Жүйеге кіру
Бембя Хулхачиев ЕЭК-тің Қаржы саясаты департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

Бембя Хулхачиев ЕЭК-тің Қаржы саясаты департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

IMG09552.JPG
27.01.2021

Бембя Викторович Хулхачиев 1958 жылғы 27 шілдеде Элиста қаласында туған.

1984 жылы Ф.Э. Дзержинский атындағы Харьков заң институтын бітірген.

1984 жылдан бастап прокуратураның  тергеушісі, 1985-1993 жылдары Элиста қалалық халық сотының судьясы, кейін төрағасы болды.

1994 жылы Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының депутаты, Мемлекеттік Думаның Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, Мемлекеттік Думаның Ұлттар істері жөніндегі комитетінің мүшесі болып сайланды.

1997 жылғы шілдеден бастап Федералдық бағалы қағаздар нарығы комиссиясы (ФБҚК) заң басқармасының бастығы болып істеді. 1998 жылғы тамызда  ФБҚК хатшысы болып тағайындалды.

2002 жылғы маусымнан бастап 2004 жылғы маусымға дейінгі аралықта - «РТС Қор биржасы» коммерциялық емес әріптестігі консультациялық кеңесінің төрағасы.

2004 жылғы маусымнан бастап 2011 жылғы қыркүйекке  дейін аралықта Федералдық қаржы нарығы қызметі басшысының орынбасары болды.

2012 жылдан бері Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты блогында  басшылық лауазымдарда жұмыс істейді.

2021 жылғы қаңтарда ЕЭК-тің Қаржы саясаты департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.​