге қойылатын бірыңғай міндетті талаптарға және оны осы нарыққа жіберудің бірыңғай рәсімдеріне бет бұру. Сәйкестікті бағалаудың және мемлекеттік қадағалаудың тиімді механизмін құру арқылы одақтық нарықты қауіпсіз емес өнімнен қорғауды қамтамасыз ету. ЕАЭО елдерінің өнеркәсібі шығаратын өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Бұл - Еуразиялық экономикалық одақта бірыңғай техникалық реттеу жүйесін қалыптастыру кезінде қол жеткізу қажет болатын үш негізгі мақсат», –  деп атап өтті. 
«ЕЭК өзара саудадағы шектеулер мен тыйымдарды алып тастауға, сондай-ақ ЕАЭО-ның ортақ нарығын қауіпсіз емес өнімнен қорғауға ерекше көңіл бөледі. Бұл ретте оны сыртқы нарыққа шығару үшін өндірілетін өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша Одақ мемлекеттерінің келісілген саясатының өзектілігі үздіксіз өсуде. Сол себепті Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары жобасында айналыстағы тауарлардың сапа кепілдігін, қауіпсіздігін және тұтынушылардың құқықтарын тиісінше қорғауды қамтамасыз ету бөлімі ең көлемді болып табылады. Ол 12 шара мен 30 механизмнен тұрады, оларды іске асыру 2025 жылға қарай техникалық реттеудің тиімді одақтық жүйесін құруға және санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдануға қарай жақындай түсуге мүмкіндік береді», –  деп атап көрсетті Виктор Назаренко.
ЕЭК министрі өнеркәсіп және бизнес өкілдерінің назарын Одақ елдерінде, соның ішінде Беларусь Республикасында қазіргі заманғы сапа инфрақұрылымын құру мәселелерінің өзектілігіне аударды. «Өнеркәсіп, әрбір сала, өнім өндіретін шаруашылық жүргізуші субъект бәсекеге қабілеттілік және сапа мәселелерінде өз мүмкіндіктері мен проблемаларын анықтағаны, сондай-ақ стандарттау және метрология органдарының мамандарымен бірлесіп оларды шешу бағыттарын тұжырымдағаны маңызды. Беларусь Республикасының Стандарттау жөніндегі мемлекеттік комитетінің жүйесі мемлекеттік биліктің барлық мүдделі органдарының, өнеркәсіптің және бизнестің ұлттық сапа инфрақұрылымын дамыту жөніндегі қызметінің үйлестірушісі бола алады», –  деді Виктор Назаренко. 
ЕЭК Алқасының мүшесі өнімнің міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау тақырыбын ЕАЭО елдері өнеркәсібінің мүдделерін қорғаудың негізгі құралдарының бірі және нарыққа қауіпсіз өнім түсуінің кепілі ретінде айтып өтті. «Одақ елдері сәйкестікті бағалау саласында елеулі проблемаларға тап болды, –  деп мәлімдеді Виктор Назаренко. –  Осы саладағы алақол органдардың қызметі жеткілікті негіздерсіз берілген сәйкестікті бағалау жөніндегі құжаттардың «нарығын» құруға алып келді. Еуразиялық экономикалық комиссия Одақ елдерінің уәкілетті мемлекеттік органдарымен бірлесіп қабылдап жатқан шаралар ревизия жүргізуге және сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың бірыңғай тізілімін осындай құжаттардан тазартуға мүмкіндік беруге тиіс». 
ЕЭК Министрі Виктор Назаренко ЕАЭО-да техникалық регламенттердің міндетті талаптарының орындалуын мемлекеттік бақылаудың тиімді механизмін құру қажеттігін атап көрсетті. «Еуразиялық экономикалық одақтағы міндетті талаптардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылау әрбір отандық өндіруші мен импортер Одақтың ортақ нарығына тек сапалы әрі қауіпсіз өнім жеткізуге болатынын түсінуі үшін нақ солай құрылуға тиіс. Иә, бұл қиындау болады, бірақ мұны Одақ елдерінің өнеркәсібін дамыту және біздің тұтынушыларымызды қорғау үшін жасау қажет», –  деді ол.