Жүйеге кіру
ГМО бар өнімдер айқын байқала түседі

ГМО бар өнімдер айқын байқала түседі

Depositphotos_33650639_s-2015.jpg
26.12.2018
26 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде гендік-модификацияланған организмдер (ГМО) бар өнімдерді таңбалауға қойылатын қосымша талаптар енгізіледі. Одақтық «Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімі» техникалық регламентіне енгізілген жаңа нормалар сатып алушыларға тамақ өнімдеріне неғұрлым саналы және дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік береді.
«ГМО» деген жазу енді одақтық нарықтағы өнім айналысының ЕАС бірыңғай белгісімен бірге ірі қаріппен қатар жазылатын болады. Бұл ретте ГМО белгісі нысаны мен мөлшері бойынша ЕАС белгісіне сәйкес болуға тиіс.
Тұтынушылардың тілектерін ескере келіп, бұл өзгерістердің әзірлеушісі «Роспотребнадзор» болды. Құжат ЕАЭО елдерінде жария талқылау мен мемлекетішілік келісуді қоса, қажетті барлық рәсімдерден өтті және өткен жылғы желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында қабылданды. Сол кезде бизнестің жаңа талаптарға бой үйретуі үшін он екі ай уақыт берілді.

Тамақ өнімдерін таңбалау туралы техрегламенттің бұрын қолданыста болған редакциясы тұтынушыларды «генетикалық модификацияланған өнім», «гендік-модификацияланған организмдерден алынған өнім», «өнімнің құрамында гендік-модификацияланған организмдердің компоненттері бар» деген жазулар түрінде ГМО-ның қолданылуы және құрамында болуы (0,9 % астам) туралы хабардар етуді өндірушілерге бұрын да міндеттейтін. Алайда бұл мәліметтер ұсақ қаріппен көрсетілуі және қатаң түрде белгіленген жерде орналаспауы, сөйтіп орамада бірден байқалмай қалуы мүмкін еді.
Техникалық регламент ГМО белгісінің жеңіл оқылуын және тамақ өнімінің бүкіл жарамдылық мерзімі ішінде көрініп тұруын қамтамасыз ететін тәсілмен таңбалануын талап етеді.
Комиссия Алқасының биылғы 10 мамырдағы шешімімен 18 айлық өтпелі кезең айқындалды, осы кезең ішінде ГМО қолдана отырып алынған тамақ өнімінің өндірісіне және Одақта айналысқа шығарылуына техрегламент белгілейтін таңбалау жөніндегі міндетті талаптарға сәйкес жол беріледі.
Мұндай тауарлардың айналысына дайындаушы айқындаған жарамдылық мерзімі ішінде жол беріледі.